Сауат ашу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашуСауат ашуСабақтың тақырыбы: «Һ»дыбысы мен әрпі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларғаҺ таңбасын таныстырып, Һ дыбысы мен әрпі туралы білім беру, сөз ішінен һ әрпін табу, олардың тілдік, сөздік қорларына мән беру мәнін ажырата білу;

Дамытушылық: баланың тілін бейнелі тілмен дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілетін, қиялын дамыту;

Тәрбиелік: ойындарды пайдаланып оқушыларды еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: сюжетті суреттер, сызбалар


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру бөлімі:

  • Балалар, бізге бүгін Қожанасыр аталарымыз қонаққа келді. Оның сіздерге арнап әкелген «Сыр сандығы» бар екен. Сол сандықты ашу үшін мына екі тапсырманы орындасақ сандықтың сыры ашылады. Ендеше, тапсырманы орындайық.

  • Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен танысып едік?

  • «Сыр сандықтың» бірінші тапсырмасы: алдарыңа үлестіріліп берілген суреттерге мұқият қарап, атауында һ дыбысы бар бар суреттерді белгілеу керек.


Сауат ашу


  • «Сыр сандықтың» екінші тапсырмасы: берілген суреттерді атап, атауында «п» мен «б» дыбыстары бар суреттерді тиісті әріптер тұсына жинау керек.




Сауат ашуСауат ашуСауат ашуСауат ашуСауат ашуСауат ашуСауат ашуСауат ашу





  • Жарайсыңдар, балалар. «Сыр сандықтың» сыры ашылды. Сандықта бүгінгі біз танысатын жаңа дыбыс, жаңа әріп бар екен. Олай болса тақтаға көңіл аударайық.

  1. Жаңа сабақ.

  • Қазақтың көне жерінде,

Айдаһар өмір сүріпті.

Патша боп көп жыл тұрыпты,

Күшсізді талай жалмапты,

Тіссізді талай қандапты...

  • Өлең не жайында?

  • Өлең айдаһар жайында.

  • Осы өлеңдегі сөздің ішіндегі бізге таныс емес дыбысты табайық.

Сауат ашу



  • Ол «һ» дыбысы. Бірге айтайық.

  • Һ - Һ - Һ

  • Һ дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстар қай үйде тұрады?

  • Дұрыс. Әрине, дауыссыз дыбыстар көк үйде тұрады.

  1. Тақтамен жұмыс.

  • Кәне, балалар, тақтаға қарайық.

Талдан иген ағаш ап,

-Жүйрік болсын балам,-деп

«һ»-ға ұқсаған көмекші - ат,

Жасап берді Адамбек.


  • Орындыққа қарайық,

Ұқсайды екен қай әріп?


  • Ізетті қыз Гүлімжан:

-Отырған,-деп нұсқайды.

Орындығы ұсынған,

«һ» әрпіне ұқсайды.

  1. Сөздік жұмысы.

  • Ендеше, «Һ» дыбысы бар сөздерді мұқият тыңдап, есімізге сақтайық.

  • Айдаһармен алысқан

Талай-талай қаһарман.

Жеңіспенен табысқан,

Шыққан осы шаһардан.


  • Баһадүр, қаһарман, шаһар, гауһар, айдаһар, жиһаз, жиһан.

  • Мына сөздерге алдымыздағы текшелер арқылы дыбыстық талдау жасайық.


  1. Дәптермен жұмыс.

  • Қазақ тілінде «һ» дыбысынан басталатын сөз болмағандықтан, «һ» әрпінің бас әрпі жоқ.

  • Ендеше «һ» дыбысының таңбасымен танысамыз.

  • Үлкен жолдың ортасынан қаламымызды қойып, астыңғы сызыққа дейін түзу түсіріп, сол сызықты бастыра қайта жоғары көтереміз де, оңға қарай бұра үстіңгі сызыққа тигізе доға сызамыз да төмен түсіреміз.

  • Алдымен ауада жазып көрелік.

  • Енді, дәптерімізді ашып «һ» әрпін жазайық.



Сауат ашуСауат ашу



  1. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.

  2. Сергіту сәті. «Буын жоғалттым» ойны.

  • Алдымыздағы тапсырма бойынша жоғалтқан бундарды тауып, алдыңғы буынды толықтырып жазайық.


Сауат ашу


  1. Шығармашылық жұмыс.

  • Алдарыңызға берілген гауһар тасты құрастырып, желіммен жапсырмалаймыз.


Сауат ашу




  1. Сабақты қорытындылау.

  • Алдымыздағы мына суретке мұқият қарап, атауында «һ» дыбысы бар сөздерді белгілейміз.

  • Кітап, жиһаз, айдаһар, гаухар.


Сауат ашу




  1. Бағалау, мадақтау.

  • Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, бәріңде жарайсыңдар.

Мұғалімнің айтқанын,

Мықтап миға тоқимыз.

Бар ынтамен тыңдасақ,

Кілең «5»-ке оқимыз.

  • Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

© 2010-2022