Ақсақалдың батасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мұзафар Әлімбай. «Ақсақалдың ақбатасы»
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. 46 - 48 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ақынның өлеңі арқылы үлкеннің ұлағатты батасының маңыздылығын ұғындыру; Жуан және жіңішке жұп дауыстылардың өзара ұқсас дыбысталуын, сөздердің жуан және жіңішке айтылуынан дауысты дыбыстардың әсерін түсіндіру;
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқуға дағдыландыру, дұрыс сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілігі: Үлкенді құрметтеуге, оларды тыңдай білуге тәрбиелеу және саналылыққа, зерделілікке және шығармашылыққа баулу;

Көрнекілігі: вагондар суреті, кубик, алма ағашы суреті, қима қағаздар, домино корточкалар;
Әдесі: топтастыру, ой қозғау, сәйкестендіру, Венн диаграммасы;
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық: Шаттық шеңберіне тұру.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
- Балалар, көңіл - күйлерің қалай? Егер жақсы болса қол шапалақтаймыз.
- Сабаққа дайындығымыз қалай? Егер сабаққа дайын болсақ, қол көтереміз.
Міне, осындай әдемі де, әдепті екенімізді бүгінгі сабағымызда көрсете білейік.

ІІ. Үйтапсырмасы
1) 45 - жаттығу. Өлеңдікөшіріп, жуан, жіңішкедауыстылардыата.
2) Ә. Асылбековтің «Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу.
(Өлеңді бес оқушыға оқыту)
Ендеше, ата ақылын жеке - жеке саралап көрейік.

Әңгімемізді мына суретпен жалғайық.(Сурет бойынша әңгімелеу)
- Үлкенге көмек қолын бергенімізде, қолғабыс жасағанда, олар ризашылығын білдіріп, бізге қалай жауап береді?
- Рахметін айтып, бата береді.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Міне, бүгінгі «Әдептілік әліппесі» өлеңі арқылы бізде атаның ақыл сөздерін ойға түйіп, үнемі есімізде сақтауымыз керек. Күнделікті өмірде де, үлкендеріміз тек ақыл айтып қоймай, жақсы нәрсе істегенімізде мақтап, мадақтап бата беріпжатады.

ІV. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда үлкеннің ұлағатты сөздерінің бірі - батамен таныс боламыз. М. Әлімбай «Ақсақалдың ақбатасы» өлеңі.
1. М. Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т. б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. «Менің Қазақстаным», «Құрыш қазақ», атты лирикалық поэмаларында Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікті жырлайды.
2. Қазір, Мұзафар атаның «Ақсақалдың ақбатасы» өлеңің тыңдайық. Өлеңді мәнерлеп айта отырып, түсіндіру.
3. Тізбектей оқыту.
4. Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.
Ойлауға даңғыл бол - бұл жерде: ойың кең, ұшқыр болсын деген мағынаны білдіреді.
Ақылға кемел бол - ақылды, зерек бол дегенді ұғындырады.

Атаның ақылын естіп, баталы сөздерін тыңдап өскен әр бала жаман іс - әрекеттен аулақ жүрері сөзсіз. Осы турасында берілген мақалдарды оқимыз.(мақалдарды оқушыларға оқытып, түсінгендерін сұрау, және оларды толықтыру)
Әрине, үлкен бізге әрдайым сілтеу беріп, жақсы жолмен жүруімізге үнемі көмегін беріп отырады.
Осы ретте жанұя мүшелерін атап өтейікші.
Ата, әже, әке, ана, бала.
Ата, әже, әке, анна сөздері қалай дыбысталып тұр?
Ата, ана - жуан, әже - әке сөздері - жіңішке айтылады. Себебі, дауысты дыбыстар жуан (жіңішке) болса, сөз жуан, жіңішке естіледі.
Бүгінгі сабақта, осы жуан және жіңішке дыбыстардың ұқсас дыбысталатынына назар аударамыз.

V. Сергіту сәтін өткізу
46 - жаттығу. Сөздерді салыстыра оқыңдар. Жаттығуды орындау мақсатында «Паровоз» ойынын ойнату.
Пойыз жүру үшін вагондарды тіркейміз.
Жуан дауыстылар: сан - нан - боз - от - ыс - тыс - ұн - тұс;
Жіңішке дауыстылар: сән - нән - бөз - өт - іс - тіс - үн - түс;
Сөздер бір - біріне ұқсас бірі жуан, бірі жіңішке дыбысталған.
- Сөз мағынасы өзгерді ме?
- Өзгерді.( Сөз мағыналарын түсіндіріп өту)
Венн диаграммасы.

Ереже
А - ә, о - ө, ы - і, ұ - ү - жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады.
Ой - қозғау. Осы берілген сөздерге сөйлем құра.(2 - 3 оқушыдан сұрау)
47 - жаттығу. Жаңылтпашты тездетіп, дұрыс оқыңдар. Жаңылтпашты «сәйкестендіру» стратегиясын пайдаланып, дұрыс құрастырып, шығару.
- Сөздердегі ә дыбысы қалай естіліп тұр?
- Жіңішке, себебі ә - жіңішке дауысты дыбыс.
Өздерің қандай жаңылтпаш білесіңдер? (1 - 2оқушыдан сұрау)

Шығармашылық тапсырма. Оқушылармен жеке жұмыс.
1. «Домино» құрастыру арқылы сөйлем құрау.
А) Отан - елдің анасы.
Ә)Мақал - сөздің көркі.
Б) Кітап -білім бұлағы.
2. Дыбыстық талдау жасау.
А) Дәулет
Ә) Сән
Б) Еңбек
3. Ұйқасын тап.
Ақылды ата
Береді.... (бата)

48 - жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз. (Тақтаға айта отырып жаздыру)
Ауа, әуе сөздері қалай айтылған? (Қайсысы жуан, жіңішке айтылып тұр)
Адам табиғаттың қай тобына жатады?
Тірі табиғатқа тағы нелер жатады?

Қорытындылау.
Міне, адам өмірге келген соң бәрін білу керек. Ол үшін көп оқып, көп білу керек. Ал бүгін біз не білдік, не үйрендік?
- Дауысты дыбыстардың өзара ұқсас дыбысталуын.
- Атаның баталы сөздерін.
Кубизм ойынын ойнау;
Сұрақтары: 1. Атаның баласы қандай болуы керек? Айтыңыз, түсіндіріңіз
2. Ата сөзі неше буынды сөз? Неліктен, түсіндіріңіз
3. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.
4. Әже, әке сөздері қалай дыбысталып тұр? Түсіндіріңіз, дәлелдеңіз.

Міне, бүгінгі өткен тақырып бізге үлкен әсер бергені сөзсіз. Сабағымызды атамыздың ақ батасымен аяқтайық. (Атаның оқушыларға берген батасын слайд арқылы тыңдау)
Үйге тапсырма. М. Әлімбайдың «Ақсақалдың ақбатасы» өлеңін жаттау;
Мақалдарды көшіріп, жатқа айту;
Бағалау

© 2010-2022