Жарқын болашаққа нық қадам. Тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жарқын болашаққа нық қадам

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Өз республикасын танып- білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Қазақстан Республикасының рәміздері:

Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтің суреті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, бәріміз бірге шеңбер құрайық, бір-бірімізбен сәлемдесейік. Бәріміз қосылып мына өлең жолдарын айтайық.

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде.

Қуана қарсы аламыз

Сәлеметсіздер ме апайлар,ағайлар!

Жүректен жүрекке

Оқушыларға жылы лебізімді білдіремін.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы ерекше өйткені біз бүгін «Отан», «махаббат» туралы әңгімелесеміз. Махаббат сүйіспеншіліктен туады. Балаға деген махаббат, анаға деген махаббат. Соның ішінде біз бүгін туған жерге,елге деген махаббатымыз, сүйіспеншілігіміз туралы айтамыз.Қазір бәріміз орнымыздан тұрып, қолымызды жүрек тұсына қойып, Отанымыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын айтамыз.

Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз- Тәуелсіз мемлекет. Сондықтан өзіміздің мемлекеттік Әнұранымыз, Елтаңбамыз, мемлекеттік туымыз бар. Біздің ұлттық тіліміз- қазақ тілі. Республикамыздың президенті- Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көгілдір түсті. Тудың ортасында күннің отыз екі шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген.Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Ол алтын түспен бедерленген.

- Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

- Неге ұқсайды?

- Аспанға ұқсайды

Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.

Ұлбала

Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаны

Ортасында төгіп тұр,

Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалықтаған,

Қыран құстың бейнесі.

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білесің.

Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

Рәміздік тұрғыдан Қазақстан Республикасының Елтаңбасының негізі шаңырақ. Ол- Елбасының жүрегі. Шаңырақ- күн шеңбері. Шаңырақ- киіз үйдің күнбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің,ошақтың,отбасының бейнесі. Тұлпар- дала дүлділі, ер- азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүретінҚазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бесбұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті.Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Ерасыл

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі,

Құт- береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Сәулеш

Рәміздерім- елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші,

Рәміздерім Әнұран,Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген- ең дұрысы!

- Балалар сонымен біз қай елде тұрамыз?

- Қазақстан елінде тұрамыз.

- Біздің елордамыз, бас қаламыз қай қала?

- Астана қаласы.

Астана -Отанымыздың астанасы. Қала іргесі қаланғаннан Ақмола деп аталатын, кейіннен Целиноград,ал 1992 жылдан бастап қайтадан Ақмола, ал 1998 жылдың 6 мамырынан бастап Астана деп аталды. Бұл көрікті де үлкен қала Есіл өзенінің оң жағын ала жайғасқан. Қаланың іргесі 19 ғасырдың бас кезінде әкери бекініс ретінде қаланды.

Астана еліміздің нақ ортасында, аса маңызды жолдардың торабында орналасқан. Республиканың кез- келген аймағымен қатысуға қолайлы. Астананың мұнда көшірілуінің бір себебі осында жатыр.

Мұнда 80-нен астам ұлт өкілдері тұрып, еңбек етеді.

Қалада көптеген жалпы және анаулы білім беретін оқу орындары бар. Астана тұрғындары демалыс күндерін саябақтарда, театрларда, әдемі гүлзарларда өткізеді. Олар өз Астанасын сүйеді.

-Елімізде өтіп жатқан қандай маңызды оқиғаларды білесіңдер?

1. Астананың 15 жылдығы. Астана қарқынды даму үстінде жаңа бағыт алған Қазақстанның жаңару символы, еліміздің тәуелсіздігінің баянды белгісі.

2. Сонымен қатар 2012 жылы маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында еліміздің Президенті Н.Ә:Назарбаев белгіленген «бір халық -бір ел -бір тағдыр идеясын бүгінгі күннің ұраны болуға тиіс.

Президентіміз анықтағандай, «бір халық»- бұл барлығына ортақ ұлт мүдделері, «бір ел»- бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, «бір тағдыр»- бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жемістер, бұл біздің ортақ келешегіміз- көркейген және гүлденген Қазақстан.

3. 2017жыл- Астанада «ЭКСПО-2017» халқаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергия балама көздері- бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.

2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» 100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымды қабылдайды. Бұрын мұндай маштабтағы халықаралық көрме Орталық Азия және ТМД елдерінде ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО-2017»өткізу халықаралық көрме және ақпараттық- тұсаукесер алаң Қазақстанның дамуындағы үлкен қадам.

Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.

Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.

Біздің жетістіктеріміз бен Қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі борлуға тиіс.

Досымжан

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған- Астанам

Әсем қалам.Бас қалам!

Бабалардың көзіндей

Даналардың сөзіндей

Ұлы дала тұрғызды,

Ұлы қала өзіңдей.

Ақерке

Астана- арман қала,

Бағы- бір жанған қала.

Тұрады ол жап- жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Мерей

Тәуелсіздік таңын сүйемін

Көк туына басымды ием

Көгімізде желбіреген

Бейбітшілік әніміз.

Бауырласпыз бәріміз.

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Еліміздің келешек тағдыры Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттер мен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер.Ол үшін терең әрі жан- жақты білімді болу міндеттерің.

Енді балалар апайларға, Қазақстанымызға өздеріңнің жылы тілектеріңді айтыңдар.

- Бейбітшілік болсын!

- Қазақстанымыз бай болсын.

Осымен бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп елді, туған жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етіп сабағымызды аятаймыз.

© 2010-2022