Презентация по математике на тему Санды 5-ке көбейту және бөлу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентация по математике на тему Санды 5-ке көбейту және бөлуПрезентация по математике на тему Санды 5-ке көбейту және бөлу№211 А.Байтұрсынов атындағы мектеп







Ашық сабақ

Математика

Сыныбы 3 «А»

Пән мұғалімі Қ.Б.Айдаболова

Тақырыбы Санды 5- ке көбейту және бөлу



















Қызылорда 2015ж

Сабақтың тақырыбы Санды 5- ке көбейту және бөлу Сабақтың мақсаты: 1) Санды 5-ке көбейту кестесі жайлы білімді бекіту. Оқылған есептің түрлерін шығара білуге жаттықтыру. Өрнектердегі амалдардың орындалу ретін қайталау . 2) Оқушылардың ой -өрісін кеңейту; шапшың тез есептеуге баулу; 3) Таза, көркем жазуға баулу. Сабақтың түрі : саяхат сабақ Сабақтың типі: жаңа білімді тиянақтау Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, көрнекілік арқылы, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: слайдтар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Балалар бүгінгі математика сабағында жақсы жетістіктерге жету үшін бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн дүйсенбі.

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!
ІІ. Өткенді пысықтау Кіріспе. -Үйге қандай тапсырма берілді. - 5 санының мағынасын біліп келу, көбейту кестесін жаттау. - Бес қару: садақ, қылыш, найза, айбалта, шоқпар. - Бес парыз: иман, намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару. - Бес асыл іс, бес дұшпан. - Балалар бұл қай өлеңнен алынған. - Кім жаттқа айтады? -Балалар ,енднше бүгінгі сабағымыз ерекше,өйткені біз сіздермен өткен сабақты пысықтау үшін ұлы Абай атамыздың ауылына саяхатқа шығамыз. Саяхатқа өлеңдегі бес асыл істің отаулық тапсырмаларын орындаймыз.Отаулардың арасы жақын болғандықтан атпен аралаймыз. ІІІ. Жаңа сабақ

  1. «Талап» отауының тапсырмасы
«Шульте» кестесің пайдаланып өткен сабақты қайталаймыз. 1.Тақ сандарды ата (Тақ сан деп қандай санды айтамыз) 2. Жұп сандарды ата (Жұп сан деп қандай санды айтамыз) 3.Толық ондықтарды ата 4.5-ке бөлінетін сандарды ата 5. 5-ке қалдықпен бөлінетін сандарды ата 2) «Еңбек» отауының тапсырмасы 1) Дәптермен жұмыс 2) Күннің реті 3) Көркем жазу 170 170 саны нені білдіреді? Абай атамыз- 170 жаста. Кеудемізді тік, дәптерді көлбеу қойып жазамыз Үш таңбалы сан, сондықтан үш торкөзге жазамыз. Торкөздің оң жақ жартысына жазамыз. 1-есепті оқып, талдау. 1 қорапта - 10 ой. 5 қорапта - ? ой. ? ой. Және - 25 ой.
  1. 10·5=50 (ой)
  2. 25+50=75 (ой)
Жауабы:барлығы 75 ойыншық сатып алды.
  1. «Терең ой» отауының тапсырмасы
Сергіту сәті «Кел ойнайық» алма теру. Санды 5-ке кемітіп, санды 5-ке есе кеітеміз Тақтамен жұмыс 6- мысалды қатар бойынша екі өрнектен бөліп шығару
1- қатар 2- қатар 3- қатар 4ּ9+3ּ6-8= 46 18:2+3ּ7= 30 (27-3):4+16=22 49-24:3+9= 50 5ּ4 - (18-2):8= 18 24:6-(9-2):7=3

  1. «Қанағат» отауының тапсырмасы
Ауызша есептеу арқылы «теңдеу» сөзін шығарып алу. 7 - мысал теңдеуді шешу: Алғашқы төрт теңдеуді орындаймыз
45:а = 5 х·5=25 40:а = 5 4·х =16 a= 45 :5 x= 25 :5 a=40 : 5 x = 16:4 a=9 x=5 a=8 x=4 45 :9=5 5 ·5 =25 40: 8 = 5 4·4 =16 5=5 25=25 5=5 16=16
  1. «Рақым» отауының тапсырмасы
Деңгейлік тапсырма (Әр тапсырманы орындаған сайын сыйқырлы сөздерді оқитын боламыз) 1. Ең үлкен бір таңбалы сан (9) 2. Сол санды 5 -ке көбейт, мәнің тап (9·5) 3. Көбейткіштердің орның ауыстырып жаз (9·5=45 5·9=45) 4. Қорытынды (Көбейткіштердің орның ауыстырғанымен мәні өзгермейді )
Бізге Абай атамыз Өсиет қып қалдырған Бес асылды қашанда Есте ұста, балдырған!
-Балалар, Абай атамыздың осы өсиет сөзімен сабағымызды қорытындылаймыз. «Бес асыл істің» отаулық тапсырмаларын жақсы орандып шықтық.
ІV. Үйге тапсырма 53 бет 2- есеп 54 бет 8- мысал 1-қатар 1- баған 2- қатар 2-баған 3- қатар 3 баған
V. Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау
© 2010-2022