ҚМЖ тақырыбы Қазақ халөының дәстүрлері

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ : Бейнелеу өнері - «Қазақ халқының дәстүрлері»

Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Таңатаров Нүртас Тілепұлы

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқыту мақсаттары

  1. Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен формаларды ажырату

1.1.3.1. Өнердегі бейнелер /образдар/ мен формаларға қатысты идеяларды талқылау

және сұрақтар қою

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысады

Музыкалық аспаптардың түрлері мен формаларын ажыратып, олардың неден жасалғанын біледі

Оқушылардың көпшілігі:

Музыкалық аспаптардың түрлерін ажырата білуді үйренеді

Кейбір оқушылар:

Өз қолдарымен музыкалық аспаптар жасауды және олардың нобайын сызуды үйренеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: Тірек сөздер:

Қолда бар материалдар - подручные материалы - found materials

Әзірлеу - разработка - drafting

Сөйлеу/жазу үшін қажетті лексика мен терминология:

Талқылау тақырыбы:

Қазақың музыкалық аспаптарының түрлері мен пішіндерімен қалай ажыратуға болады?

Сөйлеу/жазу үшін қарапайым пайдалы сұрақтар:

... шулы аспаптан қандай дыбыс шығады?

... дауылпазды не үшін пайдаланады?

... домбыраны неге шекті аспап деп атайды?

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғажайып көлік түрлерімен және ғарыш туралы білді. Түрлі-түсті қағаздармен жұмыс жасап үйренді. Аппликация, қию, өлшеу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-3 минут

4-6

7-17

Сабақтың ортасы

18-22

Сабақта ахуалды орнату үшін халықтық музыка әуенін қосып қоямын. Оқушыларға бүгінгі сабағымыз қазақ халқының ұлттық саз аспаптарымен танысытындарын айтамын.

Оқушыларды саз аспаптарының түрлерін таратып беріп сол бойынша топқа бөлемін.

«Аспаптарға қара» тапсырмасы музыкалық аспаптарды зерттеуге бағытталады. Оқушыларға аспаптарды қарап шығу тапсырылады. Оқушылардан қазақ халқының қандай аспаптарын білетіні сұралады. Ол аспаптардың қандай материалдан жасалатыны сұралады.

Қазақ халқының музыкалық аспаптарына дауылпаз, асатаяқ, қобыз жататынын айтып, оларға назар аудару сұралады.

«Сен білесің бе?» айдары. Оқушылар музыкалық аспаптардың шығу тарихымен таныса отырып, олардың қазіргі кезде қандай маұсатта қолданылып жүргенін әңгімелеп беремін.

«Зертте» айдары. Оқушылардын дауылпаз, асатаяқ, қобыздың үні шығу үшін не істеу керек екенін сұраймын. Оқушылардың жауабынан кейін аспаптардың үні жазылған бейнематериал көрсетемін.

«Ойлан» тапсырмасында оқушылар сапаптардың не себепті ішекті, шулы, ұрмалы деп аталатыны сұралады.

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға оқулықтағы аспаптарды көзбен көріп айырмашылықтарын ажырата алу тапсырылады. Гитара, маракас, барабанның суреттеріне қарай отырып оларды ажырата алулары керек.

Оқушылармен ойын. Сабақ басында таратылып берілген қолдарында бар музыкалық аспаптдың түрін айтамын, оқушылар аспаптардың айтылған түріне байланысты орындарынан тұрулары керек.

«Анықта» айдары. Оқушылар алдына қайталама материалдар қойылады. Бұл заттардың не үшін берілгенін сұрау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамын. Осы материалдардан қандай музыкалық аспап жасауға болатыны сұралады.

Жұмыс дәптерімен жұмыс. Әр суреттің астына аспаптардың түрін жазу тапсырылады.

«Орындап көр» айдары. Бұл айдарда оқушылар берілген материалдарды қарай отырып, қандай музыкалық аспап жасауға болатындығын анықтау тапсырылады. Содан кейін олардың таңдаған болашақ аспаптарының нобайын салу тапсырылады. Өздерінің болашақ аспаптары туралы сипаттап беру сұралады. Ол аспаптың қай түріне жататындығы сұралады.

Сабақты берілген тапсырманы бекіту үшін оқушылардан қандай аспапты таңдағандарын, оның қай аспап түріне жататынын сұрау.

Қазақтың халықтық аспаптарының фотосуреттері. Аудиожазбалар. Қайталама материалдар /пластикалық бөтелке, жарма түрлері, картон, таяқшалар, жәбек жіп, скоч. Оқушылар альбомдары, қарындаштар

23-27



28-32

33-35

36-42

43-45

Сабақ соңында

Құрал-жабдықтарды жинастырамыз

Қосымша ақпарат

Дифференциация/ жіктемелеу-сіз балаларға қолдауды қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Бағалау - сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарайсыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Шығармашылық тапсырма нәтижелерін жіктемелеу.

Зерттеу міндеттерін үлгілеуді мұғалім альбомын көрсету жолымен жүзеге асыру.

Оқушылардың бір-біріне көмектесуі арқылы бірлескен жұмысына қолдау көрсету.

Оқушылардың нақты атқарған жұмыстары, салған нобайларымен құрған жоспарлары бағаланады.

формативті /қол соғу, смайликтер беру, жұлдызша беру, мадақтау/

Топпен жұмыс, пікірлерге түсінікпен қарау, достарына құрмет сезімін ояту,

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары\оқу мақсаттары жүзеге асты ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақ ахуалы қандай болды?

Жұмысқа жіктемелі қарау өз нәтижесін берді ме? Берілген мерзімге үлгердіңіз бе? Өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізер едіңіз және неліктер?

Қортынды бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді

1.

2.

Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?



© 2010-2022