Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпСабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпСабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпСабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып
Күні: 21.11.2015. Сабақтың тақырыбы: Тұрлау лы мүшелер. Мақсаты: 1.Тұрлаулы мүшелер бастауыш пен баяндауыштан тұратынын, олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіретінін меңгерту; 2.Оқыту жолдарының бірі - ойлау, тілін анық ету үшін лексиканы қалыптастыру, бірлескен, топтық жұмыстар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, табысқа жетуге бағыттау; 3 Оқушыларды арасында сенімді қарым- қатыснас қалыптастыру арқылы ынтымақтастық ортада жұмыс жасауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Тұрлаулы мүшелердің сөйлемде негізгі ойды білдіретінін меңгереді,топпен жұмыс жасау арқылы әр оқушы өз идеяларын ортаға салады, дәлелдемелерін ұсынады,бірінің ойын бірі толықтырады. Сабақ барысында қолданылатын іс-әрекет: әр оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ететін ынтымақтастық орта құру, топтық, жұптық жұмыстарға берілетін уақыттың шегін тапсырманың барысында ескертіп отыру,қолдау көрсету, бірлесіп жұмыс жасау негізінде мәселені шешіп, мақсатқа жету. Сызбасы:
Оқушылардың еңбегінің жемісі: "Тұрлаулы мүшелер"постерлер (А4). Тақырыпты қалай меңгергендігі жайында дайындамасы. Баға критериелері: "Светофор" әдісі бойынша әр топ бір - біріне баға береді, сұрағы болса қояды. (қызыл - сұрағым бар, сары -толықтырсам деп едім, жасыл - жақсы) (оқушылардың қызығушылығын арттыру) САБАҚ БАРЫСЫ:

  1. Кіріспе бөлім. Сабаққа психологиялық дайындық.Топтарға бөлу.
  2. Өткен тақырыпқа шолу жүргізу.
  3. Тақырыппен таныстыру.Тақырыптың өзектілігін айту.
Сабақтың мақсатын анықтап, нәтижесін болжау.
  1. Жұппен,топпен жұмыс.Терең ойлау,шығармашылық жұмыстары .
  2. Рефлекссия. «Не білдім?», «Не білгім келеді?»
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер қосымшада ұсынылып отыр. 1.Ұйымдастыру. (3мин) Психологиялық дайындық.(бір - біріне алақандарын тигізіп) Біз тамаша баламыз, Оқып білім аламыз. Ашық болсын көкте күн, Сонда бақытты боламыз. Жақсы болсын күніміз, Тыныш болсын түніміз. Бүгінгі күнге сәттілік тілейміз!(шапалақ) Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып 1.2. Топқа бөлу.«Орманда». Оқушыларға төрт түрлі сурет бөлініп беріледі. Сыныптан төрт оқушы шығып, өздерінің суреттеріне сәйкес суреттерді теріп, өздеріне топ жинайды. Жапырақ, саңырауқұлақ, жаңғақ,гүл. (Қосымша суреттер) 2.Тапсырма . Миға шабуыл.(СТОстратегиясы) Ойланып, келесі сұраққа жауап беріңіздер. Бастауыш пен баяндауыш жайында не білеміз? Мысалдар арқылы дәлелдеңіздер.(А4)постеріне безендіру.(5 мин) Әр топтан бір адам сөйлейді.(Қосымша) Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпМұғалімнің жаңа сабақпен таныстыруы, көрнекілік арқылы түсіндіруі, өзектілігін жеткізіуіжайында сөзі (6 минут) Тұрлаулы мүшелер Қар жауды. Бүгін қар жапалақтап жауды. Негеш? - Бұл сөйлемде қар туралы, оның жауғаны туралы айтылып тұр ғой? Білгішбек: - Өте дұрыс. Екі сөйлем де қар туралы айтылып, оның жауғанынхабарлайды. Қазіргі уақыт қандай жыл мезгілі, балалар? Жауап: Мұғалім: - Балалар,дұрыс, сөйлемдерде қардың жауғандығы туралы айтылған.Қазіргі уақытқа байланысты айтылып тұр. Балалар, міне күздің де соңғы айы. Қыс айларын атап жіберейікші.Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қар жауды. Не? - Қар. Бұл бастауыш. Не істеді? - Жауды.Бұл баяндауыш. Сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Негізгі ойды білдіреді. Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде,Бүгін жапалақтап қар жауды, бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.Олар: Қашан? - бүгін, Қалай? - жапалақтап. Бұлар тұрлаусыз мүшелер,(алдын - ала түсінік)оны сұрақ қою арқылы анықтаймыз. Сонда біз бүгін: НЕ? Туралы ойлаймыз, Бұл сабақ НЕ туралы болады, оны ҚАЛАЙ білетін боламыз? Осындай сұрақтарды ойбағдар ретінде ұсына отырып,сабақтың сипатын ашуды көздеймін. Оқушыларға дәптерлерін ашып, бүгінгі күннің тақырыбын жазу, одан әрі тақтада берілген көркем жазуды орындау ұсынылады. Көркем жазу. Сс. Саз. Сәуле сауда жасады. Жұппен жұмыс. 61 тапсырма. (Ауызша) Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, жұптан біреуің неліктен турлаулы дейтінін түсіндіріп көріңдер. (4 минут) Терең ойлау 62 тапсырма. Дәптерде жұмыс. Жазбаша тапсырма, мәтінді тиісті тыныс белгелерін қойып, көшіріп жазу, мәтінге ат қою, тұрлаулы мүшелердің астын жазу. Топтан бір оқушы жұмыстарын қорғайды. (Қосымша фотолар) 63 тапсырма. Мақалды жаттап, жатқа жазу, турлаулы мүшелерді табу, әр топтан бір оқушы шығып, мақалдың мәнін қалай түсінгендері туралы айтады (5 минут) Сергіту «Кел, билейік» Бір оқушы топтардың алдына шығып, сергіту сәтін өтетін айтып, сыныптастарынан орындарынан туруларын сұрайды. Музыка қосылады, сергіту сәті өткізіледі (2 мин)(Қосымша) Сурет бойынша әңгіме құрау. 65 тапсырма. Шығармашылық тапсырма(7 минут)

Төмендегідей тапсырмалар орындалады:

  • суретті мұқиат қараңдар, ойларыңды топта бір- біріңе айтыңдар;
  • сурет сендерге қалай әсер етті, шағын әңгіме құраңдар, әңгімелеріңдегі негізгі ойды дұрыс аша біліңдер, әңгімеге ат қойыңдар;
  • құраған сөйлемдеріңнен тұрлаулы мүшелерді табыңдар.
  • сендер үлкендерге қалай көмектесесіңдер?
  • Алдын - ала шеңбер жасап қойылған бес орындыққа топ болып отырып, әңгімелерін тізбектеле айтып, жұмыстарын қорғайды. (Құраған сөйлемдерін, әңгіме құрастыру барысында мақал- мәтелдерді пайдаланса, А4 қағазына түсіріп, қорғау кезінде пайдалануға болатыны ескертіледі) (Қосымша)
Шығармашылық тапсырма бойынша ой түйін: Сабақта белсенділік танытып отырған оқушыға барлық топтың жұмысын қорытындылап түйін жасау ұсынылады.( қысқаша мазмұны сабақ жоспарына қосымша ретінде тапсырылады) Тест (4 минут) (Қосымша сурет) 1.Бастауышты көрсет А) тәтті Б) тұрды С) дәптер 2.Баяндауышты көрсет А) кітап Б) ойнады С) жапалақтап 3. Тұрлаулы мүшелерді белгіле А)Сәуле Б) қызыл С) Биледі 4) Тұрлаулы мүшеден басқа сөзді белгіле А) оқушы Б) асхана С) дәмді 5. Сәйкестендір А) Бастауыш Ойнады Б) Баяндауыш Сызғыш

Рефлексия 5 минут.

  • Бізді сабақта қызықтырды

  • Сабақта қиындық тудырды

  • Не білдік?

  • Не білгіміз келеді?

Бағалау:

Топ жұмыстарын қалай бағалайсың?

сұрағым бар

толықтырғым келеді

жақсы

Саңырауқұлақ, жаңғақ, итмұрын, жапырақтоптардың бағасын оқушылар түстер арқылы көрсетеді.

Топтардың бірін - бірі бағалауы ескеріледі(2 минут)

Үйге тапсырма 77 - бет. 64 бет түсіндіріліп беріледі (2 минут)

Қосымша

Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпСабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып

Шаттық шеңбері

Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпСабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып

Топқа бөлуСТО сратегиясы Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпСабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып Миға шабул Терең ойлау, дәптерде жұмыс Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпСабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып



Мақалды жатқа жазу Сергіту сәті Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпСабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып Шығармашылық жұмыс «Шеңбер» өз жұмыстарын қорғау

Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сыныпСабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып

«Өзіңді тексер» Ой түйін Сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер 3 сынып

«Светофор» әдісі арқылы бағалау

Бұл оқушы басқа топтардың жауабын толықтырғысы келеді





© 2010-2022