Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөз таптары жайлы білімдерін кеңейте отырып зат есім туралы түсінік беру. Күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру. Сөйлем ішінен зат есімдерді табу. Тілін ойлау қабілетін дамыту. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сөз жұмбақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Сабаққа 2 де келеміз.

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.

Сабақты 4-5 ке оқып,

Сауатты, ақылды боламыз дегенбіз.

Үй жұмысын қорыту.

4-жаттығу, оқыту.

Зат есім Етістік

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сөз таптары

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сын есім Сан есім

Жаңа сабақ

Сурет бойынша торкөз санына сәйкес келетін сөздерді табу.

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

2. Мына сөздерді топтап жазу.

Жылқы, алмалар, ағаш, тігіншілер, қайшы, көрпе, Мақсат, сауыншы, Алматы, Зәуреш, Ертіс, Ақтабан, қанталапай, арбалар, ешкілер.

а) Кім? - Не?

Кімдер? - Нелер?

ә) Жалқы есім: Жалпы есім:

б) Жекеше түрі: Көпше түрі:

3. Оқулықпен жұмыс.

1) 2-жаттығу. Зат есімдерді теріп жазу.

Су, құмыра, қарға, тастар.

2) 4-жаттығу. Өлеңді оқу. Зат есімдерді теріп жазу. 2-топқа бөлу.

а) Туыстар: іні, әпке, аға.

ә) Ойыншықтар: машина, арба, шана.

4. Сергіту минуты.

Ең қымбат жан - жан Ініден үлкен - аға

Қыс көлігі - шана Көйлектің басы - жаға

Ақылы көп - дана Нағашы жұртың - пана

Ойнап күлер - бала Бес деген жақсы - баға

5. Ойын. «Тез ойла, сөз ойла»

1-топ 2-топ 3-топ

Киімдер: Төлдер: Ыдыстар:

Дәнді дақылдар: Қалалар: Ағаштар:

6. Тақтамен жұмыс.

1-топ 2-топ 3-топ

Жалқы есмідерді Жекеше Көпше

жазу. түрдегі түрдегі

зат есім зат есім

7. Сұрақтарға жауап алу. (қорыту)

1) Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөз табы.

2) Бас әріппен жазылатын сөздер. (жалқы есім)

3) тар, лер, дар, дер, тар, тер бұлар - (көптік жалғаулар)

Оқушыларды бағалап, үйге тапсырма.

3-жаттығу. 28-29 бет.

Қосымша тапсырма. (Зат есімге сұрақ қою)

Үй салайық сәнді кең,

Топырақ үй алдымен.

Құмды еле де, тас тасы,

Дайын тұрсын қақпасы.

© 2010-2022