Ертеңгілік (мектепке дейінгі даярлық сыныбы)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздік ел - тірегі! Тақырыбы: «Тәуелсіздік ел - тірегі»
Мақсаты: Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға, елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерін және салт-дәстүрлерін сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші: Көк байрағын көтеріп,

Желбіреткен қазақпыз.

Түбі бірге бауырды,

Елжіреткен қазақпыз.

Бостандықты сағынып,

Қолына алған қазақпыз,

Егеменді ел болып,

Жолы болған қазақпыз!

Құрметті балалар! Біз бүгін сендермен салтанатты мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өткелі отырмыз.

Айым:

Қазақстан - ғажап өмір байтағым,

Күндей күліп, гүлдей өсіп жайқалдың.

Барлық ұлтпен бауырласып, достасып,

Қазағымның әнұранын айтамын.

Құрметті балалар бүгінгі мерекемізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастайық!

Әнұран.

Ақбопе:

Жарық болса күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.

Ханшайым:

Ыстық маған өз елім,

Құшағындай анамның.

Қымбат маған өз жерім,

Бейнесіндей бабамның.

Милана:

Балдырғанмын бақытты,

Тойыңды алғаш тойлаған.

Еркелеп сенің төріңде,

Асыр салып ойнаған.

Жүргізуші:

Күміс күй мен әнге толып тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

Шаттандырған баласы мен бабасын,

Тәуелсіздік күні бүгін- ұлы той.

Ән: «?»

Тәрбиеші: Балалар, бұл ненің дыбысы, біреу келе жатқан сияқты ма? Ой, бұл келген кім?

Балалар: Алладин

Жүргізуші: Алладин, сен мұнда қалай келдің? Алладин: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Құтқарыңдаршы, мені Мыстан кемпір қуып келе жатыр. Әдемі әуенді, балалардың сыңғырлаған дауысын естіп осылай қаштым. Сендер қандай мерекені тойлап отырсыңдар?

Балалар: Тәуелсіздік күнін.

Алладин: Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бақыт, қуаныш әкелсін!

Осы кезде музыка әуені естіліп, топқа Мыстан кемпір кіреді.

Мыстан: А, сен мұнда екенсің ғой. Қазір мен саған сазайыңды беремін.

Осылай Мыстан кемпір Алладинді қуа жөнеледі.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Мыстан кемпір сіз неге Алладинді қуып жүрсіз?

Мыстан кемпір: Ол менің кілем тоқиын деп отырған жүнімді желге ұшырып жіберді.

Жүргізуші: Мыстан кемпір біз сізге көмектесеміз. Біз бүгін тәуелсіздік мерекесін тойлап жатырмыз.

Жүргізуші: Сіз ашуыңызды басып алдымен жақсы би тамашалап аыңыз.

Би: «Өзбек биі»

Мыстан кемпір: Мен қайда келдім? Бұл қай ел?

Балалар: Қазақстан

Жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

Мыстан кемпір: Балалар сендер ақылды екенсіңдер, жарайсыңдар.

Жүргізуші: Мыстан кемпір мен Алладин сендер бір-бірлеріңмен жандалдасқанша бізбен бірге ойын ойнаңдар.

Ойын: «Алтын қақпа»

Тәрбиеші: Балалар, сонымен біздің үлкен Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан

Арнұр:

Ты цвети, Казахстан расцветай,

Молодой, независимый край.

В этот день поздравляем тебя,

Будь сильнее и краше, Родина моя!

Марғұлан:

Ән сыйлаған жер-көктен,

Отан - біздің жыр-көктем.

Отан бізді тербеткен,

Отанымда ер жетем.

Айым:

Казахстан - страна моя!

Родина любимая!

Горы, степи и озера,

Песня ледбединная.

Тәрбиеші: Елбасымыз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: Ал сендер білесіңдер ме Қазақстан

Республикасының рәміздеріне не жатады ?

Балалар: Ту, елтаңба, әнұран жатады.

Жүргізуші:

Көк байрағым желбіресін көгімде,
Әнұраным әуелесін елімде,
Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,
Тұрса артық не арман бар өмірде.

Ерасыл:

Гүлдене бер, Отаным жаңа таңда,

Ертеңіміз жазылған Ата заңда.

Әйгілі боп келеді бар әлемге

Көк байрағым, Елтаңбам, Әнұраным!

Темірлан:

Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке баланың,

Қазақстан жалауы.

Бауыржан:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада- аспан әлемі.

Тәрбиеші: Алладин, Мыстан кемпір сендердің елдерің қалай аталады?

Кейіпкерлер: «Ертегілер әлемі» деп аталады.

Жүргізуші: Балалар біздің еліміздің бас қаласы қалай аталады?

Балалар: Астана

Зере:

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қалам Астанам!

Даниял.

Города растут в степи,

Юная столица.

Байтерек пронзает небо

И летит как птица.

Ән: «Астанамыз - Астана»

Жүргізуші: Алладин, Мыстан кемпір сендер өз елдеріңді жақсы көресіңдер ме? Олай болса біздің балалар өз елдерін қалай жақсы көретіндерін тақпақпен жеткізсін.

Дайана:

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Мансұр:

Ер еңбегі шалқып тасқан,

Ел еркіндеп бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Адина:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Жүргізуші: Осындай байтақ, әсем жерді ержүрек батыр ұлдар қорғайтын болады. Келесі кезекті ұлдарымызға берейік.

Би: «Шекарашы жігіттер»

Алладин мен Мыстан кемпір: Рахмет, балалар! Сендер тәртіпті, білімді екенсіңдер! Біздің үйге қайтатын уақытымыз болды, біз өзімізге көп достар таптық, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Балалар, сендер еліміздің болашағысыңдар! Тәртіпті, ақылды болыңдар! Осымен Тәуелсіздігіміздің мерей тойына арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

© 2010-2022