«Ата-анаң-алтын тұғырың» ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітілді»

Оқу ісінің менгерушісі: Қайырқұл Ш.С

Сабақ тақырыбы: Ата-анаң алтын тұғырың

Сабақ мақсаты:- «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: -ата-анаға сүйіспеншілік сезіміне , ата-ананы құрмет тұтуға үйрету

-ата-ананы қадірлеу , ардақтау , ата-ананың үмітін ақтауға баулу

-махаббатқа , мейірімділікке ,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлематсыздар ма балалар ? сіздерді бүгінгі күні көріп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгін біз өзін-өзі тану сабақтарының жаңа бетін тағыда парақтап ашатын боламызғ отырыңыздар.

  1. Суретті болжау

Балалар тақтадағы суреттерге қарай отырып біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен дәйексөзін құрастыра аламыз .Тақтадағы суреттерге назар аударайық

-тау,бүлақ.құрақ

3.Дәйексөз

Әке -асқар тау

Ана -бауырындағы бұлақ

Бала -жағадағы құрақ

-Олай болса балалар бүгінгі біздің сабағымыз да «Ата анаң -алтын тұғырың» деп аталады

«Әке» тобы, «Ана» тобы, «Бала» тобы болып үш топқа бөлініп отырамыз

4.Әңгімелесу

-Балаға мінез қандай үш адамнан жұғады?

-Бала тәрбиесіне кім тікелей қатысты? Әке ме? Ана ма?

-Ата-анаңмен сырласып,ой бөлісесіңдер ме? Қандай тақырыпта?

-ата-анаң саған қай кезде риза болады?

-ата-анаңды қандай қылықтарыңмен ренжітесің?

-ата-анаңды қатал, шыншыл деп ойлайсығ ба?

-ренжіткенде ата-анаңнан кешірім сұрайсың ба?

-ата-анаңның үмітін дам қай кезде ақтай алады?

-ата-анаң сеніің тілегінді күнде орындай ма? орындамаса не істейсің?

5. Мәтінмен жұмыс

1-топ М.Ғабдуллиннің мәтіні

2-топ Ә.Қайдардың мәтіні

3-топ Қабуснамаданның мәтіні постер қорғайды

Мәтіндегі негізгі ой, қосымша деректер, дәлелдемелер айтылуы керек

Оқушылар жүмыстанып жатқанда «анашым-әкешім» әуені ойнап тұрады 3 минут

Постер қорғау әр топқа 2 минут

6.Жаңа ақпарат

Сенің адал өмірің ,сенің еңбексүйгіштігін, білім алудағы табыстарың-ата-анаң үшін зор бақыт. Өз үйіне бақыт әкел . Ата-ана жүрегін сезе біл, олардың жанарыңдағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен ата-анаңның көздерінен олардың жан дүниесін көре білуді үйренбесең адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың. Қазақта ата-ана тәрбиесін көре білгенді көргенді, тәрбиеге көнбегендерді көргенсіз деген сөз бар . Ата-ана үшін баласының көргенсіз атануынан асқан қорлық жоқ

7.Бейнеролик «Қариялар үйінде»

Адамның үш жүты бар дейді украйын даналығы. Біріншісі өлім, қарттық және жаман бала

Алғашқы екеуінен адам қаша алмайды. Өйткені өлім алмай, кәрілік келмей қоймайды, оларға ешкім өз есіген жауып қоя алмайды .Ал үйіңді өрттен қорғағандай жаман баладан қорғауың мүмкін Кәрілік бақыт бола алмайды ,ол тек тыныштық немесе қасірет болуы мүмкін Сый -құрметке лайық болғанда ғана ол тыныштық бола алады. Сондықтан да ата-аналарыңа, ата-іжелеріннің қарттығын қасіретке айналдырмағдар. Адам өзінің ұрпағы арқылы өмірде көп жасайды. Адамның өлмейтіндігі осында. Өлгнедердің бейнесін үнемі есте сақтап жүрәідер өйткені жан дүниесінде өткеннің бейнесі жоқтың болашағы да жоқ

8. Дәптермен жұмыс

«Ата-анам алтын тұғырым» тақырыбына эссе жазу

9.Түйіндеме

Сабақтан не түйгендерін қағазға жапсырады.

10. Өзіммен-өзім

«Ата-анаға қамқорлық» бейнеролик көрсетіледі

11. Жүректен -жүрекке

«Әке туралы жыр» әнің айту



© 2010-2022