Ойлы болсаң, озып көр!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ойлы болсаң, озып көр!

Жұлдыз ауылы

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Гумарова Айымжан Сүйеуғалиқызының

іс-тәжірибесінен
Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр!

Мақсаты :а) Бастауыш сынып оқушыларының математика, ана тілі, дүниетану, орыс тілі, қазақ тілі

сабақтарына деген қызығушылығын арттырып, қайталату, еске түсіру;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

б) дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке

тәрбиелеу, топпен жұмыс істеуге, ептілікке, тапқырлыққа баулу.

Түрі: интеллектуалдық ойын.

Көрнекілігі: ақ парақтар, нақыл сөздер, дидактикалық материалдар.

Өтілу барысы: а) Кіріспе бөлім.

ә) Психалогиялық дайындық.

б) 1-тур: «Ұшқыр ой» (Әр сыныптан сұрақ қою арқылы үш ойыншыдан таңдау)

Топтарға ат қою, ұран тағайындау

в) 2-тур: «Тездет, бірақ қателеспе!» (Барлық пәндер бойынша қойылған сұрақтарға

тез жауап беру)

г) 3-тур: «Ойнайық та, ойлайық!» (1-2 сынып: Жасырын сөзді көрерменге іс-қимыл

арқылы көрсету арқылы жасыру. 3-4 сынып: Әріп таңдайды. Сұрақтарға сол

әріптен басталатын сөз арқылы жауап береді.)

ғ) 4-тур: «Кім жылдам?» (1-2 сынып оқушылары берілген сөздерден бірнеше сөздер

жазады. 3-4 сынып оқушылары берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын бір

сөзбен айтады)

д) 5-тур: «Ой жүйрік » (Сөзжұмбақтар мен бас қатырғыштар)

ж) Қорытындылау бөлімі.

а)Кіріспе бөлім:

Мұғалім: - «Білім - адамның байлығы» демекші, халқымыз ең қымбат та, асыл қазынасы өзінің жас ұрпағын, оның бүгіні мен ертеңгі нұрлы болашағын мұғалімдердің адал жүрегіне сеніп тапсырып отыр. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, қазір сендер әр пән бойынша сайысқа түсесіңдер. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады. Сайыс болған соң бірі жеңеді, бірі жеңіледі. Сіздердің білімдеріңізді ұстаздарыңыз бағалап отырады.

Интеллектуалдық ойынымызды бастамас бұрын бәріміз бірге ойымызды, тілегімізді бір арнаға келтіріп алайық.

ә) Психалогиялық дайындық: Бәріміз тұрайық,

Күннен жылу алайық.

Алтын күн, жарқын күн,

Шуағыңды төге бер.

Арайыңнан нәр алған,

Біз бақытты балдырған!

Ал сайыскерлер іске сәт!

б)1-тур: «Ұшқыр ой»

1 сыныпқа сұрақ:1. Ас атасы не? (Нан)

2. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42 әріп)

3. Отан қайдан басталады? (Отбасынан)

2 сыныпқа сұрақ: 1. Үш биді ата? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)

2. Есту мүшесі не? (құлақ)

3. Жыл басы не? (Тышқан)

3 сыныпқа сұрақ: 1. Ы. Алтынсарин не ашқан? (Мектеп)

2. Адам денесінің тірегі не ? (Қаңқа)

3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (Етістік)

4 сыныпқа сұрақ: 1. Абайдың әжесі кім? (Зере)

2. Абылай ханға Төле бидің қойған аты? (Сабалақ)

3. Қабанбайдың шын аты кім? (Ерасыл)

Әр топ жеребе суырып өздеріне ат таңдайды, ұран тағайындайды.

1-топ: «Білім» тобы : Білімді мыңды жығар,

Білекті бірді жығар.

2-топ: «Ғылым» тобы: Ғылым деген - бір бұлақ,

Көлшілер көзін ашпаса.

3-топ: «Ойлылар» тобы: Ойнай білмеген, Ойлай да білмейді.

4-топ: «Алғырлар» тобы: Ойында озған, өмірде де озады.

в) 2 - тур «Тездет, бірақ қателеспе!»(Барлық пәндер бойынша сұрақтар)

1 сыныпқа: 1. Қ.Р-ның рәміздерін ата?

2. Ұлттық мерекелерді ата?

3. Н.Ә.Назарбаев кім?

4. Жуан дауыстыларды ата?

5. Он асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (7)

6. Аулада 5 үйрек,

Қорада 2 үйрек.

1 үйрек тығылды,

1 үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (5)

7. Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды 2 қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді? (5 қаз)

8. Домбырамен орындалатын шығарма? (Күй)

9. Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп? (Ф)

10. Адам немен дем алады? (Ауамен)

2 сыныпқа: 1. 29 санының көршілерін ата?

2. Қосудың компаненттерін ата?

3. Табақта 5 алма.

Қолымда 3 алмы.

Інімде 2 алма,

Қосқанда барлығы

Болады неше алма? (10)

4. Барлық қабырғасы тең фигура? (Шаршы)

5. Қыс айларын ата?

6. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі?

7. Қ.Р-ның мемлекеттік тілі?

8. Қ.Р-ның тіуелсіздік күні қай күн?

9. Қазақ тіліндегі дыбыстар нешеге бөлінеді?

10. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?

3 сыныпқа: 1. 5 теңге тұратын 7 өшіргіш алу үшін қанша теңге керек? (35 теңге)

2. 18 алманы үш-үштен неше балаға бөліп беруге болады? (6 балаға)

3. Қандай бұрыштарды білеміз? (Сүйір, доғал, тіктөртбұрыш)

4. Ауаны неге көрмейміз? (мөлдір, түссіз)

5. «Хат» сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша)

6. Абылайдың азан шақырып қойған аты? (Әбілмансұр)

7. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы? (аңыз)

8. Абайдың неше қара сөзі бар? (45 қара сөз)

9. Ең кіші төрт таңбалы сан? (1000)

10. «Абай жолы» роман-эпопиясының авторы кім? (М.Әуезов)

4 сыныпқа: 1. Негізгі сөйлем мүшесі? (Бастауыш)

2. 1сағат 35 минутта неше минут бар? (95 минут)

3. 2 аптада неше тәулік бар? (14 тәулік)

4. Кімге? Неге? Қай септіктің сұрағы? (Барыс септік)

5. «Алпамыс батыр» шығарманың қай түрі? (Эпостық жыр)

6. 33 нешеге тең? (27)

7. Атамның 5 түйесі бар, жылқысы одан 9 бас артық. Атамда неше жылқы бар? (14)

8. Аудан өлшем бірліктерін ата? (м2, см2, км2)

9. Бес қаруды ата? (найза, қылыш, садақ, айбалта, шоқпар)

10. Ең терең ойпат қайда орналасқан, қалай аталады? (Каспи маңы ойпаты, Қарақия

ойпаты )

г) 3-тур: «Ойнайық та, ойлайық!» (1-2 сынып: Жасырын сөзді көрерменге іс-қимыл арқылы көрсету арқылы жасыру. 3-4 сынып: Әріп таңдайды. Сұрақтарға сол әріптен басталатын сөз арқылы жауап береді.)

1 сыныпқа: (аю, алма, сағат)

2 сыныпқа : (түлкі, гүл, тон)

3 сыныпқа: Әріптер: Б, К, О

1. Сенің досың кім?

2. Суды неиен ішесің?

3. Жыл басын көрген жануар?

4. Сенің есімің кім?

5. Бүгін сенде неше сабақ?

6. Қандай тағам ұнатасың?

7. Арманың көп пе?

8. Қай көшеде тұрасың?

9. Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?

10. Қай ауылда тұрасың?

4 сыныпқа:Әріптер: Қ. Ш, М

1. Киноға кіммен барасың?

2. Қандай мамандықтарды білесің?

3. Тақтаға немен жазасың?

4. Алтын күн астында небар?

5. Сүйікті пәнің?

6. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

7. Сенің есімің кім?

8. Сенің көршің кім?

9. Қандай ертегі білесің?

10. Заттың атын білдіретін сөздер?

ғ) 4-тур: «Кім жылдам?» (1-2 сынып оқушылары берілген сөздерден бірнеше сөздер жазады.

3-4 сынып оқушылары берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын бір сөзбен айтады)

1 сыныпқа: «Балдырған»

2 сыныпқа: «Қазақстан»

3 сыныпқа: 1. Кежегесі кейін тарту. (Жалқаулану)

2. Ит терісін басына қаптады. (ұрысты)

3. Бетінен оты шықты. (ұялу)

4. Жүрек жұтқан. (батыр)

5. Қоян жүрек. (қорқақ)

6. Көз ілмеді. (ұйықтамау)

4 сыныпқа: 1. Қас қарайды. (кеш болды)

2. Ат ізін салмады. (келмеді)

3. Қолды болу. (ұрлану)

4. Қырғи қабақ болу. (араздық)

5. Аузына құм құйылу. (сөз таба алмау)

6. Көз ұшында. (жақын жерде)

д) 5-тур: «Ой жүйрік » (Сөзжұмбақтар мен басқатырғыштар)

ж)Қорытындылау бөлімі.

Оқушылардың білімі мен тапқырлығын бағалаушы ұстаздарға сөз беру. Марапаттау.

Көрермендерге сауал:

Математикалық салдарға байланысты жұмабақтар шешу.

  1. Бес, он,

Жиырма ,елу,

Жүз, екі жүз, мыңы бар,

Әрқайсысының құны бар. (Теңгелер)


  1. Білімі жетсе, шамасы,

Алатын алар аласы.

Бір мен бестің арасы. (Мектеп бағалары)


  1. Ағайынды жетеуінің,

Бесеуінің жұмысы бар,

Жұмысы жоқ екеуінің. (Аптаның 7 күні)


  1. Он екіге жетіп,

Жүргені кері кетіп. (Сағат)


  1. Үш жүз алпыс бес,

Үш жүз алпыс алты,

Әр жылдағы қалпы. (Күн сандары)


  1. Дайындауға болады,

Бірақ жеуге болмайды. Ол не? (сабақ)

  1. Жерден көтеру оңай,

Алысқа лақтыру қиын, ол не ? (мақта)



© 2010-2022