3-сынып Қазақ тілі Х, һ дыбыстары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 3-сынып

Сабақ тақырыбы: Х, һ дыбыстары

Сабақ мақсаты: 1) білімділік: Х, һ дыбыстарының айтылуына назар аудартып, олардың

айтылуындағы ерекшелікті байқату, х, һ дыбыстары бар

сөздердің мағынасын түсіндіріп, оларды дұрыс жазуға үйрету 2)дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту,тілін дамыту, ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуға баулу;

  1. тәрбиелік: ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеуге, білімпаздыққа тәрбиелеу.

Құралдар: кесте-плакат, мультимедиалық проектр, асықтар, семантикалық карта,бағалау бетшелері.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік.

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру

1)-Балалар, қазір қай сабақ?

- Қазақ тілі.

-Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Компьютер бөлмесінде отырмыз, сондықтан

сабақта дұрыс, тәртіпті болып отырыңыздар.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

-Өз ана тілімізді қалай құрметтеуіміз қажет?

- Ана тілің - арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

2) Бағалау бетшесін таратып, таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Ц дыбысы, 109-жаттығу. Тапсырмасы: ребусты шешіп, сөйлем құрастыру.

ІІІ. Ой шақыру. - Кірме сөздерде кездесетін дыбыстарды ата.

  • э, в, ф, ч, щ, ц.

  • Кестені толтыр. (Әр оқушының алдында кесте жатады, соны толтырады. Экрандағы кестемен салыстырады.)

Дыбыстар

Дауысты

Дауыссыз

Э

В

Ф

Ч

Щ

Ц

+

үнді

ұяң

қатаң


+


+

+

+

+

Экранға кестені шығару, оқушы өзін-өзі тексереді, ұпай қояды.

ІҮ. Қызығушылықты ояту. Тыңда.Ойлан.

Ұлан ғайыр жері бар,айдын шалқар көлі бар, аспанмен таласқан тай\улары бар, сары алтындай жазира даласы бар, қарағайлы орманы бар жері бай ел болыпты. Елді ақылды хан билепті. Ақылды ханын сыйлайтын халқы болыпты. Хан мен халқы бақытты өмір сүріпті. Бұл елдің жаһан даланы кезіп елін қорғайтын жиһангер әрі қаһарман ұлдары болыпты. Гауһардай әдемі, сұлу жүзді, ибилы, инабатты, үлкенге де, кішіге де мархабат етер қыздары болыпты.

Балалар, ертегі желісінен нені байқап отырсыңдар?

Х, һ дыбыстары бар сөздер

Ү. Жаңа сабақ Х,һ дыбыстары

1) 111-жаттығу. Сөздерді оқу, түсіну.

2) Ертегінің жалғасы: Хош, хан мен халқы әр күнін той думанмен өткізіпті. Қызықты хикаяларды бастан кешіпті. Бір күні ханның қаһарман ұлдары жиһан даланы кезіп кетіпті.

Көп айлар өтеді. Ұлдарынан хат, хабар болмайды. Хан ұлдарын іздеп, жер жаһанға, бүкіл шаһарға жар салыпты. «Кімде-кім ұлдарымнан хабар әкелсе, сыйлық беремін» депті.

  • Балалар, ханның ұлдарының қайда ,не үшін кеткедерін білгілерің келе ме? Ендеше, ол сұраққа жауап табу келесі 112-жаттығуға назар салайық.

3)«Кітарқұмар» өлеңін оқу, сауатты, көркем жазу.

Қарамен жазылған сөздердің астын сызу, буынға бөлу.

4)Ертегінің жалғасы: Сонымен хан ұлдары не үшін кеткен екен? Хан сөйтіп, ұлдарының білім іздеп кеткенін түсінеді. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Халықты халықпен теңестіретін - білім» деген сөзі есіне түсіп, ұлдарына риза болып, бата беріпті дейді.

Дұрыс сөйле, «шала қазақ» атанба,

Өз тіліңде кеткен сөйлеп атаңда.

Қадірлей біл, тілің мен діліңді,

Саған берер менің осы батам да.

5)Өздік жұмыс 113-жаттығу а) сөздерге дыбыстық талдау жасау (әр бала бір сөзден талдайды)

ә) сөйлем құрау

5) «Ақпарат аламын» Ханталапай, хоккей сөздеріне түсінік беру.

ҮІ. Сабақты қорыту. Ойын. «Ханталапай» Асықты үстел үстіне шашу немесе экранда шашып көрсету.

1-ші асық: Х әрпі бар сөздерді ата.

2-ші асық: «Хан» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

3-ші асық: «Жаһан» деген сөз нені білдіреді?

4-ші асық: Ең бірінші бақытым - Халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

«Халқым» сөзінің түбірін тап.

5-ші асық. «Мархабат етіңіз» дегенді қалай түсінесің?

Ойын: Шайба соқ.

Көп нүктенің орнына әріптерді қою.

В Э Ф Ч Щ Ц

... леватор ... емпион

... елосипед пла...

Теле...он мото...икл

ҮІІ. Үйге тапсырма: 114-жаттығу

ҮІІІ. Қорытынды: Не білдік? Не үйрендік?

Бағалау. Ұпай сандарын қосып, бағалау.


© 2010-2022