Әдебиеттік оқу. 2 сынып. Тақырыбы: Торы құлын. Сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы,Әдебиеттік оқу. 2 сынып. Тақырыбы: Торы құлын. Сабақ жоспары

Көкпекті ауданы, Самар ауылы

«Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп» КММ

Аязбаева Сандугаш Едылгазыновна

Бастауыш сынып мұғалімі

















Сыныбы: 2 «Ә»

Пәні: әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Торы құлын»

















2014 жыл


Әдебиеттік оқу 2 сынып

Сабақтың тақырыбы

Торы құлын

Сабақтың мақсаты

4 түлік мал туралы, оның ішінде жылқы малын ерекше қадірлеу керек екендігін ұғындыру. Жылқы малының пайдасы туралы білімдерін толықтыру.

Сілтеме

2 сынып Әдебиеттік оқу оқулығы

Оқыту нәтижелері

Жылқы малынан алынатын тағамның құнды, мінсе - көлік ұғымы қалыптасады. Жылқының қасиетті жануар екенін түсінеді. Топпен жұмыс жасау арқылы сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді.

Түйінді идея

Жылқының пайдасы мол.

Сабақтың түрі

Сыни ойлау сабағы

Модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.


Әдіс -тәсілдері

Топпен жұмыс, миға шабуыл, АКТ (бейнекөрсетілім), «аялдамамен оқу», «түртіп алу», «сұқ саусақ», постер құру, топтық тапсырма, стикер тарату, шығармашылық тапсырма. Формативті бағалау, жиынтық бағалау.

Ресурстар

Оқулық, слайд, топтарға жазылған таратпа тапсырмалар, стикер, маркер, проектор, көрме құлыншақ ойыншығы мен құндыз терісінен жасалған бас киім, моншақ, садақ,

Сабақ кезеңдері

Әдіс - тәсілдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Қызығушылықты ояту

Психологиялық сәт.

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз.

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Оқушылар келген қонақтармен амандасады.

Топқа бөлу.

4 топқа бөліп аламын.

«Жұлдыз»

«Құндыз»

«Құлыншақ»

«Моншақ»

Топ ережесін анықтап алайық.

  • Өз ойыңды, пікіріңді анық жеткіз.

  • Басқалардың сөзін бөлмей, олардың пікірін аяғына дейін тыңда.

  • Өз пікіріңді дәлелде.

Топ басшысын сайлап алуы ұсынылады.

Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.

Топ ережелерін айтады.

Әр топтан 1 оқушы айтады.



Топ басшысын сайлайды.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Миға шабуыл»

1) Неге қазақ ежелден төрт түлік малды қастерлеген?

-Малды басынан ұрма деген.

-Малға теріс мінбе.

-Малды теппе, деген екен қазақ халқы.

2) Қойдың адамға пайдасы қандай?

Үй тапсырмасын смайликпен бағалап өтемін.

Төрт түліктің қайсысын алсақ та жесе - еті, ішсе - сүті, жылқы малын мінсе - көлігі, олардың терісі мен жүні де қажет.

Оқушылар қойдың адамға еті, жүні, сүті пайдалы деп айтады.

Бейнекөрсетілім.

Слайд

Бейнекөрсетілім көруге ұсынамын.

-Жылқы малы жасына қарай бірнеше топқа бөлінеді екен.

Бүгінгі сабақта біз жылқының ерекше бір қасиетін ашамыз.

Оқушылар бейнекөрсетілімді көреді.

1 оқушыға оқыту.

Мағынаны ажырату


Оқулықпен жұмыс

Аялдамамен оқу.

Сөздік жұмыс

Іштей оқу.



Тізбектей оқу.

«Сұқ саусақ» стратегиясы

Мұғалім оқиды.

Қазір мен өлеңді оқып беремін.

Өлеңді аялдамамен оқып сөздік жұмысты жүргізіп отырамын.

Әр оқушы ішінен оқиды.

  • Осы өлеңнін ішінде ұқсас сөздер көп, сол ұқсас сөздерді табыңдаршы.

Жоғары сыныпқа барғанда осы сөздерді теңеу сөздер деп өтесіңдер.

Тізбекпен оқу ұсынылады.

Сұқ саусақ арқылы оқитын топ анықталады.



Төбесі -шекесі (маңдайы)

Жып -жұмыр- домалақ

Құп -құлдыр- сопақша

Қандай? Заттың сынын білдіреді.

Тұруші еді, жүруші еді, салар еді, шабар еді -

іс -қимылды білдіреді.

Оқушылар тізбекпен оқып шығады.

Белгіленген топта әр оқушы 3 жолдан оқып береді.

Сергіту сәті


Қазір асыр салып«Қара жорға» биін билейік.

Оқушылар би қимылдарын көрсетеді.

Топтық тапсырма





Бейнекөрсетілім.



Электронды оқулық

Әр топқа тапсырма таратамын.

Мәтіндегі сөздерді пайдаланып, торы құлынды сипаттап жазыңдар.

1 топ - Басы ...

Көзі ...

Ерні ...

2 топ - Жағы ...

Мойны...

Жалы ...

3 топ - Саны ...

Құйрығы ...

Төбелі ...

4 топ - Жүні ...

Даусы ...

Ерні ...

Қараңдаршы мына суретке. Не көріп тұрсыңдар?

-Жылқы малына байланысты қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

-Жылқының пайдасы қандай?

Ендеше жылқының пайдасы туралы бейнекөрсетілім қараңдар.

Топтаса отырып ойланады, талқылайды, жылқыны сипаттап жазады.





«Үш шапалақ» бағалау























Бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу деп жауаптарын айтады.



Оқушылар жауаптарын айтады.

Ой -толғаныс

Постер құру

4 топқа бірдей тапсырма ұсынылады.

«Жылқы - қасиетті жануар».

Жылқының пайдасы туралы білгендерін анықтайды.

Бас бармақ арқылы бағалайды.

Өзін өзі бағалау

Бүкіл сабақ бойы алған білімдеріңді өздерін бағалайсындар.

Алдарыңда смайликтің үш түрі жатыр.

Оқушылар шығып смайликпен өздерін бағалайды.

Рефлексия

Стикер тарату

Сабақ сендерге ұнады ма?

Не үйрендіңдер? Стикерге жазып тақтадағы плакатқа жапсыру ұсынылады.

Сабақта не ұнағанын және не үйренгендерін стикерге жазады.

Үйге тапсырма

Шығармашылық тапсырма

Мұғалімнің қорытынды сөзі

1. Мәнерлеп оқу.

2. Қандай сұрағына жауап беретін сөздерді дәптерге жазу.

3. Үйде өзіңде үй жануары болса, соны сипаттап кел.

Мына құлыншақ қандай әдемі болса, сендерде мен үшін сондай әдемісіңдер.

Құлын өсіп ат болады,

Батырға серік болады.

Сендерді өсіп үлкен азамат болыңдар, халқына пайда келтіріңдер. Мен сендерге сенемін.

Оқушылар келген қонақтарға қарап бастарын иеді.

Сау болыңыздар!

Өлеңді түсініп оқып келеді.









































ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бастауыш сынып.

Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал,№6-2013ж.

2. С. Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері. Қарағанды., 2011ж.









© 2010-2022