Біз-ананың гүліміз атты ертеңгіліктің бағдарламасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 04.03.2015.

Тақырыбы: «Біз-ананың гүліміз».

Мақсаты:Балаларға аналар мерекесі туралы түсінік беру;аналарды,әжелерді

сыйлай білуге баулу.

Балалар қолдарына гүл ұстап залға кіріп,ортада тұрған әдемі вазаға гүл шоқтарын жинайды.Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: -Армысыздар,ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар және әріптестерім!

Армысыздар,ару қыздар,абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

«8-наурыз-халықаралық әйелдер күні» мерекесі құтты болсын!

Ал бүгінгі өздеріңізге арналған «Аяулы анам» атты мерекелік бағдарламамызды ашық деп жариялаймын.

Хор «Бөбектер» әні орындалады.

Құрметті аналар, балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!

Дияр: Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Ақмарал: Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Ақшолпан: Мереке күніңмен,

Қарсы алам өзіңді.

Ерасыл: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Жанерке: Әже,ана,әпкелер,

Құтты болсын мереке!

Осы келген ортаға,

Тілеймінз біз береке.

Інжу: Біздер доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Мерекеде бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Амира: Ақ сүтіңнің нәріне,

Тойып өстім,

«Көбелектер» биі.

Орындайтындар: Ақмарал,Адилия,Інжу,Нұршат,Тамирис,Амира,Ақшолпан.

Қимылды жаттығу: «Қарлығаш»

Ендеше балалар әжелерімізбен,аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Адилия: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

Мейірхан: Ана біздің күніміз,

Ананың біз күніміз.

Дәулет: Көктем қандай көңілді!

Күміс жаңбыр төгілді.

Сезім:Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын.

«Ақ мамам» әні орындалады.

Орындайтындар:Адилия,Дәулет,Нұршат.

Нұршат: Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Ерхан: Мені өсірген әжетай,

Еңбегің зор екен.

Құтты болсын,құтты болсын,

Құтты болсын мерекең.

Нұрқожа: Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам.

«Батырлар биі» Орындайтындар: Дәулет,Ерасыл,Нұрсұлтан,Ерхан.

Қимылды жаттығу: «Паравоз».

«Бантиктің түстерін ажырат» ойыны:

«Орыс биі» Орындайтындар: Дияр,Сезім,Мейірхан,Жанерке.

Хор «Әжеме» әні.

Жүргізуші: Бақшамызға көп еңбегін сіңірген,

Әр баланың жай-күйіне үңілген.

Бойларында жайдары мінез,жылу бар.

Қуанғаны жүздерінен білінген.

Келесі құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі: Д.Әнуарқызына,психолог:Д.Махметқызына,әдіскер:А.Табылдықызына беріледі.

Жайдары да,ақжарқын аналарымыздың көңілін көтеріп,бір ойын ойнатқым келіп отыр.

Ойын: «Шар жару».

Жүргізуші: Ана көзі күн нұрымен пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңдар ақ ниетті әжелер мен аналар!

Құрметті қонақтар,бүгінгі «Біз-ананың гүліміз»тақырыбындағы ертеңгілігіміз аяқталды.Сау болыңыздар!.





© 2010-2022