Ана тілі пәнінен ашық сабақ Әдепті балалар (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Ана тілі

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы. Әдепті балалар

Сабақтың мақсаты:

1) Берілген мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

2) Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін дамыту;

3) Оқушылар ережесін сақтауға, әрдайым үлкендерді сыйлауға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер,мақал-мәтелдер, микрофон

Сабақтың әдістері: «Жүректен-жүрекке» тренингі, «Мозаика», «Бос микрофон» әдісі.

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы.

Күтілетін нәтиже:

- Пәндік нәтиже: Мәтін идеясын өмірмен байланыстыру.

- Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы өздігінен оқып, оқушылар топта жұмыс жасайды, сұрақтар құрастырады, өз ойларын ортаға салады, бағалайды .

- Тұлғалық нәтиже: «Әдептілік» ұғымының мәнін еске түсіре отырып, оқушылардың бойында адамгершілдік, ізеттілік, инабаттылық сезімін қалыптастыруға жетелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз.

Барлығына бас иіп ,

Сәлем бердік біз.

«Жүректен - жүрекке» тренингі.

2. Үй жұмысын тексеру

-Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге: Жеті атаның есімдерін жазып келу.

Үй жұмысын мақал-мәтелдермен қорытындылау:

"Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар"

" Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі"

"Жеті атасын білген ер- жеті жұрттың қамын жер"

Үй тапсырмасын бағалау өлшемдері:

- 1-3 атаның есімдерін жазған оқушыларға «3» деген баға қойылады.

-4-5 атаның есімдерін жазған оқушыларға «4» деген баға қойылады.

- 6 не 7 атаның есімдерін жазған оқушыларға «5» деген баға қойылады.

3. Тақырыпқа шығу.

- Екі көзің не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

- Құлақ деген не үшін керек?

- Ақыл- кеңес тыңдау үшін?

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Кіші үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Ол қандай бала?

- Әдепті.

- Дұрыс балалар. Сонымен бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

  • «Әдепті балалар»

Мақсат қою.

-Сабақта не туралы сөз болмақ деп ойлайсыңдар? Бұл тақырып бойынша не білгілерің келеді? (Оқушылардың жауаптары)

- Бүгінгі ана тілі сабағында екі топ жұмыс істейді. Кім қай топта болатынын «Мозаика» арқылы анықтаймыз. Осы бөлшектерден екі тұтас сурет шығу керек.

(оқушыларға бөлшектерді тарату)

4.Сыныптың оқушыларын екі топқа бөлу. Әр топқа мәтіннің 1 бөлігін ғана оқуға беру. Оқушылардың «Әдепті балалар» мәтінін оқуы.

-Қандай сөздер түсініксіз болды?

Сөздік жұмысы:

Топбасшы - топты ұйымдастырушы.

Ағынан жарылып - бар ниетімен, шын ықыласымен.

Салт - қарым-қатынастың ережесі болып қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр. Меймандостық халқымыздың салты.

Өркендерің өссін - бала-шағалы, үрім-бұтақты болу.

Азамат болыңдар - жасы толып еңбекке жараған адам.

Ізетті - ізеті бар, әдепті.

Инабатты - қадірменді, сыйлы.

Иманды- иманы бар.

Сый-сияпат - сый-құрмет.

5. Мазмұнын айту.

Топтардан 1 оқушыдан шығып екінші топқа өз бөлігін мазмұндап айтып береді.

Бірінші топтың екінші топқа үш сұрақтан қоюы.

Сұрақтарға жауаптарын бағалау өлшемдері:

1 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «3»,

2 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «4»,

3 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «5» деген баға қойылады.

-Мәтіннің мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтелдер сәйкес келеді деп ойлайсыңдар?

  1. Үлкенге құрмет- кішіге ізет.

  2. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.

  3. Аға әдепті болса - іні әдепті, Әпке әдепті болса - сіңлі әдепті.

  4. Жаңбырменен жер көгереді, Батаменен ел көгереді.

- Адам бойында жақсы да, жаман қасиеттер де болады екен. Бүгінгі сабағымызға осы аталған қасиеттері бар екі кейіпкеріміз келіп отыр.Ол 5 сыныптың оқушылары Олжас пен Мадина. ( Олжас пен Мадина мектеп өмірінен көріністер қояды).

- Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін өздерің айтыңдаршы.

«Бос микрофон» әдісін қолдану арқылы қорытынды жасайды. Оқушылар балалардың іс-әрекеттеріне қарай өз ой-пікірлерімен бөліседі.

Ой-пікірлерін мақалмен қорытындылау: Әрқашан әдептілікті сақтап, әдемі болып жүрейік.

6. Сергіту сәтін өткізу.

7. Бақылау тестісі. Топтағы әр оқушы өздігінен орындайды.

Сұрақ

Жауап

1

Апаң сенің базардан

Алма сатын әкелді.

Ең үлкенің жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

2

Балалар жүр көшеде

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

3

Осы келген бетіңде

Допты қудың, жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді?

4

Үй артында қоқысты

Жатқан көптен үйіліп

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

5

Кіші үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Ол қандай бала?

Оқушылар өз-өздерін «Моделдік жауап» арқылы тексереді.

Бақылау тестін бағалау өлшемдері:

1-2 сұрақтың жауабы дұрыс болса - «3»,

3-4 сұрақтың жауабы дұрыс болса «4»,

5 сұрақтың жауабы дұрыс болса «5» қойылады.

7. Видиоролик «Мейірімділік бумерангы»

8. Сабақ бойынша рефлексия жасау.

Бағалау Егер « 18-20 » ұпай жинаса -3,

Егер « 15-17 » ұпай жинаса - 4

Егер « 10-14 » ұпай жинаса - 5 қойылады

9. Үй жұмысы:

«Әдептілік - әдемілік» тақырыбына мәтін жазу.


БАҒАЛАУ

Бағалау өлшемдері

Баға

1

Үй жұмысы

1. Егер «Жеті атаның» 1-2 есімдерін жазса «3» қойылады

2. Егер «Жеті атаның» 3-4 есімдерін жазса «4»

3. Егер «Жеті атаның» 5-7 есімдерін жазса «5» қойылады

2

Мәтінмен жұмыс

Сұрақтарға жауап беру

1 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «3»

2 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «4»

3сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «5» деген баға қойылады.

3

«Бос микрофон»

Тек 1рет өз ойын, пікірін білдірсе «3» деген баға қойылады

2 рет өз ойын білдірсе «4» деген баға қойылады

3 рет немесе одан да көп өз ойын білдірсе «5» деген баға қойылады.

4

Бақылау тесті

1-2 сұраққа ғана дұрыс жауап берілсе - «3»

3-4 сұраққа дұрыс жауап берілсе «4»

5 сұраққа да дұрыс жауап берілсе «5» қойылады.

Қорытынды баға

18-20 ұпай алған оқушыға - «5»

15-17 ұпай алған оқушыға - «4»

10-14 ұпай алған оқушыға - «3» қойылады


© 2010-2022