Қонақ күту дәстүрі тәрби сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қонақ күту.

Халқымыздң игілікті дәстүрлерінің бірі -қонақ қабылдау. Қонақ қабылдауға байланысты бірнеше дәстурлі тәртіп бар. Мысалы, құрметті қонаққа мал сойып, бас тартады. Бұл әдет-ғурып осы уақытқа дейін сақталып келеді. Халықтық әдет бойынша қазақ үйіне ешбір жолаушы баса-көктеп кірмеген. «Үйде кім бар?» деп дауыстайтын. Үйдін үлкені сыртқа шығып, қонақты карсы алатың болған. келген қонақты қарсы алып, қалай құрметтейтініне мына өлен үзіндесі дәлел.

Сырттан келген мейманға

Сәлем беріп қол алсаң,

Бірінші етек құрметің.

«Тусініз» деп, түс беріп

Шылбырына оралсаң,

Екінші етек құрметің.

ірікпесең барынды

Қонақ жайлық солдағы,-

деген өлең шумақтары халқымыздың берекелі, ақпейіл, адамдық дарқан көңілін білдіреді.

Халқымыздың қонақ күтуі, қонақ болып қыдыруды дәстүрлі салтының бірі деп білген. Сондықтан да: «Асың барда ел таңы - беріп жүріп, атың барда жер таны- желіп жүріп» дейді халқымыз. Ер жігітке ел көріп, көппен араласып, жұртшылықтың жағдайын түсіне білсе, оң-солын айырып, салт-дәстүрлерді меңгіріп кетсе дегендей кеңес бұл.

«Қонақпен еріп, кұт келеді» деген сенім бар. Ертеден қонағын қарсы алған отағасы есігін өзі ашып, алдымен үйге қонағын кіргізген. Ал шығарып саларда үй есігін қонақтың өзіне ашқызған.

Балабақшадағы тәрбие жұмыстарын кешенді ұйымдастыра тырып, осындай дәстүрді ойын-ермектер арқылы олардың өздеріне орындатып, жаттаттырып отыруды ұмытпаған жөн. Мысалы, «қонақ күту», «Қанаққа бару», «Туған күнін» атап өту сияқты т.б. ойындар өткізу арқылы балаларды өз беттерімен түрлі ойындар өткізу арқылы балаларды өз беттерімен түрлі ойындар оқиғаларын ойдан шығарып, ойнауға жаттықтыру. Әрине, бұлар сол топтағы «Әдеп -ғұрып, салт- дәстүр» Бұрышында немесе бөлмесінде ұйымдастыру қажет.

Қонақ күту дәстүрі


Мақсаты: 1. Балаларға білім бере отырып, ұлттық тәрбие дәстүріне

тәрбиелеу.

2. Қазақ халқының қонақжай, меймандостық дарқандығы

ғана емес, жаны жайсаң, адамдық рухының биіктігн

көрсететеді.

3. Ата-бабаларымыздың аяулы салт-дәстүрлерін, тәрбиелік дәрісін кішкентай жас бүлдіршіндер бойына қалыптастыру, инабаттылыққа,еңбекке, жақсы мінез- құлыққа тәрбиелеу, ана тілін ардақтап, асыл сөздерді бағалай білуге үйрету.

Қонақ күту дәстүрі тәрби сағатыКөрнекіліктер: 1.Киіз үйдің жабдығымен жабдықталған ән-күй залы.«Хош келдіңіздер» деп жазылған плакат.

2.Тұрмыстық тұтынатын заттар: киіз үй,

жиһаздар.

3.Ұлттық тағам түрлері: ет,сүт, ұннан жасалған

тағамдар.

4. Буклет: «Қазақтың ұлттық тағамдары»

5. Күй ойнатқыш.

6. Ұлттық тағамдар туралы кітаптар.

7. Балалар, тәрбиеші, Ақ әже ұлттық киім

киеді.

Сабақтың барысы:1.Балалар тәрбиешімен бірге киіз үйдің ішіне

келіп, айнала отырады.

2. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

Бүгін біз балалар,халқымыздың ең бір жарқын дәстүр- қонақ күту жөнінде, оған сый-сияпат көрсету туралы әңгімелесеміз.Өзіміз де көп қонақтарды қарсы аламыз, құрмет көрсетеміз.

Біздің халқымыз қонақжай, сендер кішкентай болсаңдар да байқап жүрген шығарсыңдар, үйге келген адамнан әке-шешелерің ештемесін аямай, барын дастарханға қояды.

Тіпті ерте кезде қонағы риза ьболсын деп,ештеңесі болмаған кезде, астындағы жалғыз атын да сойып береді екен.Міне, біз осындай жомарт жанды бабаның ұрпағымыз.Қазақ халқының қонақжайлылығы, оның берекелі дастарханы туралы аңыздар, пікірлер әлемге әйгілі десек те артық айтқанымыз емес. «Қырықтың бірі - Қыдыр» деп,ата-бабамыз үйіне кеген қонаққа ерекше мән беріп, танымаса джа одан бәрін аямаған.

  • Кәне, балалар жақын күндері кімнің үйлеріне қонақ келеді.

(БІрнеше баладан сұрау.)

  • Ал, кәне, балалар,бізге қонақтар келе жатыр.

Бәрі орындарынан тұрып, қонақтарды отырғызады.

Тәрбиеші: Бүгін мен балаларыма қонақ күту, сыйластық, қазақтың жомарттығы туралы айтып отыр едім: Сіздер жақсы келдіңіздер. Енді осы ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып келе жатқан қонақжайлық, оған тән басты қасиет кішіпейіл, жомарт, кеңпейілділікті балаларымыз қалай үйреніп,көңілге тоқып жүр, соны байқайық. Сіздер өз білгендеріңізді ортаға саллып отырыңыздар.

Тәрбиеші: Кәне балалар қонақжайлылық туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

«Қонақ келсе, құт келер»,»Қонағын сыйласа, төрге шық»,

«Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз», «Қонағыңдың алтынын

алма,алғысын ал», «Болар бала конаққа үйір», «Сыйларға асың болса,сыйларға тілің болсын».

  • Балалар, осы мақалдардан-ақ қазақ халқының қонақжайлылығы көрініп тұр емес пе?

  • Үйге келген қонақ қайда отырады?

Қазақтың ұлттық дастарханында ертеде пайдаланылған

тамақтардың негізгі түрлері: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік.

Кейін дақылдар да енді. Олар: тары, арпа, бидай, күріш, жүгері.

()()



















































© 2010-2022