Әдебиеттік оқу пәнінен ҚМЖ Аймауытов. Торғай

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу пәнінен

қысқа мерзімді жоспары

Күні 11.03.2014 жыл

Сабақ 14.50

Сабақтың тақырыбы

Ж. Аймауытов. Торғай

Мақсаты

Торғай, жылан туралы білімдерін кеңейту.

Мәнерлеп оқуға машықтандыру. Мәтін бойынша сұрақ қойып, жауап беруге үйрету. Әңгіме құрай білуге төселдіру.

Топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Байқампаз, батыл болуға шақыру.

Жұмыс нәтижесі

Әңгіменің мазмұны арқылы ой тұжырымын жасай алу.

Сілтеме

Оқулық: 3-сынып «Алматыкітап» 2009ж

Негізгі идеясы

Мәтінді түсініп оқуға, мазмұндауға төселдіру.

Топпен жұмыс жасату арқылы оқушыларды өздігінен білім алуға үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: топтастыру, түртіп алу, салыстыру,

АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау.

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Ресурстар

суреттер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу (үш түс арқылы)

I Қызығушылықты ояту: Сабақты жақсы тілектерден бастау

II Оқушыларды үш орталыққа бөліп (түстермен) отырғызамын.

1) Оқу-жазу орталығы

2) Дүниетану орталығы

3) Өнер орталығы

Ой қозғау. Жауыздық деген не? (қылмыс, ұрлық, төбелес, соғыс т.б.

Тапсырма 1) Оқу-жазу орталығына сөздерден сөйлем құрау.

Жылан, торғай, шөпте, сұр, жатыр, шырылдап, ұшып.

Тапсырма: 2) Дүниетану орталығы

Ассоциациялау

Торғай сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

Мысалы: Торғай - қоқыс, аспан, үй...

Тапсырма 3 Өнер орталығы

«Торғай», «жылан», «ағаш», «шөп» байланыстырып сурет салу

III Оқулықпен жұмыс

Кіріспе: авторды таныстыру

а) Мәтінді о0ушылар оқып шығады. Әр топ - өзіне тиесілі тапсырма бойынша

в) Өздерінің құраған әңгімесімен салыстыру.

бейнефильм Битва за жизнь

IV Ой толғаныс. Баланың жыланды өлтіргені дұрыс па? Дискуссиялық карта

№ Ия Жоқ

1

2

3

Үш орталыққа да таратылады. Оқушылар өздері толтырады. Оқушылар өз шешімін айтады, дәлелдейді.

V Бекіту. Білетін өлең, мақалдарын айтқызу

VI Қорытынды

Әлсізге қорған болу

мақалды талдау.

Үйге тапсырма

Әңгіменің аяғын өзгерту.



© 2010-2022