Ата-аналармен өткізілген коучинг-сессия Ана-өмірдің тірегі 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучингтің тақырыбы:

Ана- өмірдің тірегі

(8наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік-танымдық сабақ)

Коучингтің мақсаты:

1. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру

2. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.

3 Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын бірлесе қарастыру

Өткізу түрі: танымдық сабақ, пікір-талас

Әдіс-тәсілі: Тренинг жаттығулары, топтық жұмыс кеңес, шығармашылық тапсырма.

Көрнекіліктер: «Полиглот» ұяшықтары,үлестірме сызбалар,қалам, стикер, үлестірмелі тапсырмалар, слайд, үлгілі бала суреті, әуендер

Жүргізілуі

8наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана-өмірдің тірегі»

- Сыныпқа кірген аналар «Қызыл есік», «Сары есік», «Жасыл есік» арқылы еніп,қолдарына есіктегі стикерден алады.Сол түстер бойынша түсті стол басына жайғасады.

Сабақ әнмен басталады.

1.«Жан Анашым!» әнімен Орынбасар Е 3а сынып оқушысы

1-тапсырма:

«Палиглот» танымдық тапсырмалары.

1.Балаңыздың бос уақытын қалай ұйымдастырасыз?

2.Отбасындағы бала тәрбиесінде ананың қандай ерекше рөлі бар?

3.Мақалды жалғастыр.Жақсы бала-сүйініш,......

4.Адам өмірге екі түрлі болып келеді екен.

а) «Ішсем екен,жесем екен,алсам екен»

ә) «Білсем екен,үйренсем екен» Сіздің балаңыз қайсысына жатады?

5.Тәрбиесі қиын балаға қандай шаралар қолдануға болады?

6.Балаңыздың әдебиеттік оқу пәнінен үй тапсырмасын орындағанда көмектестіңіз ғой.Қандай жаттауларын есіңізге сақтадыңыз?

7.4 тің көбейту кестесін айтп беріңіз

8.Бүгінгі мерекемен көпшілікті құттықтайсыз ба?

9.Ананың көңілі балада...бұл қандай тылсым сезім?

2-тапсырма:

«Әке-асқар тау,Ана-етегіндегі бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ.»

Тақырыбымен аналарға әннің сөздері беріледі.

Қызыл есіктегілер: «Ана туралы толғау» әнін хормен айтады.

Сары есіктегілер: «Әке туралы жыр» әнінен үзінді

Жасыл есіктегілер: «Бала туралы ән Туған күн»

2.Би: «Гүлдер» сынып қыздары

3-тапсырма:

«Менің балам немесе мен тәрбиелеген бала.» тақырыбында топ мүшелері үлестірме қағаздан бала бейнесін қияды,әр ана өз баласының бойындағы қасиеті туралы жазады.

Үш топ мүшелері бала бейнелерін топтастырып,ынтымақты топ құрастырады.

Жүректен жүрекке

Сабақтың басында алған стикерге жазылған сөздерді әр ана ішінен оқиды,жүрек тұсына қойып,тілек тілейді.

Шағын концерттік бағдарлама:

1.Сынып ұлдары Аналарға арнап өлең оқиды.(Әдеби монтаж)

2.Күй: « » Нұрболат Батыр 3а сынып оқушысы

3.Ән: «Күн дидарлы Анашым» Ергалиева Аружан 3а сынып

4.Би: «Наурыз» сынып қыздары

5.Ән: «Жан анашым» Мұқаш Нұралы

6.Хор: «Асылым-анажаным» әні сынып оқушылары

7.Құттықтау сөздер.

Мерекелік сабақтың соңы.

Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ана-

өмірдің тірегі

(8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай

ұйымдастырылған мерекелік -танымдық сабақ)


3а сыныбы

Карижанова Р.А

Үшарал қаласы

2015-2016 оқу жылы


© 2010-2022