Қазақ тілінен Заттың сынын білдіретін сөздер (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы:Заттың сынын білдіретін сөздер Сабақтың мақсаты:1.Сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; 2.Бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру. 3.Аналарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, мысал арқылы дәлелдеу. Көрнекілігі: әртүрлі заттардың суреті. Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру ІІ.Жаңа сабаққа даярлық Оқушыларға өткен тақырып бойынша мысалдар келтірту. (зат есім және етістік) Осы зат есімдердің сапасын білдіретін сөздермен танысамыз. ІІІ.Жаңа сабақ Құраған мысалдарына сын есім қойым, сол сын есімге қойылатын сұрақты өздеріне анықтату. Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? Қай? Деген сұрақтар қойылады.М:әдемі, сұлу, қызыл, биік, аласа т.б. 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қандай? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап. Ол сөздер нені білдіреді? Тағы қандай түстерді білесің? Көкшіл бояу әкелші, Көк теңізді салайын. Ақшыл бояу іперші, Ақ теңізді салайын. Жасыл бояу әкелші, Жапырақтар салайын. Қоңыр бояу әперші, Топырақты салайын. 2-жаттығу. Жанылтпашты көшіріп жаз, қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қою. Жасыл көктем, Жасыл жіптен Жақсы тіккен. 3-жаттығу Сұрақтарға жауап жазу. Қандай деген сұраққа жауап берген сөздің а стын ирек сызықпен сызу.

ІV. Жаңа сабақты бекіту 5-жаттығу. Берілген сөздерді үлгі бойынша топтап жазу. Түлкі - қызыл, қу. Қоян - сұр, қорқақ Аю - қоңыр, маймақ. V.Қорытынды - Бүгінгі сабақта не түсіндіңдер? - Сабақта не үйрендіңдер? VІ.Үйге тапсырма 168 бет ереже жаттау, 4-жаттығу. VІІ.Бағалау



© 2010-2022