Сабақ жоспары: Дүниетану пәнінен, тақырыбы Топырақ. Топырақтың қасиеттері (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пән: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Топырақ. Топырақтың қасиеттері Сабақтың мақсаты: оқушылардың топырақ, топырақтың құнарлы қабаты туралы алған білімдерін толықтыру; тәжірибе арқылы топырақтың негізгі қасиеттерін, топырақтың құрамын анықтау; топырақтың қалай пайда болатынын және туған өлкенің топырағы туралы мағлұмат беру; байқампаздықтарын, әуесқойлықтарын және ақыл-ойларын дамыту. Сабақтың көрнекілігі: тірек қағаздар, бір стақан су, сорғыш қағаз, таяқшалар, штатив, ұстағыш, топырақ қабаттары бейнеленген сурет. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Кіріспе әңгіме. - «Жер» сөзі қандай мағынаны білдіреді? - Жер - құрлық, планета, үстіңгі қабат, топырақ. - Дұрыс. Бүгін біз топырақ, топырақтың құрамы, оның қасиеттері және пайда болуы туралы өтеміз. Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру. - Топырақ дегеніміз не? Тақтаға топырақтың қабаттары бейнеленген сурет ілінеді. Оның жанына «Топырақ - жердің өсімдік өсетін, құнарлы, беткі қабаты» деген плакат ілінеді. - Топырақтың ең негізгі қасиеті қандай? - Топырақ неге құнарлы болады? - Топырақтың құрамында не бар? Жоғарыдағы берілген сұрақтарға жауап беру үшін оқулықтағы мәтіннің бірінші бөлігі оқытылады. а) Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу. ә) Оқушылар мәтіннен топырақтың құрамын баяндайтын жерді белгілейді. Практикалық жұмыс топ бойынша жүргізіледі. Әр топ өз тәжірибесін орындап, топырақтың қасиеттерінің бірін дәлелдейді. Нәтижесінде мынадай сызба шығады:

Сабақ жоспары: Дүниетану пәнінен, тақырыбы Топырақ. Топырақтың қасиеттері (2 сынып) Оқушылар жұмыс дәптерлеріне топырақтың қасиеттерін жазады. I. Мұғалім жер бетіндегі алғашқы топырақтың түзілуі туралы әңгімелейді (мәлімет тарихи деректерден алынады). З.Оқулықпен жұмыс. Мәтіннен қарындашпен топырақтың түзілуі туралы баяндаған жерді белгілеп отырады. Топырақ өсімдік пен жануарлар үшін маңызды рөл атқаратындығы туралы айтылған жерді белгілейді. 4. Алынған мәліметтерге мысалдар келтіріп, олардың дұрыстығын дәлелдейді. Кестені толтырады.

Топырақ қабаттары Түсініктемелер Үстіңгі қабат Гумус пен шірінді. Олар шіріген өсімдіктерден түзіледі. Жоғарғы қабат Жоғарғы қабаттағы жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын бунакденелілер қайта өңдейді. Топырақ асты Топырақ асты қабатында микроорганизмдер аз. Борпылдақ катты Бұзылған тастардан тұрады. Қатты қабат Топырақ түзуші қатты жыныстар орналасқан.
Сызба құрастыру. «Топырақтың түзілуіне не катысады?» микроорганизмдер



жануарлар



өсімдіктер





+ + Дәптермен жұмыс. Сабақты қорытындылау. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріледі. Үйге тапсырма беру. Зерттеу жұмысы: 1. Қазақстан жерінің топырағы қандай? 2. Топырақ есімдіктер мен жануарлар әлеміне қалай әсер етеді?



© 2010-2022