Дүниетану Ашық сабақ Құстар

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану 3 - сынып

Тақырыбы: Құстар.

Мақсаты: 1) Құстар туралы білімдерін кеңейту.Құстардың ,жануарлардың маңызды тобы екендігі,

Жабайы және үй құстары,олардың тіршілігі,күтімі,олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру;

2) Оқушылардың дүниетанымын,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеулерін дамыту;

3) Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу,құстарға қамқоршы бола білуге баулу.

Көрнекілігі: Құстар туралы суреттер,мазмұндауға арналған қысқаша мәтіндер,құстың қауырсыны,

құстың жұмыртқасы.

Түрі: Ұжымдық түрде бірлесіп білім алу.

Әдісі: Көрнекілік,сұрақ -жауап,іздендіру,дәлелдеу,әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу,табиғаттану.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.Танысу.

  • Балалар,ортаға шығып,шеңбер құрып, бір бірінің қолдарын ұстап тұрады.

Бір бірімізбен амандасамыз.

  • Сәлеметсіз бе, ашық аспан!

  • Сәлеметсіз бе,күннің көзі!

  • Сәлеметсіздер ме,құстар мен жануарлар!

  • Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар және оқушылар!

Осы көңіл күймен орнымызға отырып,сабағымызды бастайық.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

11. Өткенді қайталау. Тест түрінде тексеру.

1. Жануарлар тобы қандай табиғатқа жатады?

А / өлі табиғат; Ә / тірі табиғат Б /табиғатқа жатпайды

  1. Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады?

А / ақбөкен; Ә/ қасқыр; Б/ аю;

  1. Жыртқыш жануарлар тобын көрсет?

А/ ақбөкен,қоян; Ә/ қасқыр,жолбарыс; Б/ киік,марал;

  1. Талғаусыз қоректілерге қандай жануарлар жатады?

А/ ақбөкен; Ә/ қасқыр; Б/ аю;

  1. Суда да,құрлықта да мекендейтін жануар?

А/ қасқыр; Ә/ бақа; Б/ көбелек;

  1. Жануарлар тіршілік ету үшін қажетті жағдайларды ата?

А/ балшық,жарық; Ә/қора,ін; Б/ қорек,ауа;

  1. Жәндіктер қыста қайда кетеді?

А/ ағаш діңінде; Ә/ өліп қалады; Б/ жылы жаққа;

  1. Ірі қара малды көрсет?

А/ сиыр,жылқы; Ә/ ешкі,лақ; Б/ қой,қозы;

  1. Ұсақ малды көрсет?

А/ ешкі,қой; Ә/ сиыр,жылқы; Б/ түйе,жылқы;

  1. Қандай аңдар қысқы ұйқыға кетеді?

А/ түлкі,қоян; Ә/ аю,борсық; Б/ барыс,мысық,қой;

111. «Адасқан жануарлар» ойынын ойнату.

Оқушылар алдындағы суреттерді сүтқоректілерді, құстарды, балықтарды, жәндіктерді, жорғалаушыларды топтарға бөледі.

1У. Жаңа сабақ: Сөзжұмбақ шешу. /Берілген жемістерді атап,ретімен жазу./

Топпен жұмыс. Сыныпты төрт топқа бөліп /1-топ: қарлығаш; 2-топ: көгершін; 3-топ: аққу; 4-топ: бұлбұл.Осы құстарға ассоциация құру.Қай құс,ол туралы не білетіндерін айтады./

Ой қозғау. Құстар туралы не білеміз? Сызба арқылы құстар туралы білетіндерін айтқызу.

Мағынаны тану. Құстар - жануарлардың ең көп тараған түрі.Олардың 8000-нан астам түрлері бар.

Үй құстары,жабайы құстар,болып бөлінеді.Құстарды зерттейтін ғылым - орнетология.Пайдасы:

Зиянкестермен күреседі,еті,жұмыртқасы,мамығы.Құстар - біздің досымыз.Сирек кездесетін түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген.Құстар табиғат көркі.Оларды қорғау керек.Қажетсіз атуға,оларды ұстауға болмайды.

У. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді оқып,талдау.

У1. Дәптермен жұмыс. Инелік,жарғанат,тасбақа құстарға жатпайтынын дәлелдеу.Инелік -

бунақденелілер,жарғанат - сүтқоректілер,тасбақа - қосмекенділер тобына жатады.

У11. Сергіту сәті.

Ептеп ептеп жерден бидай терейік, Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Тергеніңді торғайларға берейік. Шаршадың ба,отыра ғой,деміңді ал,

Торғай,торғай, томпаң томпаң секірсін, Енді менің әңгімеме құлақ сал.

УХ. «Ұшты ұшты» ойынын ойнату. Топпен жұмыс.

Сыныпты төрт топқа бөліп, 1- топ: құстарға сипаттама беру. 2- топ: жыртқыш құстар жемін қалай аулайды. 3-топ: қандай құстар ұясын шалғынға,бұта басына салады. 4- топ: үй құстары мен жабайы құстарды салыстыру.

Х. Сабақты бекіту,қорыту. «Ыстық орындық» ойыны арқылы сабақты қорыту.

Жұмбақтар жасыру.

1. Ала шапан киеді, 5. Қызығып әр адам

Қыпылықтап жүреді. Ұстап ап даладан

Секектеп бір тұрмайды, Жүнімді жұлып ап

Өреден құрт ұрлайды. Бесікке қадаған. / Үкі/

Қалдықты жеп тауысқан 6. Тұмсығында суы бар

Аты оның . . . / Сауысқан/ Бұл қай құс тауып ал? /Бірқазан/

2. Ағашта жабысып тұрады 7. Сөз үйретсең қайталайды,

Тұмсығын аямай ұрады./Тоқылдақ./ Өздігінен айта алмайды./Тоты/

3.Қос қанатын иіп ап,жарға келіп қонады. 8. Бұрап қойған сағаттай

Қара киім киіп ап,балшықтан үй соғады./Қарлығаш/ Айғайлайды сағаттай./Әтеш/

4.Еркін самғап ұшсын деп,мәпелейміз,баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,қайсы құсты мақтаймыз. / Көгершін/

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Сабақты аяқтау. Жақсы тілектер айту.


© 2010-2022