Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiм __________ №_____ Тақырып Татулық - бірлік бастауы Құндылық Cүйіспеншілік Қасиеттер Қанағатшылдық, адамгершілік, жақсы көре білу, түсінісе білу, кішіпейілділік, әдептілік. Мұғалiм: Cынып 3 Оқушылар саны
Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың татулық,бірлік,ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту 2.Дамытушылық: Адамдармен сыйластықты, жарасты қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту 3. Тәрбиелік: Бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Нақыл сөздер,бейне фильм Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Құлаққа жағымды әуен тыңдатылады


  • Үй тапсырмасын тексеру. Достық тақырыбына сурет салу (суреттерді жинап,тақтаға ілу)


Сабақ барысын талқылау: Дәйек сөз.
  • Ырыс алды - ынтымақ.
  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл
  • Бірлік болмай тірлік жоқ.
  • Саусақ бірікпей,
Ине ілікпейді - деген халық мақалын оқушылардың өз ой-пікірлерін ортаға салу үшін талдауға ұсынылады.
  • Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?
  • Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз?
  • Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз?
  • Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?
  • Кез келген нәрсені сабырмен шеше аласыз ба?


Әңгiмелеу Сазды хикая. (Ертегі)

Е.Козлова

Аударған: М.Есенәлиева

Күздің бір күні еді. Құстар да жылы жаққа бет алған мезгіл. Тынышталып қалған орман ішінде бір Көртышқан келе жатады. Кенет ол орманда қалып қойған бір құстың керемет әуенін естиді. Мұндай әуенді келесі жазға дейін тыңдай алмаймыз - ау деген ойдан Көртышқанның көңілі бір түрлі жабырқау күйге түсіп, басы салбырап кетеді. Осы кезде сынған ағаш бұтақтарының арасынан:

-Ай-әй-әй-әй-әй-әй,

-Ай-әй-әй-әй-әй-әй, - деген әуен естілді.

-Амансың ба, құрметті Бұлан! Айта қойшы, қазіргі орындағаның қандай ән? - деп қызыға сұрайды Көртышқан.

-Ә, не.., тым қатты әндеттім бе?

-Жоқ, өлеңді тамаша орындадың. Менің ойымша, сен мынадай бұлбұл дауысыңмен эстрада сахнасына шығуың керек. Біздің орманымызда өз «жұлдыздарымыз» бар емес пе? Міне, бір сазгер табылды, орындаушы да табылар, - деп Көртышқан армандайды.

-Біз мына құстан жүз есе артық айтпасақ, кем айтпаймыз. Мен достарымды ұйымдастырып, музыкалық топ құрайын, содан соң көрші ормандарға гастрольге шығамыз. Арғысын тағы көрерміз.

«Көртышқан дарындарды жинап жүр» деген жаңалық әп-сәтте бүкіл орманға тарайды. «Дарындымын» дегендер орманның түкпір-түкпірінен жортып та, жорғалап та, секіріп те, жүгіріп те жинала бастады. Әндетемін деп егіз - шылбыр Қырықбуындар, желкілдеген Қоян, әуендеткен Тиін, Қабан-торай, Құрт-құмырсқа, Шыбын-шіркей түгел жиналады.

Көртышқанның алдына келген орманның әрбір тұрғыны өз әнін өзгеден қатты айтқысы келеді. Алаңқайды құлақ жарарлық айқай-шу басады. Жамыраған дауыстан шошып қалмасын деп орман тұрғындары балақайларының құлақтарына мақта тығады. Ал көрші алаңның тұрғындары мекенжайларын ауыстырады.

-Болды! Тоқтатыңдар! - деп айғай салады Көртышқан. - Жетер енді! Ешкімді де тыңдағым келмейді! Ешқайсың да өлең айта алмайсыңдар! Сендерде не дауыс, не қабілет жоқ, еш нәрсеге жарамайсыңдар!

Көртышқан айқай-әндерден үйіне қашады. Екі құлағын жастықпен бекітіп, мазасы кетеді. Ол ойлаған ойын іске асыра алмай, қатты қапаланады. Ал Көртышқанға дарындарын көрсеткісі келген достары оған наразы болып, жан - жаққа тарайды. Енді ол мүлде жалғыз қалған еді.

Арада бірнеше күн өтеді. Көртышқан достарын сағына бастайды. Оларды қалай қайтарудың амалын ойластырады. Ақыры, біреуден ақыл сұрау керек деген шешімге келеді. Осы ниетпен ол жақын маңайдағы көлді мекендеп жүрген дана Бақаны іздеп табады. Көртышқан Бақаға болған мән - жайды баяндап береді. Көртышқанның әңгімесін тыңдап болып, Бақа:

-Ымм... Енді құлақ салып, көпті көрген мені тыңда, - дейді, - дүниеде құстар көп, даусы керемет, әсерлісі де бар, даусы жоқ бақырғандары да кездеседі. Ал нағыз досты жолықтару өте қиын. Ескі достан айрылсаң, жаңасын таппайсың. Осыдан өзің қорытынды жаса!

Көртышқан үйіне қайтып келе жатып, қарияның сөзін есіне түсіреді. «Бақа дұрыс айтады, жалпы олар тым нашар әндетпейді. Өздері де жақсы достар еді», - деп ойланып қалады: Кенеттен ол:

-Таптым! Таптым! Мен олардың басын қосып, ән айтуды үйретемін! - дейді қуана айқайлап. Көртышқан достарын жинап:

-Мені кешіріңдер! Мен әділ болмадым. Сендерді дұрыс көріп, дұрыс естімеппін. Дүниедегі ең дарынды әнші екендеріңе көзім енді жетті. Егер бәріміз бірігіп, тамаша хор ұйымдастырсақ, бізден талантты ұжым болмас еді, - деп өз ұсынысын айтады. Осылай достар татуласады. Бірігіп сүйікті әндерін шырқайды. 1 сұрақ. Көртышқанның жалғыз қалу себебі неде деп ойлайсыңдар? 2 сұрақ. .Көртышқан достарымен қалай татуласты?

3 сұрақ. "Ескі достан айрылса, жаңасын таппайсың" дегенді" дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Татулық дегеніміз не? Суретін сал!Өлең шығар! (топшаларға бөлу)

  • Үй тапсырмасы.


  • Топпен ән айту. «Достар» әні
сөзі Ф.Оңғарсынова әні А.Асанов



  • Соңғы тыныштық сәтi. Сабақты қортындылай келіп,сендерге ризашылығымды білдіремін. Сабағымызды жақсы әуенмен аяқтаймыз,жақсы сәттерді көзімізді жұмып елестетеміз.


© 2010-2022