Ашық сабақ 9 санын қосу және азайту (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 06.03.2015ж.

Класы: 1

Сабақтыңтақырыбы: 9 санын қосужәне азайту

Сабақтың мақсаты: 9 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік. 9 санын қосу және азайтудың әдіс-тәсілдерін түсіндіре отырып, ауызша, жазбаша есептеуді үйрету.

2.Дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін арттырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік. Оқушыларды саналылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дидактикалық тапсырмалар, үлестірмелі қағаздар, слайд.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№4 есеп

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру.

1-слайд.Мағынаны тану

"Қасиетті ұғымдар"

*9 санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағындағы нәресте 9 ай, 9 күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі.

* 9 санына байланысты қазақтың ұлттық ойындарының бірі тоғызқұмалақ ойыны бар. Ол ақыл-ой ойыны. Сіздер де келешекте бұл ойынның ережесімен танысып, үйренесіңдер. Ал,бүгін біз ақыл-ойымызды ойын арқылы дамытуға тырысайық.

2-слайд.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты.

9 9 9 9 9 9 9 9

-Балалар, біз аспан әлемінде нелерді кездестіреміз, қалай ойлайсыңдар?

- Жұлдыз, ай,күн,планеталар

-Қандай планеталарды естідіңдер?

-Біз бүгін саяхатқа аттанамыз. Бізге сабағымызға ғаламшардан 8 үлкен және 1 кіші плутон планеталары өз апсырмаларын ала келіпті. Сол тапсырмаларды орындап берсек, қалай қарайсыңдар?

3-слайд. "Меркурий" планетасының тапсырмасы.

№1.Қосылғыштарының бірі 9 болатын қосындылар құр және мәндерін тап. Азайтқышы 9 болатын айырмалар жаз және мәндерін тап.

9+1=10 10-9=1

9+0=9 9-9=0

4-слайд. "Нептун" планетасының тапсырмасы.

№2. Жасыл және көк кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.

10см-3cм=7см

4см+3см=7см

5-слайд."Сатурн" планетасының тапсырмасы.

"Көбелек аула" ойыны.

6-слайд."Юпитер" планетасының тапсырмасы.

№3.

Болды-10 қап

Сатылды-8 қап

Қалды-? қап

Шешуі: 10-8=2 (қ)

Жауабы: 2 қап қалды.

7-слайд."Шолпан" планетасының тапсырмасы.

Сергіту сәті

Біздер тату баламыз, Бұрыламыз оңға бір,

Гүлдей жайнап жанамыз, Бұрыламыз солға бір.

Жаттығулар жасасақ Бір, екі, үш, төрт

Жақсы сергіп қаламыз. Жоғары қолды созамыз,

Орнымыздан тұрамыз Аяқ ұшында тұрамыз

Қолды белге қоямыз. Бір, екі, үш, төрт.

IV.Жаңа материалды бекіту.

8-слайд. "Уран" планетасының тапсырмасы.

"Гүлдерді жина" ойыны.

9-слайд."Жер" планетасының тапсырмасы. "Дұрыс шешуін тап. №9

10-слайд."Марс" планетасының тапсырмасы.

"Балық аула" ойыны.

9-5 9-4 9-3 2+7

5+4 3+6 9-1

-Балықшы қанша балық аулады?

-7 балық.

V.Қорытынды.Үй тапсырмасын беру.

-Бүгін қандай санды қосу және азайтуды үйрендік?

-9 санының қасиеті қандай?

-Нені үйрендік?

Үйге: №3(ә), №4 есеп, 145 бет.

VI.Бағалау.

© 2010-2022