Қош бол, сүйікті Әліппе

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппе

Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Оқушылардың орындауында «Ән ұранымыз».
Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Менің атым-Әліппе, Мені анаңдай дәріпте Мені оқып ержеткен Бауыржан да, Мәлікте.

1-оқушы: Манат Нұрасыл
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы: Меделхан Нұрай
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы: Асқар
Әліппе деген алтын жол «2»
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
4-оқушы: Мағжан
Үйреткен ата-анам

5-оқушы: Мадбек Әсем Қане беріп қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
І-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» сөздері шығатындай
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
1-оқушы: Сағындық Сымбат «О»
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы: Пердебаев Ержан «Т»
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы: Әбділнасыр Аянат «А»
Ата-ананың тірегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
4-оқушы : Ертуған Дана «Н»
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
6- оқушы: Асет Айзере Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе. Оқушылардың орындауында « Әліппе әні »

5-оқушы: Қасиет «К» Астанам ұлы, Астанам Ұлылықты бастаған! Мақтан тұтар өзіңді, Кіп-кішкентай жас балаң 6-оқушы: Мағжан «З» Зау-зау заңғар заңғарлар, Замандар бар, заңдар бар З-да барлық заңдылық Заңда з мен заң болар! 7-оқушы: Тұрымбетова Нұрай «Қ» Қарағанды көмірі Қостанайдың егіні Даласындай жомарт қой Қазағымның көңілі 8-оқушы: Саяжан «С» Жағасында Ертістің Семей деген қалам бар Туған мұнда атақты Абай, Мұхтар, бабалар

Мақал мәтелдер: Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. Еріншектің ертеңі бітпейді. Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей

9-оқушы: Айбек «Е» Жарақты жаумен жұлқысқан Қылышты жаумен қырқысқан Ең ежелгі астана Қасиетті Түркістан! 10-оқушы: Айзада «П» Піскен алма топ-топ түсті, Топ-топ түсті,көптен түсті 11-оқушы: Нұргүл «Ғ» Ғарышкерлер ғарышқа Байқоңырдан ұшады. Қарсы алады тағыда Біздің елдің қушағы. 12- оқушы: Асылжан «Д» Дос қадірін білмеген, Доссыз жалғыз қалады. Досы үшін күймеген, Дұшпанынан налады.

Отан туралы ән жырларымызды тамашалаңыздар! 7-оқушы: Ильяс Нұрдәулет Отан менің өз елім, Отан туған өз жерім. Отан далам өзенім, Гүлдей жайнап өсемін 8-оқушы: Жанерке Отан біздің әніміз, Отан біздің сәніміз. Ер жетеміз туған ел, Сүйіп сүйіп бәріміз

Отан туралы «ән»

13-оқушы: Азамат «В» Велосипеді сынып қап, Вагонға мінген ақырғы Алақтап жүріп Нұрқанат, Вася досын шақырды. 14- оқушы Манат Нұрасыл «Й» Он бесінен ай туды, Оны толған ай дейді. Екі жасар жылқыны, Еркешім-ау, тай дейді. 15- оқушы: Бөрібек Сымбат «Л» Лашын шықса биікке, Лағыл тастай түйіліп. Лағын ерткен киікке. Лезде ұмтылар шүйіліп

16- оқушы: Айзере «Ө» Өрнек салып ақ қағазға, Өреді ақын өлеңін. «Өссе екен,-дер,-жақсы адам боп Өспірім жас бөбегім!»

Қазақ әліппесін қалаған кім? Бізді оқуға білім алуға шақырған кім? 9-оқушы: Аянат Кел балалар оқылық Оқығанды көңілге Ықылас пен тоқылық Оқысаңыз балалар Шамнан шырақ жағылар Тілегенің алдынан Іздемейақ табылар

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады. 10-оқушы: Убайдулла Жансая Ана туралы ән
17-оқушы: Мадбек Әсем «Р» Үйренем деп қалайда Булықтымда терледім Тілім менің алайда «Р» әрпіне келмеді 18-оқушы: Ильяс Нұрдәулет «Ф» Әлемге аты тараған, Отырарда тұрағы. Әл- Фараби дана адам, Ілімнің сөнбес шырағы. 19- оқушы: Султан «Я» Мен қоянмын, қоянмын, Күндіз-түні ояумын. Қаша-қаша қасқырдан, Құлауға да таяумын 20-оқушы: Жанерке «Ж» « Ж» дегенің Жанерке Жанерке деген қыздарыңмын Жақсы оқысам сабақты Одан артық жоқ шара

Оқушылардың орындауында көрініс « Кім кінәлі»

11- оқушы Мадбек Асем Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
12- оқушы: Ертуған Дана
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреткен.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен. (

Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді жұмбақтарды шешіп , оқу сауатымызды көрсетейік. 1. Шипалы мұрты, Томпиған ұртты. 2. Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады. 3. Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. 4. Алты қырлы, Алтын сырлы. 5. Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама. 6. Үйреткен ілімді, Қырық екі білімді. 7. Өшірді, сүртті, Өзгені құртты, Өзінде құртты. Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.

Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті -басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Қыздардың орындауында би.
13-оқушы: Убайдулла Жансая
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
14-оқушы Асет Айзере «Ұстазым» әні.
Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
-Математика - ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
1-оқушы Султан Достар мені бір дейді, Қарайды да бүйдейді. Мұқтажсың қол, аяққа, Ұқсап тұсың таяққа 2- оқушы Бөрібек Сымбат Мен екімін балалар Алаңғасар жалқаудың Алатыны екілік Басын шайқап өкініп 3-оқушы: Тнейбай Асылжан Мен ғой үштің таңбасы, Зейін қойып тыңдашы, Шідерлі аттай тұсалап Жүр біреулер үш алып. 4-оқушы: Алпамыс Нұргүл Достарым мені төрт дейді Беске бірім жетпейді. Қуанады анасы Төрт алғанда баласы 5- оқушы: Сағындық Сымбат Әр қолыңда бес саусақ Жетпейді оған еш саусақ Бір мен екі алмаңдар Үшке алданып қалмаңдар Мұғалім: Математикалық жұмбақ есептер 6 алманың үшеуін Досың сурап алады Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады (6-3═3) Алма ағашта 4 алма, Қандай тәтті, десе алма Төртеуінде жеп қойсам, Қалады онда неше алма? (4-4═0) Табақта 2 өрік Қолымда 4 өрік Қосқанда барлығын Болады неше өрік? (2+4═6) Математикалық жаңылтпаш Есет атам ет асатар Балнұр Ет асатса бес асатар Ұшы ұшкір ұшқыр үш жебе алдым, Аянат Үшеуі де үшкір ұшқыр деп алдым.

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)

Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Ана тілі: Балалар енді басқада қызықты кітіптар оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.

Хормен: Оқимыз, «Ана тілі» Оқимыз!

15-оқушы: Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.
16-оқушы Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.
17-оқушы: Айбек Әуелі, құдай оңдай көр, Оң жолыңа бастай көр, Адасса жолға сала көр, Сүрінсе қолдан ала көр! Кездессе шайтан қаға көр! Жұлдыздармен жалғастыр, Жақсылармен жанастыр, Жамандардан адастыр Ау-мин! Мұғалім: Ата-ана шашу,шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық Бұл мереке бұл тойдың Қорытындысын жасайық Мұғалім: Мұнда біреу жымиады қызына Мұнда біреу ақыл айтар ұлына. Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса, Мұнда біреу елтіп отыр жырыма

Сөз кезегін директордың оқу ісіндегі орынбасары Кеншкул Орынтайқызына береміз.

№ 127 жалпы орта мектеп

Бекітемін Мектеп директоры: А.К.Абылова

Қош бол, сүйікті әліппе

Қош бол, сүйікті Әліппе

Күні: 18. 12. 2015 ж Уақыты: 11-00 Сыныбы: 1 «Б» Сынып жетекші: Г.К.Дуйсекулова

2015-2016 оқу жылы

1 Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Менің атым-Әліппе, Мені анаңдай дәріпте Мені оқып ержеткен Бауыржан да, Мәлікте.

3- Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!


2-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар

Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.


М: Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі: Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
М: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.








Міне, бата, ақ ниет, Бола берсін берекет. Қиын дейді қиямет, Жақын дейді ақырет, Құлшылық қыл Аллаға, Қыл көпірден таймай өт. Кірсін дәулет, Шықсын бейнет. Алла атымен бейнет ет. Жоқ-жітікке рақым ет. Тәңір сені қолдасын, Уайым-қайғы болмасын. Қабыл болсын оразаң, Әулетіңді оңдасын!


Әуелі, құдай оңдай көр, Оң жолына бастай көр, Адасса жолға сала көр, Сүрінсе қолдан ала көр! Кездессе шайтан қаға көр! Жұлдыздармен жалғастыр, Жақсылармен жанастыр, Жамандардан адастыр!

Бай қылсын, Төрт түлік сай қылсын, Кетпес дәулет берсін, Отауыңа сәулет берсін. Бастарыңа бақыт қонсын, Қастарыңа нөкер толсын. Дұшпандарың жоқ болсын. Көре алмаған қаскөйдің, Іші күйіп шоқ болсын. Ризық, нәсібің тасып, Көңілдерің тоқ болсын. Туған балаларың ер жетіп, Өсіп үлкен ел болсын, Бақталасың кем болсын. Дәулетің шалқып, сел болсын, Дастарқаның кең болсын!








ған: Мырзабаева Аяужан Нурланқызы
Сабақтың тақырыбы: Әліппе - білім бастауы
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд
Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады.
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап - ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «б» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік!
Мұғалім:
1-жүргізуші
Алишер: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Н.Наргиз: Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар.
Алтын: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Нұрдәулет:
Расул:
Аманбол:
Гүлжан: Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
БІЗ КІМБІЗ
Қазақстан өлеңін айту
Алихан: Қарсы ал ерте күн көзін
Төсегіңді жина өзің
Асықпай іш тамақты жалама ыдыс-аяқты
Айым: Қ Астанам, ұлы, Астанам
Ұлылыққа бастаған!
Мақтан тұтар өзіңді,
Кіп-кішкентай жас балаң
Бақытжан: «З» Зау-зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар, заңдар бар
З-да барлық заңдылық
Заңда з мен заң болар!
Елдана: «А»: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
МАДИНА «Қ»: Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.
З.Наргиз: «С»: Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар
Келбет: «Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан
Қылышты жаумен қырқысқан
Ең ежелгі астана
Қасиетті Түркістан!
Жібек «А»: Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсті, көптен түсті
Еркежан: «Н»: Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
М: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай әріп шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады?
Ендеше, сендер Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Ендеше туған елімізге арнап «Отан» әнін шырқайық.
«Отан» хор
БИ ҚАЗАҚ БИІ
Мұғалім:
Айтыңдаршы,
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол -әліппе.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.
(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Мұғалім: Әліппе неге кешікті екен?
Осы кезде электронды почтаға хат келіп түседі.
М: Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ ұстап алыпты. Оның бізге мынадай талабы бар екен.
1-тапсырма математика пәнінен екен. Кәне тезірек шешіп жіберейік.
Ана сөзі шығады.
2-тапсыпма. Дүниетану пәнінен болады. «Бұлт»ойыны
№1 Неше жыл мезгілі бар?
№2 Табиғат нешеге бөлінеді?
№3 «Ретін тап» ойыны
№4 «Артығын тап» ойыны
АЛДАР КӨСЕ КӨРІНІС
Күн көзі шығады. Күннің қасында «тілі» сөзі тұр.
М: Қандай сөз шықты балалар? АНА ТІЛІ
М: Жарайсыңдар, балалар, біз ақылды, білімді баланы Алдар көсенің өзі алдай алмайды. Біз Алдардың барлық тапсырмаларын орындадық, ендеше қошеметпен қонақтарды қарсы алайық!
Әліппе ортаға шығады:

-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Елдана: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мәди:Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі
Еркежан: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Ән «Әліппе»
М: балалар, енді әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті. Әліппе кітабынан әріптерді танып білдік. Ұқыпты, таза ұстадық. Не себепті?
Ертең алтыға толатын,
Сендердей әпке болатын
Әліппені алып қолына
Үлгілі шәкірт болатын кішкене бүлдіршінге әліппені тапсырайық.

З.Наргиз: Іші толған әріпке
Мынау - әйбат Әліппе
Барлық ілім-білімнің
Әжесі - осы Әліппе!
Әліппе: Білімнің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың!
- Қош болыңдар, балалар!
М: Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі: Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
М: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.
Алтын: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!
Н.Наргиз: -Әліппе оқуға,
Үйреткен әр күні
-Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой!
Нұрислам: Үйретіп мұғалім бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Гүлім: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Барлығы хормен:
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ән «Мұғалім ол біздің»
ӘН НЕ ДЕУ КЕРЕК?
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
Мұғалім:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам - Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
БИ ҚЫЗДЫР
БИ ҰЛДАР
БИ ШЫҒЫС
АЛТЫН ҚАЗАҚСТАН
КІМ КҮШТІ КӨРІНІС
Шаттық шеңбері «Кім болам»
Ант қабылдау

Отанымды сүюге
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. Мектеп ережесін сақтауға
9. Үлкеді құрметтеуге
10. Кішіге қамқор болуға

Барлығы хормен:
Ант етеміз, Ант етеміз, ант етеміз
Ән: Мектебім немесе «Балдәурен»



© 2010-2022