- Преподавателю
- Начальные классы
- Жаңа технологияға құрылған ашық сабақ
Жаңа технологияға құрылған ашық сабақ
Раздел | Начальные классы |
Класс | 4 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Дуанбекова А.И. |
Дата | 12.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
осы 6 ереже бойынша жүру керек. Бірінші деңгей білім деңгейінен бастаймыз.
бағалау
Синтез
Талдау
Қолдану
Түсіну
Білім
Интербелсенді тақтадан слайд бойынша көрсету.
-Ендеше, осылардың әрқайсысы туралы не білетіндеріңді инсерт әдісі бойынша кестені толырып көрейік. Әр оқушының қолында кесте таратылып, сол бойынша жұмыс жасайды. Топтағы бағалаушы топ жұмыстарын бағалап отырады.
1. Қазақстанның тәуелсіздік алған күні
2.Қазақстанның Конституциясы қай жылы қабылданды?
3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған қай мемлекеттер?
4. «Семей-Невада» қозғалысы
5. Полигонның адам өміріне тигізетін әсері
6. Полигонның ең алғаш қай жылы болғанын
7.Қазақстанның қай өңірлерінде полигонның зардабы тигенін
8. Полигоның жабылуына кімдер себепкер болды?
9. Полигонның жабылуныдағы жұмыстың жетекшісі кім?
-Ендеше, білгендерімізді кестеге толтырып шықсақ. Алдарыңдағы кестені толтырып шығыңдар. Бұл кестені әр топ ноутбукте орындайды.
V-білемін
+ білгім келеді
? білдім
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Балаларға жұмыс барысында бағаланып отыруын және сабақ соңында жұбын бағалайтынын ескертіп кету. Зигзаг әдісі бойынша топтар жұмыстарын тексеріп отырады. ІҮ. Мағынаны тани білу. 2. Түсіну деңгейі.(мазмұны бойынша түсінік беру) -Ендеше, бүгінігі сабағымыздың тақырыбы «Кәрі Шыңғыстың қасіреті» демек, бүгінігі сабақта Семей өңірінде орын алған ядролық полигон туралы мағлұмат аламыз. Интербелсенді тақтадан жаңа сабақ бойынша түсінік беріп,видеоролик көрсете отырып, Семей өңірінен шыққан Абай, Мұхтар, Шәкәрім сынды дана ғұламаларымыз жайлы айтып, полигон және сол полигонның тоқталыуына зор үлес қосқан ағамыз Олжас Сүлейменов туралы және осы полигонның адам өміріне қандай қайғы әкелгенін, болашақ ұрпақтың тартқан зардабын әлі күнге дейін тартып келе жатқандығы жөнінде мағлұмат беріп кету. Мұғалім тарапынан өзінің Семей қаласында болғандығы туралы айта кетіп, сондағы полигон аймағына қойылған елбасының Семей ядролық сынақтың жабылуына орай қойылған ескерткіш тастың фотосуреттерін көрсету.
Мәтін бойынша түсінік.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
Әр топқа бөлік бойынша оқыту. Әр бөлік бойынша сұрақ қоя отырып, өз сөздерімен айтқызып отыру. Алдарындағы ноутбуктан бейнероликті көрсету, өз ой пікірлерін сұрау.
3. Қолдану деңгейі.
Интербелсенді тақтадан Семей қаласының мүгедек баласы Нұрбек Бектасовтың өлеңін тыңдатып, сол бойынша әр топ өз ойларын ортаға салады, полигон атом бомбасының Нұрбек Бектасовтың денсаулығына тигізген зардабын байқай отырып, плакатқа сурет бойынша немесе коллаж түрінде өз тұжырымдарын жазу және қорғау.(Коллаж жасауға журналдар, суреттер беріледі) 4. Талдау деңгейі Осы тақырып төңірегінде айтылған мәселелер бойынша топтарға тапсырма беріледі. Әр топқа ана тілі пәнінен өткен «Дегелеңдегі жарылыс» мәтінін бөліктерге бөліп, мәтіннің басы, ортасы, соңы таратылып өздеріне қай мәтінен алынғанын және мәтіннің қалай аталатынын тапқызу. Соңында мәтінде не туралы, кім туралы айтылғанын қысқаша баяндау. 5. Синтез деңгейі Рөлдік ойын арқылы «Жаңалықтар» бағдарламасын әр телеарнадан жүргізіп көрсету. Өзіндік реттелуін бақылау. Кейіпкерлер: Дикторлар І топ: «Қазақстан», ІІ топ: «Хабар», ІІІ топ: «Еларана», V топ: «КТК» Ноутбукке әр каналдың музыкасын қойып қою. «Болжау» стратегиясы Дегелеңдегі жарылыс мәтініндегі Қажымұрат не істеді деп ойлайсың.........? Әр топтан 1-2 оқушы шығып өз пікірлерін айтады. 6. Бағалау деңгейі Семантикалық карта толтырып, жұбын бағалайды. Жаңа сабақты бекіту: Сабақты қортындылау мақсатында «Сәйкестендір» ойыны ойналады, яғни әр топ алдарындағы сандарға сәйкес әріптерді қойып бір сөз шығарып оқиды. І топ: Қазақстанда ІІ топ: Ядролық қару-жараққа, ІІІ топ: Жол жоқ! Ендеше, келешек ұрпақ тыныш, ешқандай бомбасыз өмір сүруге тиіс деген оймен қортындылау керек. Рефлексия(сауалнама) Алдарындағы ноутбуктегі сауалнама бойынша рефлексия жасалып алынады. -Балалар, бүгінігі сабақ туралы өз ой-пікірлеріңді рефлексия бойынша қортындылаңдар. Стикерлерге жазып жапсыру. Оқыту үшін бағалау. (критерийлер жүйесінде)