Мектеп алды даярлық сыныбы үшін сабақтың тақырыбы: Орамалды әшекейлеу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы, Дамбы селосы

«Ынтымақ» балабақшасы

Бейнелеу пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Күзгі жапырақ

Сабақтың мақсаты :

1 Білімділігі : Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп , ерекшеліктерін білу. ТРИЗ әдісімен таныстыру.

2 Дамытушылығы : Балалардың шығармашылық қабілеттерін , өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Тапқырлыққа , шапшаңдыққа баулу.Сурет сабағына қызығушылығын арттыру.

3 Тәрбиелілігі : Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге ,еңбек сүйгіштікке , ұқыптылыққа тәрбилеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі : ТРИЗ «Монотипия» ,түсіндіру ,көрсету , сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі : Интерактивтік тақта,слайдттар,үлгі қағаз .Суреттер ,сүлгі ,қылқалам , су бояқ.

Сабақтың жүру барысы :

1 Слайд көрсету

2 Өткен сабақты қайталау.

3 Жаңа сабақ

4 Демонстрационды материал мен жұмыс

5 Ғажайып сәт

6 Сурет салудың үлгісі

7 Сергіту сәті

8 Сабақты қортындылау

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, қонақтар.

Балалар орындарына отырып ,интерактвтік тақтадан күз мезгілі туралы бейне роликті көреді.
Тәрбиеші:
-Балалар бұл қай мезгіл?
-Дұрыс ,күз айларын атайықшы?
-Күздің қандай ерекшеліктері бар?

Жарайсыңдар балалар ,күз мезгілінде ауа салқындайды,жапырақтар сарғайып ,айнала алтындай жарқырап,бір ғажайып түрге енеді. Жеміс-жидектер піседі,егіншілер егінін жинайды,жабайы аңдар қысқы азықтарын жинайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Балалар сендер ештеме байқамадыңдарма ? бүртүрлі жел соғып ,іш салқындап кетті . Терезе ашық қалған екенғой.. Біздің тобымызға даладан жапырақ келіп түсіпті. Қане балалар әсем жапырақпен амандасайықшы.

  • Сәлеметсіңбе әсем жапырақ. Бізге қош келдің.

  • Сәлеметсіңдерме достар. Мен күзгі жапырқпын . Мен өзімнің әсем биіммен сендердей достарымды қуантып жүрмін.

  • Ендеше бізде сенің әсем биіңді тамашалайық.

Жапырақтар биі биленеді. Өте тамаша билейді екенсің рахмет саған күзгі жапырақ.

  • Мен енді басқа топтарға барып биімді билеп беремін.Сау болыңдар достар.

  • Саубол күзгі жапырақ. Балалар қол былғап жапырақты шығарып салады.

Енді балалар осы әсем жапырақты ақ қағазға бейне-лейікші. Бүгін біздер ТРИЗ әдісімен ияғни сурет салудың дәстүрлі емес жолымен сурет саламыз.ТРИЗ әдісінің «Монотипия» түрін пайдаланамыз. Мына 2-ақ қағазда теректің суреті салынған. Терегіміздің жапырақтары түсіп қалған екен. Біз балалар аулаға шығып жапырақ жинадық. Бүгін сол жапырақтарымызды пайдаланып,сурет саламыз. Алдарыңда ыдыста бояу дайын тұр. Сол бояуға жапырағымызды малып теректің бұтағына бастырамыз.

Дидактикалық ойын: «Бұл қай ағаш ?».
Мақсаты: түрлі ағаштарды айыра білуге, ажырата білуге үйрету .Есте сақтау қабілеттерін, дамыту ,тез ойлауға үйрету. Ағаштардың түрін еске сақтау.
Ойынның шарты:тәрбиеші балаларға ағаштардың суретін ұсынып,олардың атауларын сұрайды. Ойын аяқталған соң, сергіту жаттығуы жасалынады.

Сергіту жаттығу :

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

-Біздер жанадан бері күз мезгілі туралы айтып жатырмыз.Ал кім күз мезгілі туралы тақпақ біледі?



  1. Жапырақтар сап-сары

Қонып жатыр жерге көп.

Қызықтап бау-бақшаны

Шаттанады бал бөбек.

  1. Сап-сары ғып даланы

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен.



  1. Күзім-ау -күзім-ау

Мінезің бұзық-ау .

Жаңбырың сіркіреп

Мінезің бұзық-ау.



  1. Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Сұрақ - жауап



  • Балалар қазыр жылдың қай мезгілі.?

  • Күз айларын атайықшы .

  • Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?

  • Сурет салудың қандай түрімен таныстық?





© 2010-2022