Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күз мерекесіне арналған 1- СЫНЫПҚА арналған «Күз ханшайымы» ертеңгілігінің бағдарламасы.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, муғалімдер, оқушылар, қонақтар!
Сіздерге бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.

Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.

2.

3.

4. Зауреш Каиргельдиновна - Тәрбие ісінің меңгерушісі.

Әрбір турдың бағасы 1 ден 5 ке дейін бағаланады. (1,2,3,4,5 ұпайлар)

Жүргізуші:

Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі сыныптың,
Сайысын біз бастайық!
Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы қыздарымызды шақырамыз!!!

Жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Сайысымызда арулардың реттік белгілерін анықтау үшін, сұлтандарымыз мойындарындағы алқаларын аруларға ұсынады.) Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.

Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
4 « Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары)
5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
6. «Тосын сәт» (Бағбан ата тапсырмалары)
7. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)

Жүргізуші: «Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларға арнап, мектебіміздің әншісі Мухамедиярова Фатима әсем әнін арнайды.
Ән: «Мереке»

1 сайыс. «Менің ата-тегім»
1.Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
1.Нұрайым:

Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің,
Жастайымнан жалындап жаңа білдім.
Өнерменен білімге жаны құштар,
Әсетқызы Нұрайым мен боламын.
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын,
Қызымын өсіп- өнген кең даланың.
Бүгінгі ханшайымдар сайысында,
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын!
2. Аяулым:

Тең түсіп өзгелермен терезесі,
Дарыған ата-баба өнегесі.
Аяулым атым Бегзаттың қызымын мен,
тегі, немересі .
3. Арайлым:

Руым , мен қазақ,
Базарбай немересі .
Тақпақ-өлең айтамын
Апайлардың берген өнегесі.
Алғаш аштым мектеп есігін мен,
қызы Арайлым менің есімім,
Туып өстім осы ауылда,
Алтын ұя -бесігім .
маған нағашы,
Қызыл тонның жағасы.
Мен үшін өте қымбат қой,
Нағашының бағасы.
4.Сабина:

қызы Сабина атым менің,
Мақтан етер жанұя еркесімін.
Әкем , анам бар Айгүл атты,
Үлгі тұтар ағам бар .
Сайыс десе жайнаймыз,
Намысымды қайраймын.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын.

5. Әмина:

Әке-шешем мақтаған,
Әмина қызың мен болам.
Осы күнге сақтаған,
Тақпағым бар жаттаған.
6. Гүлнұр:


Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.

1-сынып оқушыларының орындауында күзгі тақпақтар: 5 бала

2 сайыс. «Кім ойға жүйрік?» (жұмбақ шешу)
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, себеттің ішінен ұнатқан жеміс-жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу.

ЖҰМБАКТАР

Балалар, ойын ойнайық! Мен сендерге өлең шұмақтарын айтамын, сендер болса оны жалғастырып шешуін табасыңдар.
1. Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт!
Үзесің бірдей жүзін,
Оның аты ...(жүзім)

2. Дөп-дөңгелек доптай,
Одан дәмді жоқтай,
Мезгілсіз оны жұлма,
Оның аты ...(алма)

3. Дөп-дөңгелек, сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Оның аты ...(өрік)

4. Өсіретін бойынды,
Өсіретін ойынды.
Қоян жейтін көкөніс,
Сарғылт-қызыл ...(сәбіз)

5. Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Оның аты ...(шие)

6. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрең қызыл, шіркін-ай!
Оның аты ...(құлпынай)

7. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Қарнын жарып аламыз,
Дәмді сондай ...(қарбыз)

бағаларын сурасак


3 сайыс. « Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»
(күзгі байлықтардан жарнама жасау)
Береке Күз-мерекеміз-дей келе Күзгі жеміс-жидектерден, көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.

1. Нұрайым (Орамжапырақ)

2. Сабина:(сәбіз)
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпын,
Мен жазықсыз сәбізбін.

3. Арайлым: (картоп)
Мен картоппын,картоппын,
Жер жүзінде мен көппін.
Тамаққа көп қолдансаң,
Пайдамды сонда білерсің.

4. Аяулым: (алма)

Алма
Мен-алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді
Дастарқандарыңа арнадым.

5. Гүлнұр: (қияр)
Мен қиярмын,қиярмын,
Жесең есті жиярмын.
Кетіруге безеуді,
Шырыныммен жуарсың.

6. Әмина: (қызанақ)

Тал шыбығым бұралып ,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен-қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

( мамаларымен бірлесіп дайындаған салаттарын әділ-қазыларға ұсынады)

Ән: «Мереке»
Әділ-қазылардың берген бағасы.


4 сайыс. «Шебер қолдар» (ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы) поделки
Арулар жасаған жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынады.

Әділ-қазылардың берген бағасы.

1-сынып оқушыларының орындауында такпактар 7 бала


5 сайыс. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету) ән, би, такпактар оку,т.б.

Өнер жастан жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі-бірін

Өнерпаздар дарындылар

Көрейік,ән би,күйді көрермендер

Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін-деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.


Арулар дайындаған өнерлерін ортаға салады.


Әділ-қазылардың берген бағасы.

6 сайыс. «Тосын сәт» (Бағбан атаның тапсырмасын орындау)


«Жоғалған әріп»
\ ---ке, ---оян, ет---к, а--аш, қ--л, ---шақ\
1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? - Төрт жыл мезгілі бар 2. Қалай атаймыз? - Көктем, жаз, күз, қыс 3. Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік? - Күз 4. Күз неше ай қонақта болады? - 3 ай 5. Күз айларын атайықшы? - Қыркүйек, қазан, қараша 6. Күз ерекшелігі қандай? - Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Қатты жаңбыр жауған кезде адамдар жылы киініп, қолына қолшатыр ұстайды.

Әділ-қазылардың берген бағасы.

Ән: «Көңілді күн

7 сайыс. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен

Күз сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен-деп сайыскерлерді «Күзгі сән» үлгісінде ортаға шақырамыз.

Әділ-қазылардың берген қорытынды бағалары.


Жүргізуші:

Білім,ғылым,өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі ,
Үміт етер өздерің -дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.
Ән: «Сағындым әже» Аяулым.

Номинациялар:

«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп кеуделеріне лента тағылды:
1. «Күз ханшайымы» -


2. «Әнші ару» -


3. «Биші ару» -


4. «Сүйкімді ару» -


5. «Шебер ару» -

6. «Тапқыр ару» -

«Нәзік ару»




Қарашы, құс келді құс келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді. Гүлсана

Білесіңдер ауылды,
Ауылда өскен қауынды.
Қауын деген сары алтын,
Асыраған қауымды. Жан

Қарбыз, қарбыз қарбыздар
Қарбыз желік ал қыздар.
Қарбыз желік ал ұлдар.
Балдай тәтті қарбыз бар. Жасмин

Егін елді жинайды,
Қырманға деп қоймайды.
Алтын астық айнала
Далама менің сыймайды Әбсаттар Алтын нұрдай тамшылап, Жапырақтар төгіледі. Біздің өмір таң шуақ Біздің өмір көңілді. Дильназ Біреу астық түсіріп, Біреу бидай ұшырып. Жатқан мезгіл күз екен Алдым соны түсініп. Ясмина Қыстың жақын қалғанын, Жапырақтар білгендей Желмен ұшып барады Жерге қонып үлгермей. Ардақ

Алтын күз Қоңырсалқын тарады,

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтыпқайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан. Күнсұлу

Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырады жарқын жүз
Сайрандадық күліп, ойнап,
Келді міне Алтын Күз! Марал

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді. Гүлназ

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі cуық басталды. Тоғжан








ЖҰМБАҚТАР 1) Жаздай інге тығылып Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып Әкелді әжем бір күні /сәбіз/ 2) Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр /қызылша/ 3) Жайлы жұмсақ төсегім, Домаланып пісемін. Қабат-қабат тоным бар, Қалай оны шешемін /қырыққабат/

Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат тоны бар. Капуста

4) Көмдің тағы түйірлеп, Қазып алдың үйірлеп /картоп/ 1) Аспай піскен, қайнамай түскен. /жеміс/


























ЖҰМБАҚТАР 1) Жаздай інге тығылып Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып Әкелді әжем бір күні 2) Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр.
3) Жайлы жұмсақ төсегім, Домаланып пісемін. Қабат-қабат тоным бар, Қалай оны шешемін

4. Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат тоны бар.



5) Көмдің тағы түйірлеп, Қазып алдың үйірлеп


6) Аспай піскен, қайнамай түскен.

1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

2. Қалай атаймыз?

3. Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік?

4. Күз неше ай қонақта болады?

5. Күз айларын атайықшы?

6. Күз ерекшелігі қандай?

-ке, -оян, ет-к,

а-аш, қ-л, -шақ Енді, Суреттерге назар аударайық, осы суреттегі адамдарға есімдер қойып олардың іс-әрекеттерін айталық. 1-сурет: «Күзгі бақ». Күз мезгілі бейнеленген. Балалар жеміс бағында алма жинап жүр. Әліби алма ағашынан алманы үзіп Назеркеге беріп жатыр. Ал, Назерке оны алып Әлиханға беруде. Ал Әлихан болса Жамилаға тасып беруде. Жамила алманы жәшікке салып жинап жатыр. Арғы бетте басқа да балалар жемістерді жинап жатыр. Жиналған өнімді дүкенге жібереді. Дүкеннен тұтынушылар сатып алады.Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015


Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015










2-сурет: «Саябақ». Адайбек пен Нұржайнат саябаққа барып күзгі жапырақтарды теріп жүр. Оларалма теріп жүрген кірпіні көріп қызықтауда. Ал, кірпі өз азығы алманы жинап бара жатыр. Саябақ іші алтын түске еніпті, талдарда күз түскенге мәз мейрам болып тұр, себебі олардың да демалатын уақыты келді. Талдар қыс бойы ұйықтап, көктемде қайта оянады.








Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015
3-сурет: «Біздің аула». Күз мезгілі бейнеленген. Балалар жылы киініп алған.Олар аулаға түскен сары жапырақтарды жинап жүр. Ақтай талдын түбін қопсытып жатыр. Жанерке мен Нұржайнат жапырақтарды сыпырып жинап алып жатыр. Әлихан мен Аида күзіағаштарды отырғызып жатыр. Себебі күзде еккен талдың тамыры тереңге тез жайылады. Айнала сары алтын түске енген.







4-сурет«Көшеде».Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Күз мезгілі бейнеленген.Күн жаңбырлыәрі жел бар.Адамдар жылы киініп алған. Қолдарындақолшатыр бар. Альбина апасымен бірге балабақшаға келе жатыр.Айнамкөз мектепке бара жатыр. Ал, Адайбектің әкесі мен анасы жұмысқа кетіп бара жатыр. Ал, күшігі Ақтөс жаңбырдың астында қалып қойыпты, үсті малмандай су болып қалған.




5-сурет. «Құстардың тіршілігі»Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Торғайлар бақта ағаш басына қонақтапты. Бұл жерде 3 торғай өзара тату тұрып жатыр.Олар әрқашан бірін-бірі қорғап жүреді. Күздеқұстар жылы жаққа ұшып кетсе, суық торғайлар қыста қонақтап қалады. Олар суыққа өте төзімді келеді.

6-сурет.Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015

Күз мезгілі. Тышқан мен кірпі жылы киініп алған. Кірпі саңырауқұлақ теріп келе жатыр. Алдынан тышқан досы

кездесті. Тышқанның қолындақолшатыры бар, себебі күн бұлттанып жаңбыр жауғалы тұр. Жәндіктер де жанбырдан сақтану үшін талдың ығына қарай кетіп бара жатыр.



«Күз ханшайымы»

«Әнші ару»


«Биші ару»

«Сүйкімді ару»

«Шебер ару»

«Тапқыр ару»

«Айнала

алтын күз»

Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015

Тәрбиеші: Жақсылықова Айгүл

9 қазан 2012 жыл Білім беру саласы: Таным, қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру, тіл дамыту Тақырыбы: «Айнала алтын күз» Мақсаты: * Күз туралы түсінік беру;  Күз туралы білімдерін бекіту;  Табиғатты аялауға, құрметтеуге, баптауға үйрету;  Жыл мезгілі туралы түсінік беру;  Баланың ой өрісін дамыту;  Күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету,  Күз туралы тақпақтар айта отырып баланың тілін дамыту;  Суреттерді әңгімелей отырып байланыстыра сөйлеуін дамыту;  Сөздік қорын молайту;  Ертегіні қоя отырып балалардың бойындағы шығармашылық /әртістік/ қабілеттерін ашу, Көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидектердің, көкөністердің атрибуттары мен муляждары Табиғи жапырақтар Жеміс талдары Аудио және СD үнтаспалары Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге бүгін көптеген ұстаздар келіпті.Сәлемдесуәдептілік белгісі балалар, алдымен оқу іс-әрекетімізді бастамасбұрын ұстаздармен амандасып алайық. Балалар: Сәлеметсіздерме! Қонақтар: Сәлеметсіздерме, балалар! Тәрбиеші: Енді балалар, әдеттегідей шаттық шеңберіне жиналып, алтын күнмен, туған жермен амандасып алайық. Балалар: Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015Армысың, Алтын күн! Армысың, Жер ана! Армысыздар қонақтар! Армысыңдар достарым! Аман болсын халқымыз, Заман болсын ең тыныш! Аман болсын аналар, Аман болсын балалар! Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015Тәрбиеші: Балалар, енді «Жүректен жүреке» жылы да шырайлы шеңбер бойына жиналып, бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.  Аспанымыз ашық болсын!  Еліміз тыныш болсын!  Бақшамыз бақты болсын!  Жеріміз гүлдене берсін!  Елімізде бейбітшілік болсын!  Ынтымағы жарасқан ел болайық!  Қазақстан гүлдене берсін!  Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015Отбасымыз аман болсын!  Деніміз сау болсын!  Жеріміз бай болсын!  Әрқашан күн сөнбесін! Жарайсыңдар, орындарыңа жайғасып отыра қойыңдар. Сұрақ - жауап айдары: - Бір жылда неше жыл мезгілі бар? - Төрт жыл мезгілі бар - Қалай атаймыз? - Көктем, жаз, күз, қыс - Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік? - Күз - Күз неше ай қонақта болады? - 3 ай - Күз айларын атайықшы? - Қыркүйек, қазан, қараша - Күз ерекшелігі қандай? - Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Егіс алқабы да пісіп қамба дәнге толады. Қатты жаңбыр жауған кезде адамдар жылы киініп, қолына қолшатыр ұстайды. - Күзде адамдардың еңбегі орасан зор. Олар көктем мезгілінде еккен егінді,жемістер мен көкөністерді жаз бойы суарып, баптайды. Арам шөптерін жұлады. Сөйтіп күзде жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көре бастайды. Енді, Суреттерге назар аударайық, осы суреттегі адамдарға есімдер қойып олардың іс-әрекеттерін айталық. 1-сурет: «Күзгі бақ». Күз мезгілі бейнеленген. Балалар жеміс бағында алма жинап жүр. Әліби алма ағашынан алманы үзіп Назеркеге беріп жатыр. Ал, Назерке оны алып Әлиханға беруде. Ал Әлихан болса Жамилаға тасып беруде. Жамила алманы жәшікке салып жинап жатыр. Арғы бетте басқа да балалар жемістерді жинап жатыр. Жиналған өнімді дүкенге жібереді. Дүкеннен тұтынушылар сатып алады.Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 2-сурет: «Саябақ».Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Адайбек пен Нұржайнат саябаққа барып күзгі жапырақтарды теріп жүр. Оларалма теріп жүрген кірпіні көріп қызықтауда. Ал, кірпі өз азығы алманы жинап бара жатыр. Саябақ іші алтын түске еніпті, талдарда күз түскенге мәз мейрам болып тұр, себебі олардың да демалатын уақыты келді. Талдар қыс бойы ұйықтап, көктемде қайта оянады. 3-сурет: «Біздің аула».Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Күз мезгілі бейнеленген. Балалар жылы киініп алған.Олар аулаға түскен сары жапырақтарды жинап жүр. Ақтай талдын түбін қопсытып жатыр. Жанерке мен Нұржайнат жапырақтарды сыпырып жинап алып жатыр. Әлихан мен Аида күзіағаштарды отырғызып жатыр. Себебі күзде еккен талдың тамыры тереңге тез жайылады. Айнала сары алтын түске енген. 4-сурет«Көшеде».Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Күз мезгілі бейнеленген.Күн жаңбырлыәрі жел бар.Адамдар жылы киініп алған. Қолдарындақолшатыр бар. Альбина апасымен бірге балабақшаға келе жатыр.Айнамкөз мектепке бара жатыр. Ал, Адайбектің әкесі мен анасы жұмысқа кетіп бара жатыр. Ал, күшігі Ақтөс жаңбырдың астында қалып қойыпты, үсті малмандай су болып қалған. 5-сурет. «Құстардың тіршілігі»Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Торғайлар бақта ағаш басына қонақтапты. Бұл жерде 3 торғай өзара тату тұрып жатыр.Олар әрқашан бірін-бірі қорғап жүреді. Күздеқұстар жылы жаққа ұшып кетсе, суық торғайлар қыста қонақтап қалады. Олар суыққа өте төзімді келеді. 6-сурет.Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Күз мезгілі. Тышқан мен кірпі жылы киініп алған. Кірпі саңырауқұлақ теріп келе жатыр. Алдынан тышқан досы кездесті. Тышқанның қолындақолшатыры бар, себебі күн бұлттанып жаңбыр жауғалы тұр. Жәндіктер де жанбырдан сақтану үшін талдың ығына қарай кетіп бара жатыр. Тәрбиеші: Жапырақтардың түсі қандай?/сары/ Енді балалар күз туралы тақпақтарды еске түсірейікші: Әліби: Алтын, сары, қызыл, көк Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015Алуа-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Нұржайнат: Алтын нұрдай тамшылап, Жапырақтар төгіледі. Біздің өмір таң шуақ Біздің өмір көңілді. Адайбек: Біреу астық түсіріп, Біреу бидай ұшырып. Жатқан мезгіл күз екен Алдым соны түсініп. Назерке: Қыстың жақын қалғанын, Жапырақтар білгендей Желмен ұшып барады Жерге қонып үлгермей. Есік қағылып қонаққа Қонжық пен Қоян келеді: Сәлеметсіздерме!

Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Балалар: Сәлеметсіздерме! Қонжық пен қоян балаларға бау бақшаға барып тәтті өнімдер тергенін және жолда көргендерін айтады. Оларға әсіресе егіс алқабында комбайнның бидай орып келе жатқаны қатты ұнапты. Қоянға сәбіз жинаған өте қызықты болыпты. Олар жеміс пен көкөністердің бір себетке жинағанын, енді бөліп алайын десе араларындағы келіспеушіліктердің туындағанын айтады. Бір қызығы олар тергендерінің не жеміс не көкөніс екенін білмейді екен. Содан: Барыс: Маңғыстау облысында, Қоян: Түпқараған ауданында, Барыс: Таушық ауылында: Қоян: «Айгүл» балабақшасында Барыс: «Құлыншақ» тобында Қоян: «Айнала алтын күз» деген ашық оқу іс-әркетенің болып жатқанын естіп бүлдіршіндерден көмек сұрай келдік. Тәрбиеші: Балалар, не істейміз барыс пен қоянға көмектесеміз бе? Балалар: Иә.

(Қонақтарды төрге жайғастырып, отырғызады). Тәрбиеші: Ендеше мен барыс пен қоянға жұмбақ жасырайын. Ал,сендер оларға көмектесіңдер жарай ма? Балалар: Иә. 1) Жаздай інге тығылып Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып Әкелді әжем бір күні /сәбіз/ 2) Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр /қызылша/ 3) Жайлы жұмсақ төсегім, Домаланып пісемін. Қабат-қабат тоным бар, Қалай оны шешемін /қырыққабат/ 4) Көмдің тағы түйірлеп, Қазып алдың үйірлеп /картоп/ Тәрбиеші:

Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Сәбіз-Аида, қырыққабат-Серікжан, қызанақ-Жігер. Тәрбиеші: Менде тағы да жұмбақтар бар. Барыс пен қоян мұқият болыңыздар. 1) Аспай піскен, қайнамай түскен. /жеміс/ 2) Болған соң түсі қызыл әрі шұбар, Адамзат жеп көруге оны құмар. Тегінде өне-бойы болып тұрмас, Біраз ғана боп тұрар уақыты бар. /Бүлдірген/ 3) Іші аумаған жүгері Түрі-түсі алмадай Ойымның жоқ бүгері Жесең бал деп қалмағай /Анар/ 4) Желілері жайылып, Жол - жол болып жатады. Күн нұрына бой ұрып, Жердің нәрін тартады. Жасыл шатыр астында, Кететіндей үзіліп, Тұр көп маржан тасындай, Мойыл моншақ тізіліп /Жүзім/ Тәрбиеші: Енді жемістер туралы тақпақтарға кезек берейік. Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Құлпынай - Жанерке Жүзім-Анелья Тәрбиеші: Енді балалар «Жемістер мен көкөністер» деген дидактикалық ойынға кезек берейік. Мына барыс пен қоянның себетіндегі барлық өнімді үстелүстіне қоямын. Ал, сендер оларды екі себетке бөлесіңдер. Бірінші себетке жемістерді жинаймыз. Ал, екінші себетке көкөністердіжинаймыз. Бір үстелдің жанына қоянды, екінші үстел жанына барысты отырғызып, ойын бірнеше рет қайталанып ойналады. Екі себетке жиналған өнімді қоян мен барысқа береді.

Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015

Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Сергіту: Ормандағы аюдың Құлпынай көп екен, Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. Тәрбиеші: Барыс, қоян сіздерге оқу іс-әрекетіміз ұнап жатыр ма? Барыс, қоян: Әрине ұнап жатыр. Балалар жеміс пен көкөніс туралы көп біледі екен. Барыс: Әсіресе жұмбақ шешкен кезде өте қызықты болды. Тәрбиеші: Барыс, қоян ал сендер ертегі білесіңдер ме? Барыс, қоян: Жоқ білмейміз. Тәрбиеші: Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер? Балалар: «Шалқан», «Бауырсақ», «Жеті лақ», «Аю мен түлкі» т.б Тәрбиеші: Балалар, барыс пен қоян ертегі білмейміз дейді. Ендеше біз «Шалқан» ертегісін еске түсіріп барыс пен қоянға орындап берейік, келістік пе? Балалар: Иә, келістік.

Ортада балалар барыс пен қоянға «Шалқан» ертегісін сомдап береді. Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Тәрбиеші: Барыс, қоян, ертегіұнады ма? Балалар: Иә, ұнады. Барыс: Маған қатты ұнады. Әсіресе ата, әже және немересі шалқанды тартып шығара алмағанда көмекке үй жануарларын шақырды ғой. Сол кездемен қорқып кеттім. Қоян: Иә, менде қорқып кеттім. Әсіресе күшік, мысық, тышқанның даусын естігендеқатты қорықтым. Олар менің тергендерімде жеп қояр деп ойладым. Сөйтсем, иттің, мысықтың, тышқанның даусын салып келе жатқанбалалар екен ғой. Олар, тату-тәтті отбасы мүшелері екен. Әжейдің шалқанды бәріне бірдей бөліпбергені сондай керемет болды. Тәрбиеші: Иә, біздің балалар барлық тапсырманы жақсы орындайды. Ал, сендер тағы не білгілерің келеді? Балалар соларды орындап берсін. Барыс: Жоқ, жоқ. Бізге ештене керек емес. Біз бүгін көп нәрсе үйрендік. Енді біз үйгеқайтумыз керек. Орманға жеткенше біраз уақыт бар. Ормандағыдостарымызға бүгінгі көргендерімізді айтып жүретін боламыз. Мен сендер сияқты дос тапқаныма қуаныштымын. Қоян: Менде қуаныштымын. Ормандағы барлық достарыма бүгінгі естіген жұмбақтарымды айтып жүретін боламын.

Барыс пен қоян балалармен қоштасып шығып кетеді.

Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма? Балалар: Иә Тәрбиеші: Қай бөлімі ұнады? Балалардың жауабы. Тәрбиеші: Қонаққа кімдер келді? Балалар: Барыс пен қоян Тәрбиеші: Олар қайдан келе жатыр екен? Балалар: Бау-бақшадан келе жатыр Тәрбиеші: Олар бау-бақшадан не теріп келді? Балалар: Жемістер мен көкөністерді. Тәрбиеші: Иә, жемістер мен көкөністер теріп келді. Бірақ олар терген жеміс пен көкөністің атын білмеді. Біз оларға жұмбақ шешіп, тақпақ айтып, ертегісомдау арқылы олардың танымдық қабілеттерін ашуға көмектестік. Бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан үшін сендерге көп-көп рахмет. Құрметті апайлар, бүгінгі «Айнала алтын күз» атты ашық оқу іс-әрекетіміз осымен аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Қане балалар апайлармен қоштасып алайық. Балалар: Сау болыңыздар.

Қонақтар қоштасып шығып кетеді.

«Шалқан» орыс халық ертегісі

Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015

Шал-Адайбек, әже-Назерке, қыз-Нұржайнат, күшік-Серікжан, мысық-Аида, тышқан-Әліби

Тәрбие сағаты Алтын күз - 2015 Оқу іс-әрекетіне қатысқан бүлдіршіндер: Назерке, Тимур, Аида, Әліби, Адайбек, Жігер,Серікжан, Жанерке, Анелья, Ақтай, Нұржайнат.



Үй жұмысы:

1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
3 «Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары) поделка
4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)

Үй жұмысы:

1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
3 «Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары) поделка
4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)


Үй жұмысы:

1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
3 «Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары) поделка
4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)

Үй жұмысы:

1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
3 «Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары) поделка
4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)

Үй жұмысы:

1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
3 «Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары) поделка
4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)

Үй жұмысы:

1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
3 «Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары) поделка
4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)








Тақпақтар.

1. Қауын-қарбыз қазан болды
Бау-бақша мен қырманда тазаланды
Әндетілген құстар даусы әуеленіп
Тарқап кетті соларменен құс базары

2. Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп
Күткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағың мәуелеп

3. Қамба толды астыққа
Алғыс саған «Алтын күз»
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап бидай алдық біз

4. Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

5. Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

6. Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан - алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

7. Алтын күз Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

8. Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...


9. Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

10. Алтын күз міне алдамда
Сары ала кілем жапырақ
Қауын, қарбыз, жүміммен
Көз тартады атырап
Егінім пісті алқапта
Қазағымның ырысы
Төрт түлігім семірді.
Көз тартады тұрысы
Құтты болсын алтын күз
Берекесі халқымның
Күзгі байлық тамаша
Шашуы көп салтымның.

Аспанымыз ашық болсын!

* Еліміз тыныш болсын!

* Бақшамыз бақты болсын!

* Жеріміз гүлдене берсін!

* Елімізде бейбітшілік болсын!

* Ынтымағы жарасқан ел болайық!

* Қазақстан гүлдене берсін!

* Отбасымыз аман болсын!

* Деніміз сау болсын!

* Жеріміз бай болсын!

* Әрқашан күн сөнбесін!

Жау-жау жаңбыр
1. Алатаулар бауырында,
Атам,әжем ауылына,
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

қ/сы: Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Мені әсем қалама.
Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.

Жау-жау жаңбыр
1. Алатаулар бауырында,
Атам,әжем ауылына,
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

қ/сы: Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Мені әсем қалама.
Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.

Жау-жау жаңбыр
1. Алатаулар бауырында,
Атам,әжем ауылына,
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

қ/сы: Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Мені әсем қалама.
Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.

Жау-жау жаңбыр
1. Алатаулар бауырында,
Атам,әжем ауылына,
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

қ/сы: Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Мені әсем қалама.
Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.

Жау-жау жаңбыр
1. Алатаулар бауырында,
Атам,әжем ауылына,
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

қ/сы: Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Мені әсем қалама.
Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.

Жау-жау жаңбыр
1. Алатаулар бауырында,
Атам,әжем ауылына,
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

қ/сы: Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Мені әсем қалама.
Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.






Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік(Жапырақтар сарғайғанда)

Тақырыбы: «Жапырақтар сарғайғанда»
Мақсаты: Оқушылардың өз өнерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік беру.Сахнада өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Түрі: тәрбие сағаты
Әдісі: сахналық қойылым, сайыс, ертеңгілік

Барысы:
1-жүргізуші
-Күз адамға берер сыйы мол берекелі мезгілдің бірі ғой шіркін!
2-жүргізуші
-Иә табиғаттың әр мезгілінің орны ерекше ғой!
1-жүргізуші
-Қазақ халқы астық орылып, мал жайлаудан түскеннен кейін шаруаның реттелгеніне қуанып күзде сабан той жасап жатпаушы ма еді?
2-жүргізуші
-Иә сол жақсы дәстүр біздің мектепте де жалғасын тауып жүргендей.
1-жүргізуші
-Олай болса жұртты тойға шақырайық!
2-жүргізуші
-Шақырсақ шақырайық!
1-жүргізуші
-Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші
-Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1,2 жүргізуші бірге:
-Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

1-жүргізуші
- Уа,халайық,халайық!
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың,
Алтын күзге арналған,
Кешімізді бастайық
2-жүргізуші
Қар түсіпті асқарларға
Аңызақта қаңбақ жүр
Сабан тойды бастаңдар да
Алтын күзді таң қалдыр!
1-жүргізуші
-Ендеше не тұрыс? Қанеки ортаға бүгінгі кештің қонақтарын шақырсақ!

Күзгі вальс 4 «а» сынып оқушылары
2-жүргізуші
Қауын-қарбыз қазан болды
Бау-бақша мен қырманда тазаланды
Әндетілген құстар даусы әуеленіп
Тарқап кетті соларменен құс базары
1-жүргізуші
Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп
Күткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағың мәуелеп

2-жүргізуші
Қамба толды астыққа
Алғыс саған «Алтын күз»
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап бидай алдық біз
1-жүргізуші
Дұрыс айтасың! Күз мезгілі молшылықтың, берекенің, тоқшылықтың мезгілі емес пе?Олай болса көрермендерімізден сұрайықшы!Күздің кереметтері деп нелерді айтамыз! Күз неге молшылық, тоқшылық айы саналады....
(1-4 сынып оқушыларынан сұрақ-жауап алу)
2-жүргізуші
-Ендеше жемістердің айтысын тамашалаңыздар!
Жемістер айтысы(көрініс) 3 «а» сынып оқушылары
2-жүргізуші
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй демекші күз деген көңілді мезгілде Ақмарал өзіңнен бір ән сұрасақ артық болмас еді!Қалай қарайсыөдар???
Ән:
2-жүргізуші
-Құрметті қонақтар мен оқушылар! Келесі кезекті қызықты да көңілді ойынға берсек қалай қарайсыздар! Ендеше мақал - мәтел айтып, жұмбақтар шешейік!
1-жүргізуші
Сахнаға мен көп мақал білемін, жұмбақ шеше аламын деген батыр оқушыларды шақырайық!
(Сахнаға 4-5 оқушы шығады)
2-жүргізуші
Мына жердегі жемістерде тапсырмалар жазылған, сол тапсырманы дұрыс айтсаңдар жемісті өздеріңе аласыңдар!
1-жүргізуші
Бүгінгі кешіміз өте көңілді өтіп жатқан сияқты.Солай емес пе , Асылжан!
2-жүргізуші
-Дұрыс айтасың, Ақмарал!Өте көңілді өтіп жатқан сияқты
1-жүргізуші
Ендеше келесі ойынды көрермендермен ойнасақ!Ортаға 3 «ә» сыныбынан 2қыз 2ұл бала және 4 «ә» сыныбынан 2 қыз 2 ұл бала шықса.
Ұлдар мен қыздар сайысады. Көздерін жауып «Күз» тақырыбына сурет салады.
2-жүргізуші
Уа, халайық,халайық!
Барша жұртты шақырдық
Би де билеп , ән айтып
Қуаныштан шалқыдық
1-жүргізуші
Уа, халайық,халайық!
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді жабайық!
2-жүргізуші
Осымен «Алтын күз» мерекесіне арналған 3 және 4 сынып оқушыларының дайындаған «Жапырақтар сарғайғанда» атты ертеңгілігі аяқталды:
1-жүргізуші
Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!Келесі кездескенше
1, 2-жүргізуші бірге
Хош сау болыңыздар!

© 2010-2022