Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты. 1а сыныбы

Тақырыбы:«Әліппемен басталады білім бағы,Қоштасу балалықтың қимас шағы»

Мақсаты:Әліппе оқулығының пайдасы,қажеттілігі туралы түсінік беру;

Мәнерлеп айту,сөйлеу дағдыларын дамыту;

Әліппені қадірлеуге,жақсы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Слайд,ұлағатты сөздер,шарлар.

Мұғалім:Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!

Бүгін сіздер бірінші сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған

«Әліппемен басталады білім бағы,Қоштасу балалықтың қимас шағы» атты ашық тәрбие сағатына келіп отырсыздар.Құрметтті ата-аналар!Балаларың қолдарына алғашқы рет ұстап,бетін ашқан оқулығы-Әліппе.Бұл кітап білімге бастайтын алғақы жол.Кішкентай балдырғандардың білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамы!Ендеше балақандар,қадамдарың құтты болсын!Білім дариясында талмай жүзіп,білім,ғылым мұхитының тереңінен бар асыл інжу-маржанын тере берулеріңе тілектеспін!Ата-аналарыңның мақтанышына айналып,елімізге адал еңбек ететін білімді,тәрбиелі азаматтар болып өсіңдер!

1-оқушы: Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Мұғалім: Жеміске құты тола ма

Бір-бірден теріп алмасаң?

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң?

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер бойыңа,

Ұғып ал:білім боларын

Шам-шырағың жолыңда

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар кезін қөріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар «Әліппең»....-деп ақын М Әлімбаев аталарың жырлағандай ,бұл білімнің,ғылымның алғашқы жолы ғана.

Оқушылар хормен:Біз әліппені бітірдік.

Мұғалім:Ия,бітірдіңдер,қазір біз Әліппемен қоштасып,жаңа достармен танысамыз.

2-оқушы:Не үйрендік не білдік

Өсті білім бойымыз.

Кәне,ортаға салайық

Құтты болсын тойымыз.

Осы кезде Әліппе ортаға шығады.

Әліппе:Армысыздар,жас достар,

Армысыз,ата-аналар

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға

Менің атым Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң сенің әпкең де.

Балалар,сендер мені оқып тауыстыңдар,әріптерді жақсы меңгердіңдер.Менің алғашқы бетімдегі Елбасының сендерге арналған жолдауын алғаш мектепке келгенде мұғалімдерің оқып беріп еді.Енді өздерің-ақ оқи аласыңдар.Солай емес пе?

Оқушылар:Мен оқып берейін.Мен оқиын.

Әліппе:Кәне,Нұрасыл сен оқып берші..(Нұрасыл дауыстап оқып береді.)

Әліппе:Жарайсың Нұрасыл!Талабыңа нұр жаусын!

Әліппе:Балалар енді сендерге әрі қарай білім беретін мына Ана тілі болады,танысыңдар.(Ортаға Ана тілі оқулығы шығады).

Оқушылар хормен:Сәлематсызба Ана тілі!

Ана тілі:Сәлематсыңдар ма балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі-пәнімін,

Ана тілім-елдігім,

Ана тілі болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Әліппе:Міне,сендерді де таныстырдым,енді сабақтарыңды жақсы оқыңдар!Сәттілік тілеймін!

2-оқушы:Әліппем,менің Әліппем,

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен,

3-оқушы: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

4-оқушы:Іші толы әріпке

Мынау әйбат Әліппе!

Барлық ілім-білімнің

Әжесі осы Әліппе!

5-оқушы:Әліппе сенің сырласың

Әліппе досың болады.

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.

6-оқушы: Арта берді кітапқа

Бойымдағы құмарым.

Ажырамас қасымда

Әліппе болды сыңарым.

7-оқушы:Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе-білім бесігі.

8-оқушы: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес,ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

9-оқушы: Жақсы кітап Әліппе

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастым

Әліппемен достастым.

Хор:Жақсы кітап Әліппе

9-оқушы:Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс,әр түрлі әріптермен.

10-оқушы:Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе!

11-оқушы:Балаларға ақ тілек

Болашаққа бақ тілеп,

Біздерге әріп үйреткен

Әліппе,саған мың рақмет!

12-оқушы:Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рақмет,ұстаз алғашқы!

Хор:Мұғалім ол біздің

13-оқушы:Қош бол,құтты Әліппе!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Бәрі хормен:ТАНЫСТЫРҒАН 42 ӘРІППЕН

ҚОШ БОЛ,МЕНІҢ ҚАСИЕТТІ ӘЛІППЕМ!

Әліппе:Қоштасар сәтте келді,қош болыңдар балалар!(Әліппе кетеді)

14-оқушы:Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық,тойладық.

15-оқушы:Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды,қолдайды.

16-оқушы:Білем талай гәп барын:

Мақтанарым,

Мақтарым.

Болды кейбір баламен

Төбелескен шақтарым.

17-оқушы: Болды кезім мықтаған,

Болды кезім ұқпаған.

Болды кезім ұстаздың

Ойынан дәл шықпаған.

18-оқушы:Білім деген бар жүгім,

« Беске» толы қоржыным

Осылай мен өткізем

Он бір жылдың бір жылын

19-оқушы:Жоқ сөзімнің жалғаны

Он бір жыл ма болғаны?!

Сол он бір жылдың ендігі

Он-ақ жылы қалғаны.

Ана тілі:Балалар енді сендер бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты кітаптар таратып беремін.Ынта қойып көп оқысаңдар кітаптан көп нәрсені үйренесіңдер.

Оқушылар хормен:Оқимыз ана тілі,оқимыз!

20-оқушы:Ана тілім-ұраным,

Ана тілім-құралым.

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым.

Хор:Отаным

Математика:Балалар,мүлдем сендер мені ұмытып кеткенге ұқсайсыңдар,меніменен сендер білім жолында көп жылдар бірге боласыңдар қане,сандар жайында не білесіңдер?

1 саны Өзім жеке дарамын

Таудай биік талабым.

Ауылына сандардың

Көшті бастап барамын.

2 саны Аққудай жұп жазбаймыз,

Қатар ұшқан қаздаймыз.

Бірге туған егіздей

Жұбымызды жазбаймыз.

Жұрт та бөліп жатпайды,

Екі дос деп мақтайды.

3 саны «Үш бар жерде күш бар» -деп ,

Үш алуға құштар көп.

Дұрыс емес ол да аса,

Жақсы оқушы болмаса.

4 саны Төрт түлік-ел ырысы,

Төртеу үйдің бұрышы.

Төрт аяғын тең басқан

Төрт амал ғой дұрысы.

5 саны Бес саусағым қолдағы

Бес жұлдыздың тармағы.

Бес асыл зат-Қанағат,

Талап,рақым,терең ой,

Еңбек елдің арманы.

6 саны Ағайынды алты ұлмыз

Сақтап ата салтын біз.

Мәңгі бақи ұстаймыз

Татулықтың қалпын біз.

Алтау ала болмайды,

Бірін-бірі қолдайды.

7 саны Жеті бірдей еренбіз,

Жеті шумақ өлеңбіз.

Жеті түрлі әуенбіз.

Мейлі,бізді мақтама.

Бірақ бекер даттама.

Көкте-Жетіқарақшы

Жеті күн бар аптада.

8 саны Сегіз өрім қамшымыз,

Қиянатқа қарсымыз.

Сегіз қырлы бір сырлы

Жақсы іске жаршымыз.

9 саны Тоғыз сауыт киініп,

Досқа тоғыз иіліп

Біз шыққанда сапарға,

Ел қарайды сүйініп.

Тоғыз жолдың торабы

Тоғысқандай болады.

Тоғыз ерді көргенде

Ел көңілі толады.

10 саны Қолдасқанда онымыз

Бір адамның қолымыз.

Қатар тұрсақ онымыз

Кетер кеңіп жолымыз.

Жұмыс істеп тынбаймыз,

Күш жігерді шыңдаймыз.

Математика:Балалар, кәне сандарға байланысты санамақтар айтайық.

(10 оқушы кезекпен санамақтар айтады.)

Математика:Ал енді сан құрамын есімізге түсірейік.(Математика әр сан құрамын сұрайды,оқушылар екіден шығып сан құрамын көрсетіп береді.)

Математика:Сана,жатта,қос та ал,

Негіз деп біл-ондық сан.

Жақсы игеріп,біл пәнді.

Өмірің болсын тек мәнді.

Бәрі:РАҚМЕТ САҒАН,БІЗ СЕНІМЕН БІРГЕМІЗ!

Ортаға 3 оқушы шығады.

1-оқушы: Күйші болуға болады

Биші болуға болады,

Ерке болуға болады,

Серке болуға болады.

2-оқушы: Пысық болуға болады,

Кішік болуға болады.

Әкім болуға болады,

Ақын болуға болады.

3-оқушы: Маман болуға болады,

Жаман болуға болады.....

Айтпақшы,

Жаман болуға болмайды,

Ондай бала оңбайды.

Мұғалім:Балалар сендер бастауыш сыныпта ең басты пәндер ана тілі,қазақ тілі,математиканы басқа пәндерге қарағанда көбірек оқитын боласыңдар яғни сауатты жазуға,мәнерлеп оқуға шапшаң есептеуге үйреніп шығасыңдар.Ендеше бұл пәндердің аса қажеттілігін мына өлең жолдарымен жалғастырғым келеді.

Оқу-білім,болашағың,жас ұлан!

Қазақ тілі-қасиетті қазынаң.

Математика-бар ғылымның патшасы.

Ана тілің-асқақтатар асыл ән.

Хор:Балдырғандар маршы

Бәрі сахнадан шығады.

Жеке нөмірлер.

1-жүргізуші: Балаларға ақ тілек,

Болашаққа бақ тілеп,

Әріптерді үйреткен,

Әліппеге мың рақмет деп өз ризашылығын Инаятулла әнмен білдіргісі келеді.Ендеше қабыл алыңыздар «Рақмет,саған Әліппе! »әнімен.

2-жүргізуші:Тұлымшағым желпілдеп,

Ән айтамын кештерде.

Он саусағым майысып,

Биші болам өскенде деп армандайтын Женіс Айғаным мен Мукеева Аминаны« Қамажай» биімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:Бұл мереке сенің арқаң анашым

Бір мен үшін не керекті табасың.

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп,қуанып-ақ қаласың деп аналар құрметіне Тілеубай Аман «Жаса,Қазақстан» әнін жолдайды.Қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:Сегіз қырлы бір сырлы,

Ән салып,күй күйлейді.

Біздің ұлдар өнерлі

Жорға биін билейді.(4 ұл шығып билейді)

1-жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып,

Қыран биік самғайды қанат қағып

Бар өнерді көрсетейік сіздерге

Жүрген соң адам деген атақты алып-дей келе кезекті тағы әнге береміз.«Тазша бала» әнімен.

Райымбекті ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:Балалар бастауыштың бастамасы осы 1-сыныпта біз оң мен солымызды танып,көп нәрсені үйреніп шығамыз.Ал Нұрасыл диктант жаза алмайтын достары жайында не айтқысы келеді екен? Тыңдайық

1-жүргізуші:Бізге шаттық әкелді

Басшы болып әр істе.

Ұлдар мен қыздарды

Шақырамыз вальске. (ортаға үш пар шығып билейді.)

2-жүргізуші:Оқы,ізден,талаптан сен,жас шәкірт!

Бар ғылымнан нәр алғайсың бастау ғып.

Болашағын көркейтетің еліңнің,

Тұлғасы бол,данасы бол,жас шәкірт!

Хор:Балдырғандар маршы

Мұғалім: Қымбатты оқушыларым менің!Міне Біздің Әліппемен қоштасуға арналған тәрбие сағатымызда аяқталуға жақын.Осы сәттерді пайдаланып сендердің әліппеден алған білімдеріңді,тәрбиеге,өнерге деген көзқарастарыңды барынша бағалап естелік ретіңде мына дипломдарды табыс еткім келеді.

Алдағы уақытта білімімізді бұдан бетер шыңдап,үлгілі,саналы,білімді,дарынды оқушылар болуларыңа шын жүректен тілектеспін.

Құрметтті ата-аналар,Ұстаздар!

1а сынып оқушыларының «Әліппемен басталады білім бағы,Қоштасу балалықтың қимас шағы» атты тәрбие сағаты аяқталды.Келіп тыңдағандарыңызға көп рақмет.Сөз кезегін ата-аналарға береміз.



Жеке нөмірлер.

1-жүргізуші: Балаларға ақ тілек,

Болашаққа бақ тілеп,

Әріптерді үйреткен,

Әліппеге мың рақмет деп өз ризашылығын Инаятулла әнмен білдіргісі келеді.Ендеше қабыл алыңыздар «Рақмет,саған Әліппе!» әнімен.

1-жүргізуші:Бұл мереке сенің арқаң анашым

Бір мен үшін не керекті табасың.

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп,қуанып-ақ қаласың деп аналар құрметіне Тілеубай Аман «Жаса,Қазақстан» әнін жолдайды.Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Балалар бастауыштың бастамасы осы 1-сыныпта біз оң мен солымызды танып,көп нәрсені үйреніп шығамыз.Ал Нұрасыл диктант жаза алмайтын достары жайында айтқысы келеді

1-жүргізуші:Оқы,ізден,талаптан сен,жас шәкірт!

Бар ғылымнан нәр алғайсың бастау ғып.

Болашағын көркейтетің еліңнің,

Тұлғасы бол,данасы бол,жас шәкірт!


Жеке нөмірлер.

2-жүргізуші:Тұлымшағым желпілдеп,

Ән айтамын кештерде.

Он саусағым майысып,

Биші болам өскенде деп армандайтын Женіс Айғаным мен Мукеева Аминаны« Қамажай» биімен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:Сегіз қырлы бір сырлы,

Ән салып,күй күйлейді.

Біздің ұлдар өнерлі

Жорға биін билейді.(4 ұл шығып билейді)

2-жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып,

Қыран биік самғайды қанат қағып

Бар өнерді көрсетейік сіздерге

Жүрген соң адам деген атақты алып-дей келе кезекті тағы әнге береміз.Тазша бала әнімен.

Райымбекті ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:Бізге шаттық әкелді

Басшы болып әр істе.

Ұлдар мен қыздарды

Шақырамыз вальске. (ортаға үш пар шығып билейді.)



Осы кезде Әліппе ортаға шығады.

Әліппе:Армысыздар,жас достар,

Армысыз,ата-аналар

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға

Менің атым Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң сенің әпкең де.

Әліппе:Балалар,сендер мені оқып тауыстыңдар,әріптерді жақсы меңгердіңдер.Менің алғашқы бетімдегі Елбасының сендерге арналған жолдауын алғаш мектепке келгенде мұғалімдерің оқып беріп еді.Енді өздерің-ақ оқи аласыңдар.Солай емес пе?

Әліппе:Жарайсың Нұрасыл!Талабыңа нұр жаусын!

Әліппе:Балалар енді сендерге әрі қарай білім беретін мына Ана тілі болады,танысыңдар

Әліппе:Міне,сендерді де таныстырдым,енді сабақтарыңды жақсы оқыңдар!Сәттілік тілеймін!

Әліппе:Қоштасар сәтте келді,қош болыңдар балалар!(Әліппе кетеді)



Ана тілі. Сәлематсыздар ма балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі-пәнімін,

Ана тілім-елдігім,

Ана тілі болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілі:Балалар енді сендер бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты кітаптар таратып беремін.Ынта қойып көп оқысаңдар кітаптан көп нәрсені үйренесіңдер.




Математика:Балалар,мүлдем сендер мені ұмытып кеткенге ұқсайсыңдар,меніменен сендер білім жолында көп жылдар бірге боласыңдар қане,сандар жайында не білесіңдер?

Математика:Балалар, кәне сандарға байланысты санамақтар айтайық.

(10 оқушы кезекпен санамақтар айтады.)

Математика:Ал енді сан құрамын есімізге түсірейік.(Математика әр сан құрамын сұрайды,оқушылар екіден шығып сан құрамын көрсетіп береді.)

Математика:Сана,жатта,қос та ал,

Негіз деп біл-ондық сан.

Жақсы игеріп,біл пәнді.

Өмірің болсын тек мәнді.


© 2010-2022