Сабақ жоспарыҚосу және азайту. Математика 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
МАТЕМАТИКА 1 -СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту. Сабақтың мақсаты: 1. Қосу және азайту таңбаларымен таныстыру (+)және(-) таңбаларын енгізу арқылы қосу және азайту амалдарын жазуды үйрету. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Қосу және азайту амалдары ұғымын қалыптастыра отырып, олардың негізінде топтарды біріктіру және ажырату екенін көрсету. Сабақтың көрнекілігі: Кеспе таңбалар, цифрлар,заттық суреттер Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың мазмұны. І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн,достым,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің сәті.
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік болсын! ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Көршісін тап» ойыны

0...2...5,6...8..

«Сандарды тура және кері»

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 ІІІ. Жаңа сабақ: а) Үлестірмелі материалдардың көмегімен 1+1 деп жазып, 2-1 түсіндіру. ә) Оқулықпен жұмыс: Сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру. 1 шаршыға тағы 1 шаршыны қосқанда 2 шаршы болады. 1+1=2 1 дөңгелекке 1 дөңгелекті қосқанда 2 дөңгелек болады. 1+1=2 2 дөңгелектен 1 дөңгелекті алып тастаса,1 дөңгелек қалады. 2-1=1


Сергіту сәті: Бірден кейін тұрамын Бірден кейін тұрағым. 1-ді 1-ге қосқанда Мен шығамын шырағым. ҮІ. Жаңа білімді бекіту. 1) Бір бала сабаққа ерте келді.Одан кейін тағы бір бала келді. Қанша бала болды. 2) Дәптермен жұмыс «+».»-«таңбаларын қандай жағдайда қолдану керектігін түсіндіріп торқөздерге қажет сандарды жазу. Ү. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен +,- таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық? ҮІІ. Бағалау



© 2010-2022