Тілім менің - тірлігім! Тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: "Тілім менің -тірегім!"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ана тілін білудің маңызы жайлы айту, ана тілін үйрету;

Дамытушылық: Ана тіл туралы өлең, тақпақ, нақыл сөздерді айттыру арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; Тәрбиелік: Ана тілін сүюге ,ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Тіл туралы нақыл сөздер. Буклет. Шарлар, гулдер т.б. Сабақтың барысы: Армысыңдар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 3"Ә" сыныпының 22-қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай өткізіп жатқан "Тілім менің-тірігім!" атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

Балалар, ана тілімізбен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі-оның орасан зор байлығында. Тіл мәселесі қазір ең шешуші мәселе болып отыр. Қандай табыстарымыз бар? Оқушы: Біріншіден, Қазақстан 1991жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіз ел атанды. Оқушы: Екіншіден, ана тіліміз -қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп,

"Тіл туралы" заң қабылданды. Оқушы: Үшіншіден, 1998 жылдың қаңтарында Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес "22-қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні" деп жарияланды.

Мұғалім. Балалар, ана тілі үшін , елі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыздар?

Оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов

Оқушы: Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай. Оқушы : Сакен Сейфуллин , Беймбет Майлин , Илияс Жансүгіров және Қайрат Рысқұлбеков

Мұғалім. Онда тіл туралы қандай өлең-тақпақтар білеміз? Оқушы. Қуан, далам! Қуанатын күн бүгін Серпіп таста Мұңды жүрек түндігін. Тіл туралы заңым енді күшіне Паш еткендей Кескен жаңа кіндігін. Оқушы Қуан,бабам! Қуанатын жөнің бар Деген едің "Тіл бар жерде өмір бар Халық жауы атандың-ау сол үшін, Ғұмырыңды құрбан етіп жолында ар. Көрініс: "Менің тілім өлмейді" Түрме іші. Қайрат дауыстап өлең оқып отыр. Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер , Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Тергеуші екі күзетшісімен кіреді Тергеуші: Не туралы оқып отырсың? Бүгін сенің жазаланатын күнің , білесің бе? Қайрат: Білемін. "Ана тілім" туралы өлең оқып отырмын. Тергеуші: Айтар ақтық сөзіңді айтып қал. Қайрат: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген Құшақ жая таныстым сан тілменен. "Жаман үйді қонағы билейді" деп Қала жаздап айырлып өз тілімнен. Өзге тілге еліктеп ел болмайық, Қазағымның артығы жоқ өз тілінен. Тергеуші: Әй, оңбаған , шыныңды айт (Қағазды беріп) Орыс тілінде жаз не болғанын! Қайрат: Мойныма алдым жаланы Туған жердің намысы. Бөтен қолда кетпесін Титыққа орыс жетпесін. Тергеуші: Әкетіңдер! Атыңдар! (Қайратты алып кетеді) Мұғалім. Иа теңдік бостандық , тәуелсіздік елімізге оңай келген жоқ. Қаншама асылдарымыз құрбан болды. Солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков ағаларың еді. Мұғалім. Енді мына жазуға көңіл аударайықшы Тіл адамның қандай құралы? Тіл-----қатынас құралы Тілдің қандай түрлері болады? (Ащы, бал, қазақ тілі, ананың тілі, баба тілі) Олай болатын болса кезек өздеріңде Оқушы Қасиетің ана тіл, аз ба сенің, Өзің барда ескірмес, тозбас елім. Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып, Мұқағали отты өлең жасбас еді. Оқушы Асанқайғы, Жиренше Сөйлеп өткен-қазақ тіл. Жәнібек пен Қойлыбай Сыйлап өткен-ғажап тіл. Ата-анамыз әлдилеп Уатқан бізді баба тіл. Оқушы Сол туған тіл атауы - Ежелгі біздің қазақ тіл. Осы тілді жек көрген, Дүниеден қалар құр. Бағаласақ шынымен, Баба тілі асыл дүр. Хор: "Анамның тілі-аяулы үні Оқушы Тілім менің-тірегім! Осы тілде шежірем, жырым менің. Асанқайғы арманы Қорқыт күйі- Тағдырыммен тамырлас мұңым менің. Оқушы Тілім менің-тірегім! Жауға айбарым, ұраным, туым менің! Найзасымен тең ұстап ана тілді, Намысымды қорғады Сырым менің?! Оқушы Тілім менің-тірегім! Тіршілігім , тынысым, құным мені Бас бергенмен Махамбет тіл берген жоқ, Тіл кесілсе, не болмақ күнім менің. Оқушы Тілім менің-тірегім! Ұлы Абайдай ,Мұхтардай пірім менің! Тұнығым, рухани жан азығым, Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім Хор: "Жаса Қазақстан!" Оқушы Ана тілім, жүрегісің анамның, Жүрек- ана , мен өзіңнен таралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз саған керегі жоқ ғаламның Оқушы. Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан, Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам. Анашымды ұмытқаным емес пе, Ана тілім егер сені ұмытсам?! Сенің әрбір тынысыңнан кун кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Ел бетіне қалай тура қараймын, Ана тілім егер сені білмесем ?! Оқушы. Тілім барда қазағым бар, халқым бар, Дәстүрім бар, ата жолым, салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы, Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар. Оқушы. Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек, Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек? Өзімізді-өзіміз қорлағандай,боламыз, Қошеметтеп басқаны біз "Жөн" десек. Оқушы. Бір қазағым орысшалап бастайды, Екіншісі шатып-бұтып қоштайды. Қайран қазақ "Дәрежеге жеттік" деп, Өз тілінде жағын мүлдем ашпайды. Оқушы. Тілімізге келеміз тұрақтамай, Ана тілін жүрміз-ау түк ақтамай. Жиындарды бастасақ басқа тілде, Бабалардан туады сұрақ қалай?! Оқушы. Ана тілі асыл күні бабамның, Қуатымсың ақ сүтіндей анамның Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап, Туған тілді жаттап өскен баламын. Оқушы Ақиқатты мойындайық қазір біз, Тіл-мәртебе, ұлт мерейі емес пе, Мәңгі бақи шырқалатын әніміз. Би: "Қамажай" Мұғалім. Ендігі кезекті тіл туралы мақал-мәтелдерге берелік Оқушылар кезекпен Ең тәтті де-тіл, Ең ащы да-тіл. Ең жұмсақ та-тіл Ең қатты да-тіл. Тіл буынсыз- ой түпсіз. Піл көтермегенді-тіл көтереді. Шешеннің тілі-шебердің бізі. Бас ойлағанда-тіл тыныстайды. Әділ тіл-ақыл таразысы. Тілмен байлаған-қолмен шешілмес. Қызыл тіл қылыштың жүзіндей. Би: "Қара жорға" Мұғалім. Бүгінгі тәрбие сағатынан не білдік? Оқушылар. -Тіл-адам мен адамды жақындастырады. -Тіл арқылы оқып білеміз. -Тіл-зұлымдықтың да бастамасы. -ТІл-өтірік пен күнәнің де құралы. -Тілдің қуаныш пен қайғы әкелетінін де білдік. Мұғалім. Сонымен балалар тіл туралы біраз нәрсені білдік. Барлық оқушылар: Қуан, анам , ұзағынын сүйініп. Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп. Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді. Пір тұтамын, мен алдыңда иіліп

Хор: "Әрқашан күн сөнбесін" Осы әдемі әнді тыңдай отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Хош сау болыңдар!!!





© 2010-2022