Үү дыбысы және әрпі (сауат ашу)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кабдулданова Рыстай Айтмухаметовна

Семей қаласының №21 жалпы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.


Сауат ашу және жазуға үйретуге дайындық

Білім беру саласы: Қатынас Тақырыбы : Үү дыбысы және әрпі Мақсаты:Балаларды Үү дыбысы және әрпімен таныстыру. Осы дыбысқа арналған сөздер ойлату арқылы сөздік қорларын байыту.Сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру. Әдемі жазуға үйрету. Тапсырмалар орындату арқылы алған білімдерін қорыту.

Көрнекілік:Слайд: "Қоян мен түлкі" ертегісі, ү дыбысына байланысты суреттер

Қолданатын әдіс- тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, әңгімелесу, ойын, көрнекілік

р/с

Іс-әрекет кезеңдері

Жетекшінің әрекеті

Балалардың әрекеті

1







































2















































































































































3

Мотивациялық-қозғаушы





































Ұйымдастыру-ізденуші













































































































































Рефлексивті-түзетуші

Балалардың оқу құралдарын түгендеп, дайындықтарын тексеру.

Жетекші:

-Бүгінгі оқу әрекетінде барлығымызға сәттілік тілеймін!

-Балалар, сендерге ертегі тыңдаған ұнай ма?

Өткен оқу әрекетінің тапсырмасын сұрау.

-Сендер ертегі тыңдағыларың келсе, мына сөздерді оқып берулерің керек: Көл, өрік, көлік, көрпе, көрік, көз, өзен

Слайдтан "Түлкі мен қоян" ертегісін көрсетіп, балалардан қысқаша мазмұнын сұрау

-Түлкі әділетсіздік жасап, қоянды үйсіз қалдырды, бірақ біз түлкідей әділетсіз емеспіз. Біз түлкіге жаңа үй сыйласақ қайтеді?-Мынау не?-Үй.-Үй сөзі қай дыбыстан басталып тұр?-Ү дыбысынан. -Қалай ойлайсыңдар,Ү дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-Ү дауысты дыбыс екен. Ол сөздің басында және ортасында ғана кездеседі.Ү дыбысын айтқанда аузымызды үйректің аузына ұқсатып, алдыға қарай созамыз. Жіңішке айтамыз, өйткені Ү- жіңішке дыбыс.

Балалар тақтадағы суреттердің аттарын атайды.

Үтік, үш, үйрек, үй, үкі

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы сөздерді оқыту.

Оқулықтағы Үү әрпін бастырып жазу: Үү әрпінің баспаша және жазбаша түрі бар, жазбаша түрімен 1- сыныпта танысасыңдар, бүгін баспаша түрін жазып үйренеміз, Үү әрпінің жазылуы үш элементтен тұрады.1- оңға қарай көлбеу сызықты төмен түсіреміз, 2- қолымызды үзбестен жоғары қарай көлбеу сызық жүргіземіз. 3-сызықтардың түйіскен жерінен түзу сызықты тура төмен түсіреміз

Сергіту сәті

Үй мен үйшік жасайық

Үзеңгіні басайық

Үрлеп үлкен шарларды

Үзілісте шашайық!

1- тапсырма

Түлкі орман ішінде келе жатып итке кездесті. Оны иттен құтқару үшін сөздерге сөйлем құрайық:

...үтік...

...үйрек...

...үкі...

...үш...

...үй...

2- тапсырма

-Ит түлкіге таяп қалды. Мына тапсырманы орындасақ, түлкі иттен құтылып кететін сияқты

Суреттердің ішінен Ү дыбысы бар суреттерді табу керек:

1.Қоян, үй, доп, үкі, қалам, алма, қуыршақ, аю, үйрек.

3- тапсырма

Жұмбақтар шешу

1.Баласын ертіп соңынан

Сүңгіп, жүзіп үйретті

Су жұқпайды тонына

Кім білмейді ...? (үйректі)

2.Көрмедім еш үйіңді

Қолданбас бұл бұйымды

Жазып қыртыс-тыртысын

Жаңалайды киімді (үтік)

3. Күндіз соқыр не деген?

Түнде сондай көреген (үкі)

4- тапсырма

-Түлкінің келе жатқан үйінде нелер тұрады деп ойласыңдар? -Иә, түлкі мен әтеш тұрады екен. Олардың негізгі мекендері орман ба?-Жоқ, адамдардың жаны, өйткені олар үй құстары. Сондықтан олардың үйге баруына көмектесейік

Логикалық тапсырмалар

1. Күшік пен мысықты өз үйшігіне апар

2. Алдыда 1 үйрек

Артта 1 үйрек

Ортада 1 үйрек

Барлығы неше үйрек? ( 3 )

-Бұл тапсырманы да дұрыс орындағандықтан, тауық пен әтеш аман- есен адамдардың жанына жетті. Ал түлкі болса, сендерге рахмет айтып тұр!

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Үү дыбысы дауысты ма , дауыссыз ба?Қандай сөздерде Ү дыбысы бар екен?

-Болашақта сендердің де әдемі үйлерің болсын деген тілекпен сендерге мынандай үй сыйлағым келеді!

Оқу іс- әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мақтап- мадақтап, бағалау.

Оқу құралдарын түгендеп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындалады.

Ө дыбысына байланысты берілген сөздерді оқиды

Ертегіні қысқаша әңгімелеп береді

Үү дыбысының айтылуымен танысады



Ү дыбысы бар сөздерді айтып береді

Жаңа сөздерді оқып, Үү әрпін жазады



Жаттығу жасайды

Бұл тапсырма бойынша суретке қарап отырып сөйлем құрайды



Берілген сөздердің ішінен ү дыбысы кездесетін суреттерді атайды

Жұмбақтарды шешеді





Логикалық тапсырманы орындайды



Сұрақтарға жауап береді


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Үү дыбысы және әрпін, сөздерді дұрыс оқуды, әдемі, таза жазуды

Болу керек: Өтілген дыбыстар туралы білімдері

Істей білу керек: Тапсырмаларды дұрыс орындау, Ү дыбысы бар сөздер айту, сөздерді буынға бөлу және дыбыстық талдау жасау



© 2010-2022