Тақырыбы: Әліппені дәріпте 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әліппені дәріпте!

Сабақтың мақсаты: Әліппені дәріптеуді салтанатты түрде атап өту.

Сабақтың міндеттері:

  • оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту;

  • оқушылардың төрт айда игерген білімдерін ата - аналарға, көрермендерге
    критерийлерімен бағалату;

  • сынып оқушыларының ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастыра отырып татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Танымдық ойын сабағы
Көрнекілігі: шарлар, суреттер, нақыл сөздер: «Әліппе- әдемі әріптер әлемі», «Әліппе - білім бесігі», «Әліппе-ғылым анасы»,слайдтар, «Әліппені дәріпте» атты баннер.

Сабақтың барысы:

*Мұғалім сөзі
* Бағалау критерийлерімен таныстыру (Білімді, алғыр, шебер, өнерлі, дарынды, тапқыр, ақылды номинациялары бойынша ДИПЛОМЫмен марапаттау)
*Жүректен- жүрекке (оқушылардың тілектері)
*Ата-аналармен «Кері байланыс» жүргізу.
*Концерттік бағдарлама.
Мұғалімнің сөзі.
Құрметті әріптестер, оқушылар, ата - аналар! 1 «А»сынып оқушыларының «Әліппені дәріпте» атты мерекелік сабағына қош келдіңіздер.
Барлық кітаптың атасы - Әліппе. Бұл кітап - бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәт әрбір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Сондай - ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға. Сөзімізге бүгінгі «Әліппені дәріпте»атты сабақ нақты дәлел бола алады. Ондағы Әліппенің арқасында 42 әріпті таныған оқушылардың қуанышы сіздердің де көңілдеріңізге нұр құяры сөзсіз.
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - Әліппені аяқтау қуанышты күні құтты болсын! Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Олай болса бүгін 1 «А» сынып оқушылары әліппені қалай меңгергендерін, сонымен қатар қалай есептеп, қалай көркем жаза алатындарын, ән айту, сурет салу шеберліктерін көрсетеді. Мерекемізді бастайық!
«Ақ тілек»(оқушылардың ыстық ықыластары)
1.Өлшеулі ар - намысы халқымыздың
Қорғаны адамдықпен - салтымыздың
2. Армысыздар аяулы ұстаздарым.
Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

3. Өмір берер ертеңгі бағаларын
Әліппені дәріптемек балаларың,
4. Халқыма ұрпақ берген өмір берген
Қош келдің ата - әке, әжелер мен аналарым.

5.Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой.
6.Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз, ата-ана сергісін бой.

7.Талайлардың шырқалып тұңғыш әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
8.Әліппені дәріптеу тойымызда,
Ән қалықтап, күй мен жыр бірге ұшады.

9.Бар кітапқа бас болған,
Әліппе - ғылым анасы.
10.Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
11. Әліппе деген алтын жол!
Апарар сені алысқа,
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа!
12. Әліппе алып қолыма,
Білімнің аштым есігін.
Ақ ниет жолыма,
Жазылды тұңғыш есімің.

13.Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті « Әліппемен»
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен
Хор: «Әліппе» (Осы сәтте Әліппе шығады.)
Әліппе: - Қош келдіңіздер, ардақты ағайын!
Менің дәріптеу, есеп беру тойыма.`(Ернұр)
1-жүргізуші : - Армысыздар, ардақты ұстаздар!(Жанерке)
2-жүргізуші : - Бармысыздар, сүйікті біздің ата - аналар!(Арнұр)
1-жүргізуші : - Қадірменді қонақтар!
2-жүргізуші : - Аяулы аға - әпкелер!
1-жүргізуші : Жеміске құты тола ма,
Бір - бірлеп теріп алмасаң,
Әп - сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
2-жүргізуші : Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың
Басы болар Әліппең.

Әліппе:- Рахмет! Рахмет. Боталарым!Менің сендердің алдарыңда парызым өте жоғары. Маған ғылым мен білім сеніп сауат ашуды, әріп танып, хат жазуды менің мойныма жүктегені рас. Сол үшін бар күшімді жан тәніммен 4 ай бойы сауат ашуға жұмсадым.


Мұғалім: Балалар, біз Әліппемізге өзіміздің нені білгенімізді, нені меңгергенімізді көрсетейік, ол үшін білім сайысына түсеміз. (Осы сәтте балалар дайындалады. Музыка ойнап тұрады. Ата-аналарға бағалау парақшасымен, кері байланыс парақшалары үлестіріледі.)

ІІ. «Ойлан тап» танымдық ойыны (ұяшықтардағы тапсырмалар)
1. «Әріптер сөйлейді» (Басқы әріптерден сөйлем құрастыру)
2. Бұл кім? (А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин туралы білгендерін айту)
3.Сен білесің бе? (жұмбақтар шешу)
4. Сергіту сәті («Көңілді күн»)
5.Математика әлеміне саяхат (математикалық тапсырма)
6. Мені бейнеле (бейнелеу өнері)
7. Музыкалық пауза (қытай қызының өнерін тамашалау)
8.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімінің тапсырмасын орындау (ағылшын тілі)
9. Бейнелі сурет (дүниетану пәні бойынша)
10. «Білгенге маржан, білмегенге арзан» (сұрақтарға жауап)
11. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбындағы мәтінді оқу
12. Көркем, сауатты жаза білейік.

ТАПСЫРМАЛАР
1 ұяшық. «Әріптер сөйлейді» Мысалы: Д- Дулат С- сабақ О- оқыды. А- Апам Ш-шебер Т- тігінші. т.б.

2-ұяшық. Ұяшықтан суреттер (А.Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин) шығады. Олар туралы білетіндерін ортаға салады.

3-ұяшық.Сен білесің бе? (жұмбақтар шешу)
*Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)

*Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады.(Кітап)

*Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)

*Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Мұғалім)

*42 жауынгер
Сапын түзеп тұрады
Бүлдіршіндер, қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (Алфавит)

*Оңға қарай оқысаң да сол халық,
Солға қарай оқысаң да сол халық. (Қазақ)

4-ұяшық. Сергіту сәті («Көңілді күн»)
5-ұяшық. Математика әлеміне саяхат (математикалық тест)
6-ұяшық. Мені бейнеле (бейнелеу өнері)
7-ұяшық. Музыкалық пауза (қытай қызының өнерін тамашалау)
8-ұяшық.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімінің тапсырмасын орындау (ағылшын тілі)
9-ұяшық.Бейнелі сурет (дүниетану пәні бойынша)
*Көкжиек деген не? (Біздің төңірегіміздегі көзіміз жеткен жерге дейінгі кеңістік)
*Табиғат құбылыстары деген не? (табиғатта болып тұратын өзгерістер)
*Сезім мүшелерін ата. (құлақ, мұрын, көз, мұрын, тіл)
*Табиғаттағы денелер нешеге бөлінеді? (2-ге- тірі дене және өлі дене)
*Жыл мезгілдерін ата. (көктем, жаз, күз, қыс)
*Көкөністерді ата. (қызанақ, қияр, сәбіз, картоп, орамжапырақ, пияз, сарымсақ т.б)
10- ұяшық.«Білгенге маржан, білмегенге арзан» (сұрақтарға жауап)
І.1.Дыбыс дегеніміз не? (ауызбен айтылып, құлақпен естілетін үн)
2.Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? (дыбысты айтамыз, әріпті естиміз)
3.У қандай дыбыс? (дауысты дыбыспен қатар түссе дауыссыз, ал дауыссыз дыбыспен қатар түссе дауысты)
4. Сөйлем неден құралады? (сөздерден құралады)
5. Сөз неден құралады? (әріптерден құралады)
6.Азайтудың компоненттерін ата (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
7. Жуан дауысты дыбыстарды ата. (а, о, ы, ұ)
8. Адамға қажетті не? (ауа, су, жарық, жылу, тамақ)
9. Я, ю, ё қандай дыбыстар? (қосарлы дауысты дыбыстар)
10. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей геом. ф.)
11. Оқу құралдарын ата. (оқулық, дәптер, күнделік, қаламсап, қарындаш, өшіргіш)
12. Жол ережесіне қатысты қандай шумақ өлең білесің?
ІІ. 1.Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
2. Дыбысты таңбалап жазсақ не болады? (әріп)
3. Сөздерден не құралады? (сөйлем құралады)
4. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата (ә, і, е, и, ө, ү)
5. Басты байлық не? (денсаулық)
6. 10 санының құрамын ата. (9+1; 1+9; 8+2; 2+8; 7+3; 3+7; 6+4; 4+6; 5+5)
7. Бір аптада неше күн бар, ата. (7 күн)
8. Қыс айлары. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
9. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
10. «А» қандай дыбыс? (жуан дауысты дыбыс)
11. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады. (бас әріптен)
12. Бір шумақ өлең оқы.
11-ұяшық. Мәтін оқу «Менің Отаным Қазақстан»

12-ұяшық. Көркем, сауатты жаза білейік. Мына сөйлемдерді дәптерлеріңе әдемі, көркем жазындар:
Мен кітап оқыдым. Жазу жаздым. Дәптерге сурет салдым. Концертке бардым.

Қорытынды.
*Ұлы арман жолында асқарлы,
100 жылдық тарихы бар мектебімізді
Аяулы Шырын апай басқарады.- демекші, сөз мектебіміздің директоры - Қапарова Шырын Мамашайқызына беріледі

*Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді сызыла,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулері жымиған,
Ол - ата - ана, әлемдегі сыйлы адам,- дей келесі сөз кезегін ата - аналарға беремін.

Бағалау.«Әліппені оқыдың сен қастерлеп,
Марапатқа лайықсың, сен жас бөбек!»
Оқушыларды дипломмен марапаттау.
Кері байланыс(ата-аналар)
1. Сіздің бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай?
2. Балаңыздың бүгінгі сабағын қалай бағаладыңыз?

Музыкалық бағдарлама
1. Шежіресі мектептің жатқан аңыз,
Болашаққа білім ап аттанамыз. Түрлі саладағы мектептің түлектері,
Соларменен біз бүгін мақтанамыз

2.Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын 100 жылдыбұл мерекең!
1. «Мектебім» әні. Б.Бейсенованікі
2. Қамажай. Қыздар биі
3. «Алғашқы ұстазым» әні
4. Үнді биі
5. Өзбек биі
6. «Біз бақытты балдырған» әні
Мұғалім:Қымбатты балалар! Сендердің зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктерің және білімге құштарлықтарың арқасында жеткен алғашқы жеңістеріңмен құттықтаймын. Сендер алфавиттің бүкіл әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың - «Әліппе» бойынша оқуды үйрендіңдер. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, оның беттері сендерді бір - бірлеріңмен тату, дос болуға, адамгершілікке үйретті, мектеп ережелерімен таныстырды.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларыңыз сәтті болсын!

Бойларыңда от бар екенін байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым,
Әрқашанда сол шоқтарды өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-дей келе, сіздерге рахмет демекпін.

Құрметті ата-ана, қуанышыңыз құтты болсын!


Ата- ананың аты- жөні____________________________Балаңыз_______________


1. Сіздің бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Балаңыздың бүгінгі сабағын қалай бағаладыңыз?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Құрметті ата-ана, қуанышыңыз құтты болсын!


Ата- ананың аты- жөні____________________________Балаңыз_______________


1. Сіздің бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Балаңыздың бүгінгі сабағын қалай бағаладыңыз?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Құрметті ата-ана, қуанышыңыз құтты болсын!


Ата- ананың аты- жөні____________________________Балаңыз_______________


1. Сіздің бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Балаңыздың бүгінгі сабағын қалай бағаладыңыз?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау парақшасы

Оқушының аты-жөні: Сейтмахан Аймырза

Ұяшық №

1

2

3

4


5

6

7

8

9

10

11

12

Бағасы














Бағалау парақшасы

Оқушының аты-жөні: Ануарұлы Азизхан

Ұяшық №

1

2

3

4


5

6

7

8

9

10

11

12

Бағасы














Бағалау парақшасы

Оқушының аты-жөні:Мәдімар Сағыныш

Ұяшық №

1

2

3

4


5

6

7

8

9

10

11

12

Бағасы














Бағалау парақшасы

Оқушының аты-жөні: Қуаныш Шыңғыс

Ұяшық №

1

2

3

4


5

6

7

8

9

10

11

12

Бағасы














Түймекент орта мектебі













ӘЛІППЕНІ ДӘРІПТЕ

мерекелік іс-шара











Сыныбы: 1 «А»

Сынып жетекшісі: Б.А.Мустафаева













2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022