Презентация казақ тілі 2 сынып Жалқы және жалпы есім

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп: № 101

Пәні: Қазақ тілі

Мерзімі:


Оқытушының аты-жөні:


Сынып: 2 « »

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жалқы және жалпы есім


Осы сабақтың оқу мақсаттары:

Зат есім туралы білімдерін кеңейтеді.Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып,жаттығулар орындау арқылы ,сөйлем ішінен оларды таба білуге үйренеді.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Зат есімдерге сұрақ қоя алады.Зат есім жалқы есім және жалпы есім

болып бөлінетінін біледі.Жалқы есімдердің бас әріппен жазылатынын

біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Зат есімдерді түрлеріне қарай ажырата алады.Жалқы және жалпы есімдерге мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар:

Зат есімдерден жалқы немесе жалпы есімдерді бөліп ала алады.Сурет бойынша олардың әрқайсысын қатыстырып сөйлем құрай алады..


Тілдік мақсаттар






Оқушылар:

Зат есім жалпылай және жекелей атауына қарай жалқы және жалпы есім болып бөлінетіні туралы түсінік алады .

Пәндік лексика және терминдер:

Сөз таптары-части речи.

Зат есім -имя существительные -noun

Жалқы есім-собственные-names

Жалпы есім-имя нарицательные-common noun.

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

-Сөздерді мағынасына қарай қандай топтарға бөлеміз.

-Зат есім деген не?

-Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

-Зат есім жалпылай немесе жекелей атауына қарай топтарға бөлінеді?

-Жалқы есімдер деген не?олар қалай жазылады?

-Жалпы есімдер деген не?Олар қалай жазылады?

-Адамдарға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

-Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Басы

0 - 7 мин



6-7 мин


Жоспарланған жаттығулар

Топқа бөлу:

Оқушылар шеңбер болып тұрады.Сөз таптарына қарай топқа бөлінеді.Оқушыларға сөйлемдер жазылған парақшалар таратылады.Топқа бөлу.

1-топ Зат есім

2-топ Сан есім

3-топ Сын есім

4-топ Етістік

Үй тапсырмасын сұрау.

123-беттегі 335-жаттығу.

Жалқы есімдерді қатыстырып сөйлем құрау.«Бас

бармақпен бағалау»

Топтық жұмыс.

Енді әр топ өздерінің топтарының аттарына тоқталып,ережесін айтып және мысал құрап талдайды.

Сабақтың тақырыбы таныстырылады.

*Табыс критериін құру*

1.Зат есімдерді түрлеріне қарай ажырата білеміз.

2.Жалқы және жалпы есімдірді түсінемін

3.Сөздерден сөйлемдер құрай аламыз.



12 мин

7 мин



























Соңы

4-5 мин

3 мин

5 мин

Оқулықпен жұмыс.

338-жаттығу.

Өлең шумақтарын топтарға бөліп беріледі.Берілген шумақтардағы жалқы есімдерді тақтаға теріп жазады.

-Бұл сөздер неліктен жалқы есімдер болып тұр.

Тақтамен жұмыс

Қазақстанның картасымен таныстыру .

-Суретте не көріп тұрсыңдар?

-Картада нелер бейнеленген?

-Қала,өзен,көл тау атаулары қалай жазылған?

-Жер-су аттары неліктен бас әріппен жазылған?/смайликпен бағалау

339-жаттығу

Слайдтан берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді теріп,бөліп жазу.

Елік,қоян,Жайық,өзен,Абай,қала,Ақтөс,ақын,Баянауыл.

Жазылмаған сөздерге назар аудару.

Олар жайлы не айтуға болады?

/Оқушы ойлары сұралады/

Мағынаны таны

Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз.жалпы есімдер кіші әріппен жазылады:өзен,аққу,сатушы.

Сөздерді атау.

340-жаттығу.

Ребусты шешу.Алматы сөзіне қатыстырып сөйлем құрау.

Топпен жұмыс

Топтарға тапсырма беру

1-топ :Өлең жолдарын құрастыру.

2-топ:Сурет салады.

3-топ:Адасқан сөздерден сөйлем құра

4-топ:Шағын эссе жазу

Сергіту сәті.

Семантикалық картамен жұмыс

Зат есім

Жалқы есім

Жалпы есім

Оқушы



Гүлнұр



орындық



Балқаш



Топтық жұмыс

-Біз бүгінгі сабақта көптеген қалалар және жер-су атарымен таныстық .Бірақ біз өзіміздің қаламызға тоқталмадық.Ал біздің қаламызда қандай керемет жерлері бар?

-Қане ,кім айтады?

Енді балалар қима суреттердегі қаламыздың керемет жерлерін құрастырамыз.Сол құрастырған сурет бойынша сұрақтарды таңдап,жауап береміз.

1-топқа Сыр ана монументы

2-топқа Қорқыт -Ата ескерткіші

3-топқа Нартай Бекежанов драма театры

4-топ Жалаңтөс Бахадур ескерткіші

Рефлексия

Маған ұнағаны,менің ұсынысым...

Үйге тапсырма:341-жаттығу

.

Карта

стикерлер

Слайд

Стикерлер

Интербелсенді тақта

Ақ парақтар

Ақ парақтар

Кеспе сөздер



Стикерлер





Қосымша ақпарат

Дифференциация - көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Сөйлемдер жазылған таратпалар беріледі.Оқушы сөйлем мақсатына қарай тыныс белгілерін қойып шығады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай

болды?

Оқушыларға дифференциация табысты

болды ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым және неге?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бағалау - оқушылардың жетістігі мен білімін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?



Топтық, жұптық,критерилер арқылы бағалау жүреді.

Пәнаралық байланыс:

Еңбекке баулу, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі, дүниетану.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге байланысты)

1.

2.Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?



© 2010-2022