Ана тілінен өткен бөлімді қайталау сабағы Алтын қақпа ойыны

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Алтын қақпа Мақсаты: 1. Ана тілі пәнінен өткен тақырыптар бойынша сөздіктерді ойын арқылы естеріне түсіру. 2. Ойын арқылы оқушылардың сөздік қорларын жетілдіре түсу. 3. Сөздерді өмірде орынды пайдалануға, сөз мағынасын ажырата алуға баулу. Сабақтың түрі: ойын сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап. Көрнекілігі: мақтау қағаз, сандық, қақпалар, асық. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) топтарды отырғызу. ә) қонақтарды орналастыру. ІІ. Ойын барысы 1. Кіріспе сөз: Армысыздар Ата-аналар, ұстаздар, Алтын қақпа ойынына құштарлар. Армысыздар балғын бөбек шәкірттер, Армысыздар сайысушы топтар. «Алтын қақпа» ойыны ұлттық телеарнада жүретінін білесіздер. Ойынның мақсаты көнерген қазақтың сөздері тапсырма ретінде алынып, сол сөздің мағынасын түсіндіру, ашу болатын. Бүгінгі біз ойында ана тілі пәнінде берілген сөздіктердегі сөздердің мағынасын түсіндіріп, ашып айтып жарысатын боламыз. Ойын барысында өткен тақырыптардың сөздіктерін қай топ көп білетінін, естерінде жақсы сақтайтынын айқындалатын болады. Ойын шарты: үш қақпа яғни үш турдан тұрады. Әр қақпада 10 сұрақтан, кезекпен топтарға оқылады. Жауап берген сайын асық беріледі. Қай топ көп асық жинаса сол топ алтын сандықты ашатын болады. Ал алтын сандықта бағалы сыйлық бар. Сандық ішіндегі сұраққа дұрыс жауап берілсе ғана алтын сандық ашылатын болады. Содан кейін ғана қандай сыйлық екенін білетін боласыңдар. Ал,сұрақтарың дұрыс-бұрысын әділ-қазылар байқайтын болады. Сондай - ақ қай топ бірінші қол көтергенін, тәртіптерін бәрін бақылап отырады. Сұраққа топ жауап бере алмаса қарсылас топ сұраққа жауап беруге болады. Ойлануға 1минут.
2.Топтардың өздерін таныстыруы. Дулыға: Басына батырлар киетін Соғыста үнемі жүретін Әр кезде қорғаныш болатын «Дулыға» тобымыз тұратын Ал найза сіздерге тіледік Ойынның жеңілдеу сұрағын.
Семсер: Батырдың бір қаруы Темірден соғып жаралған Жалын шығар қарудан Соққан сайын қырынан Ақ тілекті тіледі Дулығаға семсер тобынан
3. І тур. «Тас қақпа» Сұрақтар: 1. Қозықа-арқардың қозысы. 2. Кергіш-жіпті керіп байлайтын ағаш. 3. Межелі-мөлшері, шамасы, уақыты. 4. Қотан-қой иіретін үй маңы. 5. Қағілез-тіл алғыш, пысық. 6. Ет бауыр-жақын өте жақын адам. 7. Шерсіз-қайғы-мұңсыз. 8. Балапан жүректі-сәби, жас. 9. Көздің қарығуы-қарашық қуатының кемуі. 10. Көңілге медеу-арқа сүйеу.
Ән: «Әжем» ІІ тур. «Күміс қақпа» Сұрақтары: 1. Күннің аптабы-күннің ыстығы,лебі. 2. Жайрады-сұлап жатты, өліп жатты. 3. Қуыстану-күдіктену, сескену. 4. Бас білмейтін-әлі жөн, бағыт біле, үйрене қоймаған. 5. Мәуіт-ықылас, пейіл. 6. Керуен -алыс сапарға шығатын көліктер тізбегі. 7. Бақыр-темірден, қаңылтырдан жасалған ақша 8. Сілесе қату-қатты шаршау. 9. Құдіретті -күш, қасиеті. 10. Кәде - керекке, қажетке, пайдаға жарау. Би: «Шашбаулым» ІІІ тур. «Алтын қақпа» 1. Пырақ- жүйрік, дүлділ жылқы. 2. Шеңгел-тікенекті бұта. 3. Іргесі-тұсы, қасы, жаны. 4. Мамық-үлпілдеген майда, жұмсақ құс жүні. 5. Кемеңгер-данышпан, дана. 6. Әшекей-өрнек, сәнді ою. 7. Мұрагер-орын басушы, дүниеге ие болушы. 8. Өң-ажар, түс. 9. Тұрқы-тұлғасы, пішіні. 10. Еті үйрену-сескенбеу. Ән: «Ана» Қорытынды: «Алтын сандық» тапсырмасы: Көзінің жанды шырағы-қуанды, рақаттанды а) Марапаттау. б) Алтын сандық сыйлығын тапсыру Ән: «Айналайын»



© 2010-2022