Тақырыбы: Ф әрпі бар сөздер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Ф әрпі бар сөздер Сабақтың мақсаты: Ф әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу, нұсқаулардың дұрысын айту. Қоғамдық орында өзінді дұрыс ұстаудың қандай ережелерін білесің? ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Ф дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Айтылуы бойынша Ф дыбысы қай дыбысқа ұқсайды? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 8-жаттығу жұмбақты мәнерлеп оқу, шешуін табу. (Ф әрпі) ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 9-жаттығу. Керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіру.Оқушылардың дәптерлеріне қатесіз, өзіндік жұмыс ретінде орындауын қадағалау. 10-жаттығу, жұмбақты мәнерлеп оқу, шешуін табу, жаттау, жазу. Балалардың футбол ойыны білетіндерін сұрау. 11-жаттығу мәтінді көшіріп жазу, Ф әріп бар сөздердің астын сыз? Ф дыбысы қандай дыбыс? 12-жаттығу шығармашылық тапсырма. Ребустың жауабы: флейта. Флейта музыкалық аспап. Оның үні сондай тамаша болып келеді. Флейтаның үнің естігендерің бар ма? Ауызша осы сөзге мәтін құрау, талдау. 13-жаттығу. Оқушылардың байқампаздықтарын анықтау мақсатымен жаттығуды орындау. в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: 14-жаттығудағы мәліметті оқу, талдау, есте сақтау. - Ф дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз ұяң) ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 15-жаттығу, 47-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
№24. Тақырыбы: Ч, щ дыбыстары Сабақтың мақсаты: ч,щ әріптері бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 15-жаттығу тексеру, оқу. Ең дұрыс тізбекті мадақтау. Қиын сөздердің мағынасын ашу, түсіндіру. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Ч дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Айтылуы бойынша Ч мен Щ ұқсайды ма? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Берілген буындардан сөздер құрау: щи, чемпион, щетка, чек, карточка, плащ. Бұл сөздердегі ч, щ дыбыстары дауысты ма, әлде дауыссыз ба? Неліктен? Ауызша сөйлем құрау. Қоршаудағы ережені оқу, талдау, есте сақтау. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 2-жаттығу мақалды мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Дәптерге көркем етіп жазу. 3-жаттығуды терме диктанты ретінде жазу. Сөйлемдерден ч және щ дыбыстары бар сөздерді теріп жазу, сол сөздерге дыбыстық талдау жасау. 4-жаттығудағы жұмбақты шешу, щеткамен тағы нені тазалауға болады? 5-жаттығу.Көп нүктенің орнына ч немесе щ әріптерін қойын көшіріп жазу, сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. 7-жаттығудағы мағлұматты дауыстап оқу, талдау, есте сақтау. Алғашқы екі сөйлемді жазу. в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: 8-жаттығу «Кім тапқыр?» ойыны арқылы сөзжұмбақты шешу. Щ: щи, ащы, тұщы, щетка. Ч: чек, Чукот, чемпион, чекис. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, 49-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау


© 2010-2022