Математика. Сандарды, шамалар мәндерінің және есептерді салыстыру

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Уақыты:23.09.2015

Кабинет: 2

Мұғалім:Айтаханова Б.

Сабақтың тақырыбы

Сандарды, шамалар мәндерінің және есептерді салыстыру.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

Мақсаты: теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім - білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, ауызша жылдам есептеу.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Көбейту кестесін еске түсіру

Математикалық диктант.
- 7 саны 91 - ден неше есе кем? (13)
- 68 шығу үшін 17 - ні неше есе арттыру керек? (4)
- 8 шығу үшін 56 - ны нешеге бөлу керек? (7)
- Азайғыш - 1000, азайтқыш - 450. Айырманың мәнін тап. (550)
- Бөлінгіш - 320. Бөлінді - 4. Бөлгіш нешеге тең? (80)
- Санның төрттен бір бөлігі 60 - қа тең. Сан нешеге тең? (240)

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

Қосымша тапсырма:

«Кім жылдам?» ойыны. Қалдықпен бөлуді орында:
І топ --------------ІІ топ---------------- ІІІ топ ----------------- ІV топ
529/4= ---------- 1437/6=------------358/3= ---------------- 40978/8=

Сергіту сәті

Логикалық есеп.
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады?
Екі стақанға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стақанда су көп? Неге? (Дәлелдеу)

Ой толғаныс

Тест жұмысы
Қай фигураның ауданы болады?
а) дөңгелек
ә) шеңбер
б) қисық сызық
2. Қалдық неден кем болуы тиіс?
а) бөлінгіш
ә) бөлгіш
б) бөлінді
3. Теңдеудің шешуін тап: х*9=9009
а) 1001
ә) 3003
б) 1000
4. Қабырғалары 4дм және 8дм болатын тік төртбұрыштың периметрін тап:
а) 24дм
ә) 26дм
б) 32дм

Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?


Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады

Кері байланыс








© 2010-2022