«Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!» тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ш.Қ.О Глубокое ауданы

Алтайский кенті

«Жаңа Ертіс орта мектебі»

Мынгынова Жадыра Зангыновна

«Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!»

Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!

Аружан: Армысыздар мейірімді әжелер!

Естай: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасады адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Аружан: Құрметтейік балалар аналарды

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Естай: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,

Қазақ қызы әдепті де әдемі.

Қазақ қызы -ақылына көркі сай,

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.

Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анамызбен данамыз

Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,

Аналарға бір ән саламыз.

Балалардың бәрі

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық,мол бақыт, Тілейміз біз балалар!

Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен» хормен

Аружан: Естай ,білесің бе?Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.

Естай: Неге, сиқыршы келе ме?

Аружан: -Жоқ, таппадың.

Естай:-Ә,таптым,таптым.Қайрат Нұртас келетін шығар?

Аружан: -Жоқ Естай, Аналарымыз бүгінгі мерекеге қатысыды

Жүргізуші : Ия, дұрыс айтасыңдар,Құрметті қонақтар, «Ана сарқылмайтын бұлақ,бала бауырында өскен құрақ»: «Ана балаларға шуақ шашар күні болса,бала ананың жауқазындай жайнап өсер гүлі»-деген қанатты сөздер ана мен бала арасындағы жіптің үзілмеуіне дәнекер болса деген ниетпен ұйымдастырып отырмыз.Қазір сіздердің қол соғып, қошеметтеулеріңізбен ортаға сайыскер аналарымызды шақырайық!

(Көңілді әуенмен сайыскер аналар кіріп, арнайы дайындалған орынға жайғасады.)

Ардақты сайыскер аналарымызды таныстырып өтейін.

1.---------------------------------------------------------------------- 6.-------------------------------------------------------------------

2.--------------------------------------------------------------------- 7.-------------------------------------------------------------------

3.---------------------------------------------------------------------- 8.-------------------------------------------------------------------

4.--------------------------------------------------------------------- 9.-------------------------------------------------------------------

5.--------------------------------------------------------------------- 10.------------------------------------------------------------------

Жүргізуші:- Аналарымыз сайысуға дайын тұр.Енді балаларды ортаға шақыру үшін бір ойын ойнап жіберейік

I.Ойын: «Аналардың балаларды табуы» бірінші тапсырма

Барлық балалар шеңбер құрып тұрады.сайыскер аналар көзі байлаулы күйінде шеңбердің ортасында тұрып,қолымен сипалап,иіскеп,т.б.өзіне ыңғайлы жолмен өз баласын табуы керек

Жүргізуші : Тапқыр аналарыңа арнап өлең шумақтарыңды айтып беріңдерші.

Шырай. Алақай-ау,алақай

Үйге келді маматай

Міне қандай тамаша

Мәз мейрам боп қаламыз

Мадина.Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Амирхан.Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзді тыңдаймын,

Апашымды силаймын

Ислам. Анам ыдыс жуады,

Мінезі оның биязы.

Ол барынды тұрады,

Жайнап үйдің жиһазы.

Еркебұлан. Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бірінен де жақсы адам..

Дария: Нан да әкеп беремін

Би де билеп беремін

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін

Ерсін.Күнде осылай шыдамай

Қарсы аламын мамамды

Құшақтаймын қуана

Ең әдемі адамды

Қ.Аружан. Ай қабақты анашым,

Күн сәулелі мамашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым.

Ернұр. Ана өмір шырағы,

Ана өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.

Ботакөз. Атам менен әжемді

Өте жақсы көремін

Кешке қолым бос кезде

Өлең айтып беремін.

Ақниет:Мәпелейді мені анам,

Қолындағы құсындай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Батыр: Аялаған,саялаған

Бар бақытым,берекем.

Апатайым құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.

Ән «Ақ мамам» әнін тамашалаңыздар.

II.Жүргізуші:-.Аналарымызға екінші тапсырма мынадай.

Балаларыңыз қастарыңызда,көңілдеріңіз тоқ,уайымдарыңыз жоқ.Ендеше қазір біз балаларыңызды айналып толғанғанда қолданатын сөздеріңіздің қорын байқағымыз келеді.Байқау шарты бойынша бір айтылған сөз қайталанбауы керек және көп ойлануға болмайды.Әр сөзден кейін бір адым жасап,межелі жерде тұрған балаларыңызға тез жетулеріңіз керек.Сайыскерлер кезегімен ортаға шығады,мүдірген аналар орындарына жайғасады. (2 ата-ананы қатыстыру)

Жүргізуші:-Көрдіңдер ме балалар,аналарың сендерді қалай жақсы көретіндерін.

Жүргізуші: Ендеше не тұрыс,билеп берейік

Жүргізуші: Біздің биші ұлдарымыздың «Джентельмен биін» қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Гүлдей жайнап тұр өңі

Мейірлене күледі

Үйдегі бар шаруаға

Үлгіреді бір өзі

Аналар сіздермен ойын ойнасақ.

III.Аналарымыздың үшінші тапсырмасы «Пантамимо»

Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді.Ол үшін мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар Анасы понтомимомен конвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табуларың керек.

Жүргізуші:-Көрдіңдер ме балалар, барлығы аналарымыздың арқасында жасалады екен.Ендеше аналарымызға көмектесуді ұмытпайық.

Жүргізуші. -Асқар тау,биігіміз сенсің- әже

Жүрегің теңіздей кеңсің- әже

Ұл қызың армансыз болар еді

Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже

Барлығы: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз

Естай:: О,балалар,алақай! Әжеміз келе жатыр.Жоғары шығыңыз отырыңыз.

Аружан:

1.Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне (Одеял жабады).

2.Жұмсайды әжем мені де,

Тауыққа жем беруге

Ауырады кей кезде,

Аяғы да белі де

(қолын аяғын уқалайды)

3.Біз дәрісін табамыз

Қамқорлыққа аламыз

Әжемізді өзіміз

Демде емдеп аламыз.

(Дәрі беріп,су береді)

Жүргізуші. -Ана дегеніміз-өмірдің бастауымен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршілік көзі,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі балалар.

Ендеше,бізді қыздардың биін тамашалайық «Қуыршақ» биі

Жүргізуші:Аналарымыздың төртінші тапсырмасы Сайсымыздың соңғы түрі шапшаңдық пен ептілікке арналады. (Аналарға үлкен киім кигізіледі,балалар,аналарының сол киімінің ішіне барынша көп шар жинау керек)

Ә)Аналарымызды киіндіріп,бояу.

Жүргізуші: Балапандарымыздың қорытынды биі «Ана жүрегі»

Марапаттаулар мен құттықтаулар

Жүргізуші.Демеңіз біз өнерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осыменен ертеңгілігіміз аяқталды

Қош сау болыңыздар!



© 2010-2022