• Преподавателю
  • Начальные классы
  • «Қош бол, құтты әліппем» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету. 2. Тілдік, сөздік қорын дамыту. 3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Көрнекіл

«Қош бол, құтты әліппем» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету. 2. Тілдік, сөздік қорын дамыту. 3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Көрнекіл

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: « Қош бол,құтты әліппем»

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың білімдерін бекіту,олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.

2. Тілдік ,сөздік қорын дамыту.

3. Ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі.оқулыққа арналған баннерлер,слайдттар,шарлар, плакаттар.

Жүрісі:

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар,ата-аналар, ұстаздар ,оқушылар.Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе» Барлық ғылымның атасы,болашағымыздың негізі-әліппені бітіру мерекесіне қош келдіңіздер. Бүгінгі мерекемізді еліміздің әнұранын орындаудан бастаймыз.

(ән ұран орындалады)

Оқушылар: Армысыздар ,мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

өмір деген үлкен жолда тарландар.

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақта балдырған

Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін міне ,әліппемен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Неге екенін білмеймін ,неге екенін

Әйтуір мәні бар мерекенің

Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой

Салтанаты жарасқан берекенің

Мұғалім: Өсті міне бойларың

Өсті ақыл- ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын.Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке

Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті әліппе

Ол сүйікті әліппе.

Мұғалім: Олай болса ,бәрімізге қымбатты әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Армысыздар жас достар !

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер ,балғындар!

Менің атым әліппе,

Мені анаңдай дәріпте

.Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкеңде

Не үйрендік не білдік

Қане ортаға салайық.

Оқушылар: Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен .

Есігін аштым мектептің ,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте .

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны әліппе.

Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

Хор: «Әліппе» әні

Астана -астанам

Астана -бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

Торғай ,торғай,торғайың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Ас біткеннің атасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы.

Егіз десек -екінші,

Сегіз десе-үшінші

Бұл қайсы әріп екенін Өзің қарап түсінші.

Оспанда өлең жаттады,

Олжаста өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары

Кесе,шыны ,пияла.

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз.?

Үш шырпының қайсыс әріп

Шығар екен жасалып

Ал шырпыны төгіңдер.

Құрастырып көріңдер

Темір құсты алып батпан

Көк аспанда қалықтатқан

Ағаларды кімдер дейді?

Алдымен тез тауып мақтан

Түн шымылдық ашқанда

Жымыңдайтын аспанда

Көк шырақтың аты не??

Қайсы әріптен басталған

Әліппе: -Балалар ,сендер менімен ғана достасқан жоқсыңдар, срнымен қатар қандай сабақтар оқисыңдар?

Оқушылар: дүниетану,математика, т.б

Әліппе: Ретімен тізбелі,

Әрбір санды даралап

Қайсың барсың бізге енді.

Айтып берер санамақ?

Оқушылар:

Бір дегенім-білім, Алты дегенім-арман

Білім жарық күнің. Атар таңын алдан Екі деген-еңбек Жеті деген Жігер

Еңбек бәрін жеңбек Жеңер жолын білер.

Үш дегенім-үміт, Сегіз дегенім- Үмітсіз жоқ жігіт Сүйенішің сенің

Төрт дегенім талап, Тоғыздеген талғам

Талмай тұлғын қанат. Тура жолға салған

Бес дегенім-бірлік Он деген-Отан

Бірліксіз жоқ тірлік. Отанды сүй ботам

Хор: «Рахмет саған,әліппе» әні

Әліппе: Оқушылар енді мен кетейін,менің орныма Ана тілі сабағы келеді.

Хормен:Қош сау бол,құтты Әліппем!

Ана тілі: Сәлематсыздар ма,балалар,енді сендер менімен дос боласыңдар.Оқып білім аласыңдар.

Туған елдің тілімін

Ақылы мол данамын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі-пәнімін

Ана тілі -ұраным

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

Ана тілім елдігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Оқушылар : Ана тілім-ұраным,

Ана тілім құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

Ана тілін ақтаңдар

Ана тілін сақтандар

Ана тілмен безеніп

Ата берсін ақ таңдар

Қазақ тілім өз тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашаққа бастаған дана тілім

Мұғалім : Ендігі кезекті оқушылар дайындаған Қ.Әжікеев «Көлекті маған кім берді?» Атты көріністі тамашалаймыз.

Менің сіңілім мүлде мазасыз.Сұрамайтыны жоқ оның.Бір күні көйлек сатып әкеп беріп едім,ол

:-Бұл көлекті маған кім берді?-деді

-Кім берсін.Дүкеннен алдым.

-Дүкенге қайдан келген?

-Қоймадан келген

-Қоймаға қайдан келген?

-Тігін фабрикасынан

- Тігін фабрикасынан қайдан келген?

-Мата тоқтитын фабрикадан

-Мата неден тоқылада?

-Мақтадан

- Мақтаны неден тереді?

-Қозадан

-Қоза қайдан шығады?

Қоза шиттен пайда болады.Көктемде жер жыртып,шит егіледі.Шиттен көсек пайда болады.Содан мақта алынады.Мақташылар теріп,өткізеді.

-Е,онда маған мақташылар берген екен ғой-деді ол.

Би : «Ертегілер.»

Оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы

Хор. «Ұстаз мың тағзым.» әні

Оқушылар:

Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі

Ана деп күнде ән салам,

Ауылға букіл жар салам

Қуанту үшін анамды

Күнде-күнде бес алам

Жан әке сіз жүргенде көзіңді сап,

Өссеміз бәйтеректей өзің құсап

Ортада сіздер барда дара шыңдай,

Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ

Бас бармағы-атам үйдің данасы

Балаң үйрек-әжем ошақ анасы

Ортан терек-әкем,отау панасы

Шылдыр шүмек-шешем шаңырақ ажары

Титей-бөбек-мен,бәрінің базары!

Би: « Келші-келші балашым.»

Би: қара жорға орындайтын: Нұртас

Үйреттің бізге әліппе

42 дербес әріпке.

Сөз,сөйлем құрап әріпті

Жаздырдың бізге әліппе.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге кол созатын.

Оқушы болдық сауатты,

Білімді тегін қазатын.

Мұғалім: -Келесі кезекте,мектебіміздің басшысына беріледі.оқу ісінің меңгерушісі не сөз беріледі.

- Оқушылардың ата-аналарына сөз кезегі беріеді.

- Сонымен бүгінгі « Қош бол ,құтты әліппем» атты мерекемізді аяқтаймыз.

-Қош сау болыңыздар!

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы № 17 орта мектеп

Дауытбаева Л.Т

© 2010-2022