"Математика +1+1: -1-1; түріндегі қосу азайту"

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Математика +1+1: -1-1; түріндегі қосу азайтуМатематика +1+1: -1-1; түріндегі қосу азайтуМатематика +1+1: -1-1; түріндегі қосу азайтуМатематика +1+1: -1-1; түріндегі қосу азайту

Сабақтың тақырыбы: +1+1; -1-1; түріндегі қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сандар қатарының негізгі бөліктері бойынша қосу, азайту тәсілдерін меңгерту.Тірек білімдерін бекіту.

  2. Есте сақтау, логикалық ойлауын қалыптастыру .

  3. Тапқырлыққа, бірін-бірі сыйлауға, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ көрнекілігі:

Суреттер, кесте қағаздары,стикерлер.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Жарыс, сұрақ жауап, ойын түрі.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

А) Түгелдеу

Б)Кезекшілерді анықтау

ІІ. Психологиялық тұрғыда даярлық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем беріп сіздерге

Бас иеміз біз.

------- Бір-бірімізге сәттілік тілейік!

ІІІ «Математика» пәні туралы ой қозғау

--------«Математика» пәні қандай пән?

-------- Бізге математика не үшін керек?

-------- «Кім болғың» келеді?

-------- Өткен сабақты пысықтап алайық!

№1 карточкамен жұмыс.

10,9,8,12 сандарының құрамын табайық. Төрт оқушы құрамын табады ,дұрыс болған жағдайда жұлдызша беріледі.

10 9 12 8











-------- Сергіту сәті

----- Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық .

Оңға, оңға түзу тұр.

Солға, солға түзу тұр.

Жоғары - төмен қарайық

Денемізді шынықтырайық

Біз де батыр болайық!

ІV. Жаңа сабақты таныстыру.

+1+1; -1-1 ;түріндегі қосу және азайту.

------- Мұғалімнің түсіндірмесі :

-------- Балалар, біз кез-келген сандарға бірліктерді ретімен қосып, азайтуымыз қажет.Мұндай сандарды қосу кезінде өз ыңғайыңа қарай,тиімді тәсілмен қоссақ болады. Өйткені, бәрі қосылғыштар.

Ал,азайтар болсақ ретімен ғана орындау қажет.Себебі кіші саннан үлкен санды алуға болмайды. Ал,балалар мына тапсырманы орындап көрейік.

№2 карточкамен жұмыс. Жазбаша жұмыс.

2+2+2 = 7-2-2=

6+2+2= 3-1-1=

3+2+2= 5-2-2=

4+2+2= 6-2-2=

---- Дұрыс орындаған оқушыларға жұлдызша беріледі.

Ү. Оқулықтағы тапсырмаларды орындайық.

1 мысал

--- 2 мысал «Жемістерді жинайық!» Жемістерге жазылған тапсырмаларды ауызша есептеу, дұрыс болған жағдайда жұлдызша тарату.

--- 3 мысал «Математикалық бұлттар» ойыны арқылы орындау.

--- Логикалық тапсырмалар:

1. Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (10-3)

2)Көлден ұшты жеті қаз,

Қалып қойды екі қаз

Қонбады оның нешеуі? (7-2 )

3)Шомылып жүр үшеуі,

Жағалауда алтауы

Балалардың барлығын

Санап берші, сен тауып? (3+6 )

4) Тал басында бір ара

Қонушы еді күнара.

Бүгін 5 туысын

Ертіп келді бұл ара

Барлығы қанша ара?

---- Санды өрнектер мен әріпті өрнектерді дұрыстап екі жаққа жинайық!

ҮІ. Қорытындылау.

Біз нені үйрендік? Нені үйренгіміз келеді?

VІ. Оқушыларды мадақтау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Кеспе қағаздарға жазылған тапсырмалар.

О.Қ.О. Төлеби ауданы. «Жеңіс» негізгі орта мектебі.Бастауыш сынып мұғалімі Каспахбаева Айнур Сапаралықызы. 1 сынып.



© 2010-2022