Тәрбие сағаты Ұлы Жеңіс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Ұлы ЖеңісТәрбие сағаты Ұлы ЖеңісТәрбие сағаты Ұлы ЖеңісТәрбие сағаты Ұлы ЖеңісТәрбие сағаты Ұлы ЖеңісТәрбие сағаты Ұлы ЖеңісТақырыбы: 9- мамыр Ұлы Жеңіс күні

Мақсаты:1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқудағдыларын ұштау.

3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген

ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл дыққа баулу.

Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың суреттері, буклеттер, оқушылар

салған суреттер,белгілі даталар, слайд

Тәрбие сағатының барысы:

- Құрметті қонақтар , оқушылар , мұғалімдер ! Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.

Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.

1 -оқушы:Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл - біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

2 -оқушы: 1941 жылы маусымның 22 - сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.

Мұғалім: Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

3 -оқушы: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 -ында бұрын - соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.

4 -оқушы:Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңіске 67 жылдығын атап өтеміз.

5-оқушы. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінеде қашалып жазылған.

6- оқушы: Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 68- көктемі де келіп жетті.

68 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,

68 жыл - шуақты күн таратты әнін.

68 рет - көктемде сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

7- оқушы. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

8-оқушы. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.

Жауынгер біздің саңлақтар,

Жауды жеңген солдаттар.

Ардақты Отан - ел үшін,

Бақытты туған жер үшін.

- Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухана бас иіп 1 минут еске алайық.

9-оқушы. 9 мамыр - Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Оқ борады күні-түн

Жатты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ оқты алып.

10 -оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград , Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті 1945 жылы 30сәуірде.

Ән. «Жеңіс туралы жыр» ( хор.)

11- оқушы. Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Азаттықтың жемісін.

12 - оқушы . Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

13- оқушы: Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

14 -оқушы. Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»

21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»

1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»

2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»

1 азамат:

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер

Ер басына күн туса, етігімен су кешер - деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?

Бәрі: Отан үшін аттанайық!

15 -оқушы: Бауыржан Момышұлы (1910-1982) - жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.

16 - оқушы: Жас ұрпақ, асыр сап

Шырқайды Ерлікті ән қылып,

Небір заңғар таулар құлазып шөесе де,

Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік

17-оқушы. Қасарысты жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты.

«Отан» деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.

18 - оқушы: Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,-

Ерлік даңқы - жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.

19- оқушы. Орыс , қазақ , қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған

Жайпап түсер жалын боп.

20-оқушы Жиырма сегіз, жиырма сегіз - бір ғалам,

Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Отан кең , артымызда Москва.

Шегінуге хақымыз жоқ , хақымыз жоқ бір қадам.

1 тапсырма: Тірек сөздер жазу

Бақыт қуаныш

Отанды қорғау ЖЕҢІС бейбітшілік

1945жыл 9 мамыр

2 тапсырма: Мақал -мәтелдер айту

21 -оқушы: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.

Көрініс: «Жеңіс»

Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.

«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

22 -оқушы: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні.

Жеңіс! Ұлы Жеңіс!

Сүйінші , халқым сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз!

23 -оқушы: Кек қайтарып фашистен ,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той мереке!

24 -оқушы: Жеңістің туы жалтылдап,

Жығылмай мәңгі тұрады.

Сол тумен өскен аршындап,

Ерлердің бізбіз ұланы!



Хор: Әрқашан күн сөнбесін.



© 2010-2022