Сабақтың тақырыбы: Әліппе х дыбысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Хх дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға Хх әрпі мен дыбысы туралы білім беру. Сөз ішінен Хх әрпін табу. Мәтінмен жұмыс жасатуды үйреті.

Дамытушылығы: баланың тілін бейнелі сөзбен байыту. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Сауаттылыққа дағдыландыру, жетілдіру.

Тәрбиелігі: тазалықа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, дайындалған слайдтар,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

Ι.Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық.

"Кім дейміз?"

1.Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы.

Кім дейміз? (әдепті екен бұл дейміз)

2.Кітап, дәптер, қаламы,

Кір шалмаған баланы.

Кім дейміз? (ұқыпты екен бұл дейміз)

3.Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы.

Кім дейміз? (үлгілі екен бұл дейміз)

ΙΙ.Үй тапсырмасын тексеру

Дүйсенбі: Өткенді пысықтау.

  1. Өлеңді жатқа айту. «Таңқурай мен қорбаңбай».

  2. "Асыл мұра" мәтіні, мәнерлеп оқу.

  3. "Жоғалған әріп" - ойыны.

ΙΙΙ.Жаңа сабақ

Сейсенбі: Жаңа сабақ.

Ой қозғау: әңгіме.

Өзен үстінде ұшып келе жатқан Қарға Шаянды көзі шалып қалды. Қарға әлгі Шаянды ұстап алады да, бұтаққа келіп қонады. Енді құритынын сезген Шаян:

  • Қайран Қарға-ай, сенің атаң мен анаңды білуші едім, өздері жақсы құстар еді,-дейді.

Шаян тағы да:

  • Олар соншама жақсы құстар болғанымен, саған жету қайда! Сендей ақылы асқан құсты көрмедім,-дейді.

Мақтау сөз қарғаның жанына жағып кетеді де:

  • Х -х-ха! Х-х-ха! Х-х-ха! -деп айтады.

Бүгінгі сабағымызда Хх дыбысы мен әрпімен танысамыз. (жазылуы және баспа түрі).

Хх дыбысы дауыссыз дыбыс, көбіне араб, парсы сөздерін енген сөздерде кездеседі.


  • Біз Хх дыбысын қалай айтамыз? Кедергімен айтамыз. Қане, балалар, бәріміз айтып көрейікші. Хх Хх Хх


  1. Сөздерге дыбыстық талдау.

Плакатпен жұмыс


  1. "Кім шапшаң?" ойыны. Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.

ША...МАТ, АС...АНА, ...АЛАМ, ...АБАР, ...АЛЫҚ.

Сабақтың тақырыбы: Әліппе х дыбысы

ΙV. Сәрсенбі. Сергіту сәті

Бейсенбі: Оқулықпен жұмыс:

  1. Сөздерді талдау.

Хор, хабар, кітапхана, асхана, хат, халат, шеберхана, дәріхана.

  1. Суретпен жұмыс. Суретке қарап, сөйлемдер құрастыру.

«Балалар хоккей ойнап жүр. Олар - нағыз хоккейшілер. Бір бала-қақпашы, ал екіншісі-шабуылшы»

  1. Мәтінмен жұмыс "Хоккей".

Сұрақ-жауап:

  • Хасан мен Хамит қандай ойынды жақсы көреді?

  • Хасан ойында кім? (шабуылшы)

  • Хамит ше? (қақпашы)

  • Ойын қалай өтті? (Хасанның тобы жеңіп шықты)

  • Кім хоккей ойынын ойнап көрді?

«Хоккей» сөзіне талдау жасау.

  • Хоккей сөзінде неше буын бар?

  • Хоккей сөзінде неше к әрпі бар?

  • Хоккей сөзі басқа тілден енген сөз.

  • Ал сендерге қысқы спорт түрі ұнайды?


  1. «Хоккей» мәтінін балаларға мәнерлеп оқыту.

V.Сабақты бекіту

  • Бүгін қандай әріппен таныстық?

  • Хх қандай дыбыс?

  • Хх әрпі сөздердің қай жерлерінде кездеседі?

  • Хх әрпі кездесетін сөздерді ата.

VΙ.Үйге тапсырма. "Хоккей" мәтінін оқу. (114-бет)

VΙΙ.Бағалау


© 2010-2022