Внеклассное мероприятие на тему Прощание с Букварем (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі : «Рахмет саған, Әліппен!»

Мақсаты:

Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;

Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;

Ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру;

Өз өнерлерін ата - аналарға көрсете білу;

Эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу;

Өзін - өзі басқаруы мен ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : «Әліппе» , «Ана тілі», «Әріптер», Шарлар, слайд.

Іс-шара жоспары:

  1. Мұғалімнің құттықтау сөзі

  2. Слайд - шоу «Мектептегі алғашқы күндер»

  3. Оқушылардың сәлем беруі. Ән : «Бала тілегі»

  4. Әліппенің келуі

  5. Оқушылардың тапсырмаларды орындау

  6. Оқушылардың тақпақтары.

  7. Әліппенің кетуі

  8. Ана тілінің келуі

  9. Слайд (ана тілі тапсырмасы : жұмбақ шешу)

  10. Оқушылардың биі : «Арива биі»

  11. Ата - аналардың ортаға шығуы

  12. Мектеп әкімшілігінің құттықтау сөздері

  13. Қорытыңды. «Шашу»


Мұғалімнің құттықтау сөзі: Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.)

Мектебім - еңселі тірегімсің,

Мектебім - елімнің ертеңісің.

Өмірге шәкірттердің көзін ашқан,

Аяулы Ордабасы сен екенсің.


Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе - бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Рахмет саған,Әліппе! »мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Өсті міне бойларың
Өсті,міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!


- Армандасаңда, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Естерімізге түсірейікші мектепкегі алғашқы күндерімізді :

(Слайд шоу : Алғашқы коңырау, еңбегімз, жаңа 2015 жылымыз, сергіту)

Мұғалім :Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың

- Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса оқушыларымызды ортаға шақырайық!
1-оқушы : Камир : Ассалаумағалейкум, уа халайық!
2-оқушы :Нұрзада : Армысыздар, ардақты әкелер мен аруаналар.
3-оқушы:Ғалымжан : Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.

Оқушылардың ән орындауы : « Бала тілегі »

Мұғалім : Жарты жылдай жолдас болдың,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап.
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың!

Мұғалім : Бүгінгі біздің 1«Б» сынып оқушылары шексіз қуанышты. Себебі, олар алғаш хат танытып, сауатын ашқан барлық ғылым анасы, болашағымыздың негізі - Әліппені бітіргелі отыр. Сүйікті Әліппеге алғыс айта отырып, алған білімдерін ортаға салмақшы.

Мұғалім :-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол -сүйікті Әліппе,
Ол-сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе
6 . Әліппе ортаға шығады:

-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортағасалайық!

- Балалар маған сендерден көмек керек. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

- Балалар: Иә

Әліппе :Менің әріптерім шатасып, шашылып кетті, оларды тауып әріптерін басқа тағу керек және алфавит ретімен қою керек.

1.Ислам « А » 2. Амангельды « В » 3. Томирис « Б »

Анада бар, Бұл әріпке жұмсар күш, Бақа, бақа бақ-бақ,

Әкеде жоқ. Вагон орыс сөзі еді. Таңдайлары тақ-тақ.

Атада бар, Ваза деген гүл салғыш, Бәрі бірдей тақпақ,

Әжеде жоқ. Волга - Еділ өзені Жатқандай - ақ жаттап

4. Азамат « Ә » 5. Адильбек « Г »

Таныстырар әріппен Газда бар, ауада жоқ,

Мынау кітап әліппең Гүлде бар, жуада жоқ.

«Әліппе» деген аты оның Бұл қай әріп?

Басталған қай әріптен?

Мұғалім:
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық

Тақтаға қарап тапсырманы орындайықшы :

Слайд :
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
-Шаңғы,шана тебеміз
Слайд :

  • Сөздерді буынға бөлуді қалай меңгергеңімізді көрсетейік.

(Оқушылар, мектеп, оқулық, қалам, сызғыш, өшіргіш)

Мұғалім:
-Рахмет, шәкірттерім!
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
-Қане, әліппеге Қош айтайық!

Оқушылардың тақпақтары :

  1. Ғалымжан : Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекте

Үйреткен оны Әліппе!

  1. Нұрзада : Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа!

  1. Қамер : Әліппем менің, Әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен!

Әліппе сөйлейді:

Білімінің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы.
Ғылымның қиын жалғасын,
Басқа кітаптан табарсың!
Әліппе сөйлейді: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен ендікетейін, қошсау болыңдар!
Балалар хормен : Рахмет саған, Әліппе! Рахмет саған, Әліппе!Рахмет саған, Әліппе!

Мұғалім: Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

Туған тілім - далам тілі - өз тілім!

Туған тілім - адам тілі - өз тілім! - деп құрметті , қадірлі ана тілімізді қарсы алайық!

Ана тілі келеді :

Ана тілі сөйлейді:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:

Жұмбақтар :
1. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
2. Тақтада жазып, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (бор)
3. Алты түрлі түсі бар,
Сурет салар ісі бар ( түрлі түсті қарындаш)
Ана тілі :Рахмет, балалар, жарайсыңдар!

Мұғалім:

Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Балалар көңілді би билейді : «Арива» биі


Мұғалім - Ал, балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам кім?

- Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. Ендеше, біздер аналарымызды ортаға шақырайық. (Музыка ойналады.Аналарортағашығады).

Балалархормен:
-Ата-анағамыңрахмет!


Мұғалім :Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар,енді сіздердің білімдеріңізді тексерейік.

Тапсырма :мақал - мәтел айтылады, сіз жалғастыру керексіз

  1. Ананың көңілі балада,
    (Баланың көңілі далада.)

  2. Ананың сүті - бал,

( Баланың тілі бал.)

Қай отбасы ең жақсы билейді : (Әр түрлі музыка қосылады.) Ата-аналар балаларымен билейді.

Мұғалімнің құттықтау сөзі:

-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Сендерге менің атымнан сыныпқа осындай шағын сыйлығымды қабыл алыңдар !

Мұғалім : Ал, құрметті Әлемгүл Тәліпқызы ата- аналар комиттеті атынан перзенттерге деген ынта - ықыласыңыз бен тілегіңізді тілеуіңізді сұраймыз.

Ал, енді рұқсат етсіңіз мектеп өміріне белсенді араласып, « Рахмет саған, Әліппе! » кештін өткізуге көмек көрсетіп, әрдайым қолдау көрсетіп жүргеніңіз үшін Әлемгүл Тәліпқызын осындай алғыс хатпен марапаттаймын !

Құттықтау сөз мектебіміздің директорына : Антоненко Р. Ю. беріледі.

Келесі сөз мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісіне : Галеева А. Т. беріледі.

Мұғалім :Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достастық
Әліппемен қоштастық
Өсті міне ойымыз
Құтты болсын тойымыз

Мұғалім: Ата - ана шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұлмереке, бұлтойдың,
Қорытындысынжасайық!!! (шашушашылады)



© 2010-2022