Сабақтың тақырыбы: Қазақстан-Мәңгілік ел! 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қазақстан-Мәңгілік ел!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, слайд, нақыл сөздер .

Тәрбие сағатының барысы:

  1. Әнұран

  2. Ой қозғау:

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан.

- Қазақстан туралы не білеміз?

- ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?

- Қазақ тілі

- ҚР-ң рәміздерін атайық?

- Біздің президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Міне, оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы тәуелсіздікті нық ұстау үшін және елімізді дамыған елдердің ішіндегі 30 орынға көтеру үшін сапалы білім мен тәртіп керек. Қазақстан елін мәңгілік елге айналдыру сіздердің қолдарыңда.

Сұрақ-жауап.

3.Қазақстан, рәміздер, Отан ,Елбасы туралы қандай тақпақ білеміз?

Бекзат:Жыр Астана, Нұр Астана мәңгілік,

Құрметімді жеткіземін ән қылып.

Еліміздің Ақ ордасы-Астана,

Жүрегімде тұрсың сен жаңғырып.

Ақбота.Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер атамекен,

Биік-тау,орман-тоғай көлімізді.

Нұржарқын Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

Елбасы- Назарбаев егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

Толганай:. Секілді заңғардағы тау барысы,

Нұрсұлтан-ел тірегі, ел намысы!

Адамның бұл өмірде арманы жоқ,

Халқының бола білсе қорғанышы!

Ернар: Жыр Астана, Нұр Астана мәңгілік,

Құрметімді жеткіземін ән қылып.

Еліміздің Ақ ордасы-Астана,

Жүрегімде тұрсың сен жаңғырып.

Айнара: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды

Нұрбол: Отан-таңның арайы

Күн нұрынан тараған

Отан-бақыт сарайы

Ел қызығып қараған

Нұрболат:Ән сыйлаған жер -көктен

Отан-біздің жыр-көктем.

Отан бізді тербеткен,

Отанымда ер жетем

4.Балалар, отан,туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы - балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне -«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Ойтолғау . «Мен президент болсам …» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл

бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

6.. Қорытынды.

Н.Ә.Назарбаев: «Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман -түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық, мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

«Қазақстан 2050» - мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік! »

-Осымен балалар тәрбие сағатымыз аяқталды.Отанымызды сүйіп,құрметтей білейік!

© 2010-2022