Планирование урока

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Салауатты өмір салты - денсаулық.

Оқу залы.Тақырыпқа сай «Менің денсаулығым - менің болашағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,гүлшоқтары қойылып, нақыл сөздер, шарлармен безендіріліп (Ақырын музыка ойнап тұрады. Ортаға жүргізуші шығады.)

Жүргізуші:Сәлеметсіндер ме, балалар және ойын-саяхатқа қатысушылар! «Денсаулық - зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі де болады. Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек.Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әулетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әрбір адам дені сау, күшті, сергек бақытты болуға ұмтылады.

«Денсаулық» пойызымен саяхаттау.

Ойынның шарты

1.Әділқазылар алқасымен таныстыру.

2.Оқырмандар 3 топқа бөлінеді. Егерде сұрақ қойылған топ мүшесі жауап бере алмаса, онда қарсылас топтан жауап беруіне болады.

3.Сұрақтардың жауаптары «5» ұпайлық белгімен бағаланады. Топқа сұрақтар беріледі, қай топ бірінші болып жалаушаны көтерсе, жауап беру кезегі сол топқа беріледі.

Бекет аттары:«Имандылық - әдептілік», «Тазалық», «Ас - адамның арқауы», «Менің бір күнім».

«Имандылық - әдептілік» бекеті

1 - оқушы: Ерте тұрып кунде мен

Терезені ашамын.

«Сәлем» деймін Күнге мен,

Шаттық әнге басамын.

(Осы кезде «Әрқашан күн сөнбесін» әні айтылады).

2 - оқушы: «Қайырлы таң, аташым!»

Деймін келіп атама.

«Қайырлы таң, анашым!»

Деймін келіп апама.

Сәлем - сөздің анасы,

Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.

Жүргізуші: Балалар, әдептілік пен имандылық арасында тығыз байланыс бар, өйткені екеуінің негізінде ізгілік пен ар - ұят жатыр. Иман дегеніміз - сенім, яғни денсаулыққа бірінші қадам - сенім, өзіне - өзі сену, жаратушыға сену.

Сұрақтар

1.Имандылықты қалай түсінесің?

2.Әдептілік дегеніміз не?

3.Әдептіліктің сыры неде?

«Тазалық» бекетінің сұрақтары

1.Тазалық және гигиена дегенді қалай түсінесің?

2.Тісті күніне қанша рет тазалау керек?

1 - оқушы: Ал енді жұмбақ шешуге қалайсындар?

Ертемен күнде сен

Қолына сүйкесең,

Кетіп кір, ласың

Тап - таза боласың.

Бұл не?

(Сабын)

Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не?

(Сүлгі)

Иілсен иіліп.

Шүйілсен шүйіліп

Қарайды кісіге,

Ұқыпты ісіне

Бұл не?

(Айна)

Жүргізуші: Ал енді осы жұмбақтарды шешіп отырған оқырмандардың тазалықтары қандай екен?

(Балалар жауабы тыңдалады.)

Келесі тоқтайтын бекетіміз - «Ас - адамның арқауы».

Ән: «Қазақы дастарханым».

Сұрақтар

1.Тамақтану туралы не білеміз?

2.Ыстық тамақтан соң іле- шала суық тамақ ішу неге зиян?

3. Тәулігіне қанша рет тамақтану керек?

1-оқушы: Мен мақал айтайыншы.

1) Ауру астан.

2) Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

3) Ішің ауырса - аузыңды тый.

Жүргізуші: Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңдерші. «Иә» - 2 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай, «кейде» - 1 ұпай.

  • Тәулігіне 4 сағат сайын 3 рет тамақтану керек.

  • Тамақты асықпай әбден шайнаған дұрыс.

  • Қантты балмен, жеміс-жидекпен алмастыру керек.

  • Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеген дұрыс.

  • Суды шамалы мөлшерде ішу керек.

  • Тамақ жаңа дайындалған, жаңа піскен болуы керек.

  • Дастарханға тамақ ішкің келгенде ғана отыру керек.

  • Әбден тойып тамақтанбаған дұрыс.

17-18 ұпай «өте жақсы»

15-16 ұпай «жақсы»

13-14 ұпай «қанағаттанарлық»

12-ұпай «нашар»

Жүргізуші: Келесі бекетіміз - «Менің бір күнім»

Сұрақтар

  1. Адам тәулігіне қанша сағат ұйықтауы тиіс?

  2. Үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсайсың?

  3. Бос уақытта немен айналысасың?

  4. Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру деген не?

Жүргізуші: Бәрекелді, балалар, барлық бекеттердегі сұрақтарға жауап бердіңдер! Өте тамаша.Енді сергіту сәтін пайдаланып, «Денсаулық» сөзіне мақал-мәтел айтайық.

Д - Дәрі шөптен.

Е - Емнің алды - еңбек.

Н - Негізгі байлық - денсаулық.

С - Саулық - байлық негізі.

А - Ас - адамның арқауы.

У - У ішсең өлерсің.

Л - Ластың досы - шыбын.

Ы - Ыдысы тазаның ырысы таза.

Қ - Қотыр қолдан жұғады.

Жүргізуші: Айналайын, балалар, мақалды да жақсы біледі екенсіңдер! Енді «Денсаулық» сөзіне сөзтізбек құрастырайық. Іске сәт!


  1. Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану керек? ( дене шынықтыру)

  2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді? (гигиена)

  3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата. (Үнді)

  4. Адамға ең керек тағамдардың бірі. (су)

  5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды? (ауа)

  6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі. (шылым шегу)

  7. Дені сау адамның денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар? (валеология)

  8. Адамның денсаулығына ең керекті не нәрсе? (ұйқы)

  9. Американ ғалымы П. Брэг адамдарда болатын аурулардың 99%-ы недне болатынын айтқан? (тамақтанбаудан)

Ал енді «Денсаулық» ой жұмбақты шешейік.


  1. ... саудың жаны сау.

  2. ... тепкен құлынның еті ауырмайды.

  3. Ер ... ат.

  4. Ауру ... болады.

  5. ... үйді қонағы билейді.

  6. ... жасырғанды өлім әшкерелейді.

  7. ... басынан шіриді.

  8. ... алды - ынтымақ.

  9. ... түскен баспақшыл.

Жүргізуші: Ал, балалар, алдағы күндерің сәтті болсын, дендерің сау, көңілдерің көтеріңкі болсын. Бар ниеттеріңді салып өнер- білім алыңдар, ұқыпты, оқу озаты болып ата-аналарыңды қуантыңдар!

Енді ойын-саяхатымызды қорытындылай келе «Дені сау адам - ол қандай адам?» деген сұраққа...

(Балалар жауабы тыңдаады)


  1. Шыныққан

  2. Еңбекқор

  3. Білімді

  4. Көңілді

  5. Қоғамға пайдасын тигізеді

  6. Белсенді

  7. Кез-келген мәселені шеше алады

  8. Елімізді көркейтеді

  9. Денсаулығы мықты.

Жүргізуші: Өте дұрыс айтасыңдар. Барлықтарың да сұлусыңдар, әдемісіңдер, ақылдысыңдар, жарайсыңдар! Осы сөздерді естігеннен кейін өздеріңді қалай сезіндіңдер? Көңілдерін өсіп қалды емес пе? Сондықтан әрқашан бір-бірімізге қошемет, марапат, жақсы сөздерді айтып жүрейік. Халқымыз бұл туралы « Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді.

( Осы кезде екі оқушы өлең оқиды)

1-оқушы:

Сымбатты жүр әдемі

Өн бойыңды тік ұстап,

Көтеріп сәл кеудені

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр қисаймай,

Күш сап бас пен арқаға.

Жатып алма партаға.

2-оқушы:

Денсаулық - ол шынықан

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық - ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық - ол келуің

Көңіл күйің жадырай,

Денсаулық - ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Әділқазылар алқасы топтардың жинаған ұпай санын хабарлап жеңімпаздарды анықтайды. Ойын-саяхатты көңілді ән- бимен жалғастыруға болады.





Дені саудың-тәні сау.

«Менің денсаулығым - менің болашағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Жүргізуші:Сәлеметсіндер ме, балалар және ойын-саяхатқа қатысушылар! «Денсаулық - зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі де болады. Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек.Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әулетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әрбір адам дені сау, күшті, сергек бақытты болуға ұмтылады.

Шаттық шеңберін өткізу.

«Денсаулық» пойызымен саяхаттау.

Патшалық аттары:«Әдептілік», «Тазалық», «Дұрыс тамақтану», «Дене шынықтыру».

«Әдептілік» патшалығы

1 - оқушы: Ерте тұрып күнде мен

Терезені ашамын.

«Сәлем» деймін Күнге мен,

Шаттық әнге басамын.

«Қайырлы таң, аташым!»

Деймін келіп атама.

«Қайырлы таң, анашым!»

Деймін келіп апама.

Сәлем - сөздің анасы,

Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.

Сұрақтар

1.Әдептілік дегеніміз не?

«Тазалық» патшалығы»

1.Тазалық және гигиена дегенді қалай түсінесің?

2.Тісті күніне қанша рет тазалау керек?

1 - оқушы: Ал енді жұмбақ шешуге қалайсындар?

Ертемен күнде сен

Қолына сүйкесең,

Кетіп кір, ласың

Тап - таза боласың.

Бұл не?

(Сабын)

Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не?

(Сүлгі)

Иілсен иіліп.

Шүйілсен шүйіліп

Қарайды кісіге,

Ұқыпты ісіне

Бұл не?

(Айна)

Жүргізуші: Ал енді осы жұмбақтарды шешіп отырған оқырмандардың тазалықтары қандай екен?

(Балалар жауабы тыңдалады.)

Келесі тоқтайтын патшалығымыз - «Дұрыс тамақтану ».

Сұрақтар

1.Тамақтану туралы не білеміз?

2.Ыстық тамақтан соң іле- шала суық тамақ ішу неге зиян?

3. Тәулігіне қанша рет тамақтану керек?

Көрініс және ойын Пайдалы және зиянды тамақтар.

1-оқушы: Мақал-мәтелдер айтып мағынасын ашу..

1) Ауру астан.

2) Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

3) Ішің ауырса - аузыңды тый.

Жүргізуші: Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңдерші. «Иә» - 2 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай, «кейде» - 1 ұпай.

  • Тәулігіне 4 сағат сайын 3 рет тамақтану керек.

  • Тамақты асықпай әбден шайнаған дұрыс.

  • Қантты балмен, жеміс-жидекпен алмастыру керек.

  • Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеген дұрыс.

  • Суды шамалы мөлшерде ішу керек.

  • Тамақ жаңа дайындалған, жаңа піскен болуы керек.

  • Дастарханға тамақ ішкің келгенде ғана отыру керек.

  • Әбден тойып тамақтанбаған дұрыс.

17-18 ұпай «өте жақсы»

15-16 ұпай «жақсы»

13-14 ұпай «қанағаттанарлық»

12-ұпай «нашар»

Ғарышкерлер туралы сұрау.Сергіту сәті.

Жүргізуші: Келесі патшалығымыз - «Дене шынықтыру патшалығы»

Сұрақтар

  1. Адам тәулігіне қанша сағат ұйықтауы тиіс?

  2. Үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсайсың?

  3. Бос уақытта немен айналысасың?

  4. Дене шынықтыру сабағы саған неліктен ұнайды?

Жүргізуші: Бәрекелді, балалар, барлық патшалықтардағы сұрақтарға жауап бердіңдер! Өте тамаша.Енді Ұшқыш кілем тапсырмасы, «Денсаулық» сөзіне мақал-мәтел айтайық.

Д - Дәрі шөптен.

Е - Емнің алды - еңбек.

Н - Негізгі байлық - денсаулық.

С - Саулық - байлық негізі.

А - Ас - адамның арқауы.

У - У ішсең өлерсің.

Л - Ластың досы - шыбын.

Ы - Ыдысы тазаның ырысы таза.

Қ - Қоқыс жерді баспа.

Жүргізуші: Ал, балалар, алдағы күндерің сәтті болсын, дендерің сау, көңілдерің көтеріңкі болсын. Бар ниеттеріңді салып өнер- білім алыңдар, ұқыпты, оқу озаты болып ата-аналарыңды қуантыңдар!

Енді ойын-саяхатымызды қорытындылай келе «Денсаулықтың достары мен қастары туралы ойын ойнайық.(Балалар жауабы тыңдаады)

Сабақты қорытындылау.Не білдік?Не үйрендік?

Жүргізуші: Өте дұрыс айтасыңдар. Барлықтарың да сұлусыңдар, әдемісіңдер, ақылдысыңдар, жарайсыңдар! Осы сөздерді естігеннен кейін өздеріңді қалай сезіндіңдер? Көңілдерін өсіп қалды емес пе? Сондықтан әрқашан бір-бірімізге қошемет, марапат, жақсы сөздерді айтып жүрейік. Халқымыз бұл туралы « Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді.

Қонақтарға сыйлық сыйлау.

( Осы кезде екі оқушы өлең оқиды)

1-оқушы:

Сымбатты жүр әдемі

Өн бойыңды тік ұстап,

Көтеріп сәл кеудені

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр қисаймай,

Күш сап бас пен арқаға.

Жатып алма партаға.

2-оқушы:

Денсаулық - ол шынықан

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық - ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық - ол келуің

Көңіл күйің жадырай,

Денсаулық - ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Жүректен жүрекке.Балауса әнін айту.

Қонақтарға сыйлық сыйлау.

Д - әрі шөптен.

Е - мнің алды - еңбек.

Н - егізгі байлық - денсаулық.

С - аулық - байлық негізі.

А - с - адамның арқауы.

У - ішсең өлерсің.

Л - астың досы - шыбын.

Ы - дысы тазаның ырысы таза.

Қ - оқыс жерді баспа.




10


© 2010-2022