Күз мерекесіне арналған Алтын күз сайысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.Ауызбіршілікке, ынтымақтыққа баулу.

1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Алтын күз» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер.

2-жүргізушы: Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын.

1-жүргізуші: Қасиетті күз мезгілін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазира даланың дархан дастарханы.

2-жүргізуші: Күз дегеніміз - байлық, молшылық.

1-жүргізуші: Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

2-жүргізуші: Әншінің асқақтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалады бір серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

1-жүргізуші: Ал енді ұстаздар мен оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды қошеметпен ортаға шақырайық.

1)8Асынып Еркебұлан мен Динара

2)8Әсынып Бекзат пен Аружан

3)8Бсынып Жалғас пен Айдана

4)9Асынып Шерхан мен Айзат

4)9Әсынып Нұрдәулет пен Ұлдана

5)9Бсынып Нұрдәулет пен Арай

6)10Асынып Ихтияр мен Дилноза

2-жүргізуші: Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат көрген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн бар ма байлығын ол тегін берген?- дей отыра күзгі баллымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.

1.Таныстыру

2.Өнері

3.Авангард

4.Күзгі салат

5.Күзгі вальс

1-жүргізуші: Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейікші осы отырған баршаңа, - дей отырып құрметті қонақтар әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдосова Клара Ідірісқызы

2. ИФМ бірлестік жетекшісі Илгербаева Гүлмира Мағзымқызы

3.Тарих пәнінің мұғалімі Шотбақова Гүлжан Орынбасарқызы

4.Технология пәнінің мұғалімі Құдабаева Базар Оразбайқызы

5.Қосымша білім беру педагогы Есіркепов Сағижан

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, әділқазылар қатысушыларға сәттілік тілей отырып, таныстыру бөліміне дайындала беруіне рұқсат берейік.

1-жүргізуші: Қош келдің көрермен,

«Күзгі балл» кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

2-жүргізуші: Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

1-жүргізуші: Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып сайысымыздың бірінші бөлімі Таныстыруға кезек берейік.

2-жүргізуші: Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.

1)8Асынып Еркебұлан мен Динара

2)8Әсынып Бекзат пен Аружан

3)8Бсынып Жалғас пен Айдана

4)9Асынып Шерхан мен Айзат

4)9Әсынып Нұрдәулет пен Ұлдана

5)9Бсынып Нұрдәулет пен Арай

6)10Асынып Ихтияр мен Дилноза

1-жүргізуші: Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік, таныстыру бөлімінің ұпай сандарын білейік.

2-жүргізуші: Ханшаларымыз бен ханзадаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.

1-жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанамыз.

2-жүргізуші: Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.

1-жүргізуші: Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен.Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой.

2-жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қошеметпен қарсы алыңыздар.Ортада өздерінің өнерлерімен;

1)8Асынып Еркебұлан мен Динара

2)8Әсынып Бекзат пен Аружан

3)8Бсынып Жалғас пен Айдана

4)9Асынып Шерхан мен Айзат

4)9Әсынып Нұрдәулет пен Ұлдана

5)9Бсынып Нұрдәулет пен Арай

6)10Асынып Ихтияр мен Дилноза

1-жүргізуші: Әділқазылар алқасынан өнер турының ұпай сандарын білейік.

2-жүргізуші: Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майдай шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні.

Міне осы, шын бақытты ел екені, - деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.

1-жүргізуші: Келесі кезекте сайысымыздың үшінші бөлімі Авангард

Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Сымбатты да, сұлу ханшаларымыз бен ханзадаларымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалайық.

1)8Асынып Еркебұлан мен Динара

2)8Әсынып Бекзат пен Аружан

3)8Бсынып Жалғас пен Айдана

4)9Асынып Шерхан мен Айзат

4)9Әсынып Нұрдәулет пен Ұлдана

5)9Бсынып Нұрдәулет пен Арай

6)10Асынып Ихтияр мен Дилноза

2-жүргізуші: Келесі кезекті әділқазыларға берейік.

1-жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік күзгі салат жасапты,

Қыздарымыз саусақтары майысып.

2-жүргізуші: Келесі бөліміміз күзгі салат деп аталады.Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салат жасап әкелу керек болатын, ендеше ханшаларымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін.Ортада;

1)8Асынып Еркебұлан мен Динара

2)8Әсынып Бекзат пен Аружан

3)8Бсынып Жалғас пен Айдана

4)9Асынып Шерхан мен Айзат

4)9Әсынып Нұрдәулет пен Ұлдана

5)9Бсынып Нұрдәулет пен Арай

6)10Асынып Ихтияр мен Дилноза

1-жүргізуші: Ендеше келесі сөз әділқазыларда

2-жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі балл айын.

Ханшайым тапқыр қыз болды,

Ағызар сөйлеп сөз майын.

1-жүргізуші: Ал ханымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды.

Би де билеп, ән айтты,

Қуаныштан шалқыды.

2-жүргізуші: Олай болса сайысымыздың келесі бөлімі Күзгі вальс

Өздерінің билерімен ортада;

1)8Асынып Еркебұлан мен Динара

2)8Әсынып Бекзат пен Аружан

3)8Бсынып Жалғас пен Айдана

4)9Асынып Шерхан мен Айзат

4)9Әсынып Нұрдәулет пен Ұлдана

5)9Бсынып Нұрдәулет пен Арай

6)10Асынып Ихтияр мен Дилноза

Күзгі вальс бөлімінің ұпай сандарын білейік.

Әділқазылар жалпы ұпай санын есептеп болғанша 9 «а» сынып оқушысы Иният Шерханның орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ендеше сайысымыздың қорытынды сөзін әділқазыларға береміз!

Екі жүргізуші бірге:

Қош дейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар - дей отыра бүгінгі «Алтын күз» атты күзгі балл кешін аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

© 2010-2022