Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Пәні: Дүниетану

2 «ж» сынып


Тақырыбы:

Құстар

Мақсаты:

1. Мәтінді түсініп оқуға төселу. Құстардың алуан түрлілігі туралы оқып үйрену.

Күтілетін нәтиже:

1. Мәтінді түсініп оқуға төселеді. 2. Құстар туралы мәлімет алады, оларды ажырата біледі. 3. Құстардың табиғаттағы ролін ұғына отырып, өмірмен байланыстыра біледі.

Керекті жабдықтар:

Суреттер, кестелер, оқулық.

Тапсырмалар:

Топтық, жұптық, жеке.

Әдістер:

«Шынжыр» әдісі, «Кір жаятын жіп» әдісі, «Қапшықтағы фасоль» әдісі.

Акт

Слайд, құстар дыбысы, бейнеролик.

Бағалау

Қолпаштау,басбармақ,бағдаршам.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1.Психологиялық көңіл-күй туғызу

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын

Аптаның бұл күні

Сәттілікке толсын

2.Сыныпты топтарға бөлу.

Суреттегі құс атауларына қарай «Аққу», «Қыран», «Бұлбұл», «Қарлығаш» топтарына бөлу.

«Аққу», «Қыран», «Бұлбұл», «Қарлығаш» топтарына бөлінеді.

Тұсау кесер

І. Үй тапсырмасын сұрау. («Шынжыр» әдісі арқылы)

І топ.

Жануарлардың тіршілік ортасы.

ІІ топ.

Жануарларға қажетті жағдайлар.

ІІІ топ.

Жануарлардың қоректенуі.

ІV топ.

Жануарлардың табиғатқа бейімделуі.

Бағалау.

ІІ. Жаңа сабаққа көпір жасау.(«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы)

Жұмбақтар жасыру.

-Жұмбақтың шешуін бір сөзбен қалай атаймыз?

Топтастыру.

Құстар

Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»

Оқушыларға құстардың дыбысын тыңдату.

-Бұлбұл ұясын биік бұта басына салады. Ол сайрауық құс, тамаша әнімен көңілімізді шаттыққа бөлейді.

-Қарлығаш балапандарының аяғын қылмен матап тастайды, ол татулық пен бірліктің белгісі.

-Аққу - 30-40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек, жылан да аққудың жұмыртқасына тиіспеген.

-Тоқылдақ - орман емшісі. Ол жыл сайын ұясын ауыстырып отырады. Ағаш қуысынан балапандарын қанаттандырғанша ұзамайды екен.

- Құр - қардың үстінде шанамен сырғанағандай артына із қалмайды. Себебі, қыста табанының астына мамық қауырсын өседі екен.

Бейнеролик Биші құстар

Әр топ өз тапсырмаларын айтады.



«Басбармақ» арқылы

-Құстар

Оқушылар дәптерлеріне жеке жұмыстанады.

Құстардың дыбысы арқылы топтар қай құстың дыбысы екенін ажыратып, суреттерін тақтаға іледі.

Негізгі бөлім


І. Оқулықпен жұмыс

Мәтін 4 бөлікке бөлініп, әр топқа беріледі. Әр топ өз бөлімдерін оқиды.

«Қапшықтағы фасоль» әдісі арқылы әр топтан түсінгендерін сұрау.

Әр топқа жуан және жіңішке сұрақтар қою.

-Түйеқұс пен дуадақ неге ұша алмайды деп ойлайсың?

-Қыран құстарды қазақ халқы қандай кәсіп түріне пайдаланған?

-Бөдене жерге қалай қонады? Оны қай шығармадан білесіңдер?

-Бұлбұл жыл құсына жата ма? Туған өлкеге қай кезде оралады?

Бағалау.

Сергіту сәті:

ІІ. Сәйкестендіру.

-Балалар, тақтаға қарайықшы, не байқап тұрсыңдар?

-Осы суреттердің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар: Құстар /2-сынып/

ІІІ. Шығармашылық жұмыс.

І топ.

Құстарға байланысты тыйым сөздер жазу.

ІІ топ.

Құстарға байланысты теңеу сөздер жазу.

ІІІ топ.

Құстарға байланысты халық болжамдарын жазу.

ІV топ.

Жұптық жұмыс. Дәлелдеу.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Шегіртке ұшатын болғандықтан құсқа жатады.

Мен келіспеймін,

өйткені

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жарғанаттың қанаттары бар, сондықтан ол - құс.

Себебі:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тасбақа жұмыртқа салады, сондықтан ол да құсқа жатады.

Бұл қате пікір,

өйтені

Бағалау.

Топтар өз бөлімдерін оқиды.

Әр топ түсінгендерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

«Қолпаштау» арқылы

Ойларын ортаға салады.

Құстарды сәйкес суреттермен тауып байланыстырады.



Әр топ тапсырмаларын орындайды.







«Бағдаршам» арқылы

Қорытынды

Шығармашылық диктант.

1. Құстар - екі ..., екі ..., үсті ... жабылған жануарлардың бір түрі.

2. ... ... - қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі.

3. ... ұзақ ұша алмайды, жауынан тез жүгіріп құтылады.

4. ... ұясын биік бұтаға салады.

Дәптерде орындайды.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, түс.айту.

«Ең, ең...» құстарға мәлімет іздеу.


Кері байланыс

Смайлик

Смайлик арқылы



© 2010-2022