Дүнетану пәні Атажұрт 4-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Атажұрт

Мақсаты: 1/Оқушылардың алған білім-

дерін тиянақтау, пәнге деген

қызығушылықтарын арттыру.

2/Ойлау, байланыстырып сөй-

леу, есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

3/ Еліне, жеріне деген сүйіспен

шіліктерін арттыру.

Көрнекі-құралдар: аты жазылған, бөлім-

дер жазылған плакат,

теледидар, бейнеплеер.

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар!

Атажұрт атты ойынымызды бастайық. бүгінгі ойынға екі команда қатысады.

«Білгіштер» жетекшісі Самарханов Медет, «Күншуақ» жетекшісі Дінслямова А.

Атажұртқа қош келіпсіздер.

  1. Негізгі кезең.

Бірінші бөлім «Өткел» әр топ жетекшісі 1 мин ішінде 4 сұраққа жауап беру керек.

  1. Қай жерде жүрсең де тек солтүстікті көрсететін жұлдыз? (Темірқазық)

  2. Мұнай мен газға бай аймақ? (Каспий маңы мен Маңғыстау)

  3. 85% -дан астам темір кені қай жерде шоғырланған? (Қостанай)

  4. А.Байтұрсынов балалармен қай жерде кездесуге уәделесті? (Ақкөл)

  5. Ескі қорған Сауран қазақтың қай жерінде орналасқан? (Түркістан)

  6. Барлық географиялық ландшафты қамтитын өңір? (ШҚО)

  7. ҚР Астанасы қай өзеннің жағасында орналасқан? (Есіл)

  8. 1946 жылы ашылып, жеті жылдан кейін емдеу орнына айналды. Жер астынан шығатын минералды судың температурасы 49-52 С Бұл қай шипажай? (Сарыағаш)

Екінші бөлім «Белес».

  1. Көптеген жоталардан тұратын тау, онда суы мөлдір көлдер мен ағысы қатты өзендер көп. Таудан құлап аққан өзендерге салынған су электр станциялары мол қуат береді. Ол қай тау?

Көмек: Қазақстандағы полиметал кенінің мол жері.

  1. Қозықасын ерткен бір үйір арқар шың етегіндегі жықпыл жартас арасынан көрінді. Алдында ай мүйізді қоңыр құлжа. Үйір жапа-тармағай суға бас қойғанда, ол сандықтай тас үстінде секиіп күзетте тұрды.

Бұл үзінді қай шығармадан алынған? Қазақстанның қай жері?

Көмек: 199 жылы жабылып. Бұл күнде ел қайта көшіп кеп жатыр.

  1. Аласа тауларда қар мен мүйіз жатпайды. Беткейлері түйетайлы келеді. Онда көбінесе бұта, шөптесін өсімдіктер өседі. Мұндай аласа таулар Қазақстанның қай жерінде көп? (Сарыарқа)

  2. Орман- жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы, мол байлықтың қасиетті қоймасы.

Көріністе орманның қай түрі көрсетілген, қай жерде жиі кездеседі, ерекшеліктері?

Көмек: Егістікті қорғайтын орман алқабы ретінде қолдан өсіреді?

Үшінші бөлім: «Бекет»

  1. Төрт тағанда бойы бар,

Момындық дұрыс айы бар.

Кербезденіп жүрмейді,

Айналдырған тоны бар. (Қой)

Қазақтың құйрықты қойы қай жерде тараған?

  1. Төрт туысқан бір шұңқырға құяды. Етті сиыр тұқымы қай жерде тараған?

Төртінші бөлім: «Асу»

  1. Ән сұрақ.

  2. Қызық екен көл шетінің ақ таңы

Күннің көлге күміс шашу шашқаны

Таңғалдырды ақ сәулеге жан бітіп

ақ шабақты қуып бара жатқаны

Қай көл туралы? (Балқаш)

Көмек: Ең ірі көл. Суының бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды.

  1. Күз туа дәні толғанда,

Судырап пісер ақ күріш.

Бала да, қарт та орғанда,

Қырманға толар бақ - ырыс.

Күріш Қазақстанның қай жерлерінде өседі?

  1. Жер бетіндегі сулардың көпшілігі ішуге жарамайды. Өйткені мұхит және теңіз суларында еріген тұздары өте көп, дәмі ащы. Сондықтан оларды арнайы тазартудан өткізеді. Каспий суын атом арқылы тазартып ішеді. Қай қалада? (Ақтау)

Бесінші бөлім: «Жерұйық»

Күй тыңдау. Қалай аталады?

  1. Қорытынды.

№236 орта мектебі мемлекеттік мекеме


Дүнетану пәні Атажұрт 4-сынып





Өткізген:Жанұзақова Л.Н.




Шуак ауылы

© 2010-2022