Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту Мақсаты: Оқушыларға 5 санын қосу және азайту тәсілдерін таныстыра отырып, қосу мен азайтудың өзара байланысты екенін түсіндіру. 5 санын қосу және азайтуға арналған есептерді шығарту. Міндеттері: Білімділік: қосу компоненттерін пайдалана отырып қосу және азайту амалына өрнек құрастыруға, есептер шығаруға үйрету. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд Сабақтың өту барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар! (Оқушылар бүгінгі күн біз үшін өте маңызды күн. Себебі , бүгін біз ашық сабақ көрсеткелі отырмыз. Сабағымызға қонақтар келді) 2.Психологиялық сәт:

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын! 3. Жаңа сабақ: 5санын қосу және азайту Балалар, бүгінгі сабағымызда қысқы ойын түрлерін еске түсіреміз. Ол үшін біздер әр түрлі есептер шығара білуіміз керек. Қазір біз үш топ болып отырмыз. Бірінші қатарда отырғандар - көкпар тобы, екінші қатарда отырғандар - жігер тобы, үшінші қатарда отырғандар - толағай тобы. Ендеше дайынбыз ба? 1-тапсырма: Келесі сандарды айт. Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс 4. Дәптермен жұмыс.Көркем жазу а) күн жадын жазу б) Көркем жазу: 5 5 5 5 5 5 Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Оқулықтағы №1 тапсырма А)Қосылғыштарының бірі 5 болатын қосындыларды жаз және мәндерін тап. 0+5=5 1+5=6 2+5=7 3+5=8 4+5=9 5+5=10 Ә)Азайтқышы 5 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап. 10-5=5 9-5=4 8-5=3 7-5=2 6-5=1 5-5=0 Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы орындадық. Оқулықтағы №2 тапсырма 5 санын қосу және азайту кестесін жаза аламын. (Балалар көмектеседі) 1+5= 6 6-5=1 2+5= 7 7-5=2 3+5=8 8-5=3 4+5= 9 9-5=4 5+5= 10 10-5=5 Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы орындадық. Келесі 3 топқа салыстыру есептерін берейін. Осы салыстыруды шығара отырып шаңғы жарысын еске түсіреміз. Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс 5. Сергіту сәті. Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс Оқулықтағы №3 тапсырма Төрт сан аттай отырып сана және сандарды ата: өсу ретімен 5-тен бастап, кему ретімен 10-нан бастап. 5, 10. 10, 5, 0. Оқулықтағы №4 тапсырма Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс Шешуі: 9-5 <5 Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы орындадық. Оқулықтағы №5 тапсырма . Есепті шығар: Аида 9 оюдың суретін салды. Олардың 5-еуін бояды. Ол тағы неше оюды бояуы керек? Сурет салды-9 Бояды - 5 Қалды - ? Шешуі: 9-5=4 Жауабы: 4 оюды бояу керек. Кел, ойнайық! « Үйшік» ойыны Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс

Логикалық тапсырма.Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс 6. Сабақты бекіту: Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс

Фигураларды сана.

Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс
7.Бағалау

Сабаққа араласып, белсенділік көрсетіп, өз ойын ашық айтып отырған оқушыларды бағалау.


Елек негізгі мектебі




Математика

5 санын қосу және азайту

Ашық сабақ 5 санын қосу және азайту 1 класс



1 класс

Кл.жет.: Каршигина Г.






2015-2016 оқу жыл

© 2010-2022