Сауат ашу. Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексердім:

Күні:

Пәні: сауат ашу 1 класс мұғалім : Жуминова Ж.Ж.

Сабақтың тақырыбы

Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер

Мақсаты

Оқушыларды «Құстарым, келіңдер» өлеңімен таныстырып, жыл құстары жайлы мағлұмат беру; өлеңді оқыту арқылы олардың ойын, тілін дамыту, танымдарын кеңейту, оқу жылдамдықтарын арттыру; көркем, сауатты жазуға, ұқыптылыққа, құстарға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

  • Жыл құстары туралы тереңірек мағлұматтар алады, алған мәліметтерін өмірде пайдалана алады.

  • Өлеңнің мазмұнын түсіну арқылы шығармашылығы қалыптасады. Оқушының білім,білік дағдысы қалыптасады. Оқушылар жұптық жұмыс жасау барысында бір-бірінің пікірін тыңдауға дағдыланады,өзін -өзі реттеуге, бағалауға үйренеді.

Сілтеме

Ана тілі оқулығы 1 класс, Ана тілі Алматы «Атамұра» 2012ж

№1 жазу дәптері Ана тілі Алматы «Атамұра» 2012ж

Негізгі идеясы

Заттың атын білдіретін сөздер туралы толық ақпарат алуы

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Оқуды және оқыту үшін бағалау.Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, АКТ қолдану

Ресурстар

Ақ бетшелер, маркерлер, компьютер,смайликтер, стикерлер, үлестірме деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут



Сабақ кезеңдері

Уақыты 45 минут

Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Қолданылған әдіс -тәсілдері

Оқыту модульдері

Жеке жұмыс

ОүБ бағалау

Оқуды бағалау

Ұйымдастыру

Кезеңі

5 минут

Сабақ басында жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында топқа бөлу.Оқушыларды үш топқа бөлу суреттермен

1топ Наурыз 2 топ Сәуір 3топ: Мамыр

Табыс критерийін құру.Тыныштық сақтау, топта ұйымшылдықпен жұмыс жасауға үйрену, бірін-бірі тыңдау, уақытты ұтымды пайдалану

Психологиялық сәт:

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым , Арайлап атқан күнге

Шаттық шеңбері

Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Шаттық шеңберін құрып көңіл-күйлерін байқатты.

смайликтер

Үй тапсырмасын сұрау

10 минут

Заттың атын білдіретін сөздер. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз? -Кім? Не? Кімдер? Нелер Венн диаграммасыына салу

- Біз өткен сабақта І. Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңімен, заттың атын білдіретін сөздермен таныстық. Оқушылардан өлеңді жатқа сұрау.

Венн диаграммасы

Сын тұрғысынаан ойлауға үйрету,

Қадағалау

Венн диаграммасымен дұрыс жұмыс жасауын байқау.

Бақылау:

1.Өлеңді мәнерлеп жатқа айту-3ұпай

2.Өлеңді бірізді дауыспен жатқа айту-2 ұпай

3.Өлеңді мәнерлеп оқып беру-1ұпай

Қызығушылықты ояту

5 минут

«Құстар үні» тыңдау, презентация-слайд

АКТ қолдану

Ынтымақтас-тықта бірлескен жұмыс

Сұрақ арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді.

Тамаша

Мағынаны тану

17 минут

Сабақта заттың атын білдіретін сөздермен жұмысты жалғастырамыз.

Ережені есіңе сақта.
Заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? кімдер? Нелер? деген сұрақ қойылады.
Кім? сұрағы адамдарға байланысты айтылған сөздерге қойылады. Не? сұрағы жануарларға, жансыз заттарға қойылады.
Дәптермен жұмыс.
85 - жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып дұрыс сөйлем құрап жазыңдар

1.Көрікті көктем туды . 2.Қар ери бастады.3. Жылы жел соқты.
2. Көру диктанты.

Наурыз айы басталды. Күн ұзарды.. Дала жылына бастады.

86- жаттығу Түсініп оқыңдар.

Әкем менің- құрылысшы. Атам менің -мұнайшы.
1 Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызу.

Оқулықпен жұмыс. Жұмбақ шешуін табу.

Тал басында, түндіксіз отау. (Ұя)

Қабдікәрім Ыдырысовтың «Келіңдер, құстарым» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Сергіту сәті: Қарлығаш

Мәнерлеп оқиық,

Әдемі жазайық!

Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту



Оқулықпен жұмыс және

Д әптермен жұмыста, тақтаны пайдаланғанда әдемі сауатты оқу , жазу дағдысы қалыптасады.

Қадағалау,

Бағалау

критерийі:

1. Өлеңді мәнерлеп,

түсініп оқуы- 4ұпай

2.Өлеңді түсініп оқуы-3 ұпай

2. Өлеңді түсінбей, мүдірмей оқуы- 2ұпай

3. Өлеңді ежіктеп оқуы-1ұпай

4. Мүлдем оқи алмаса-0

Ой толғаныс

7минут

Семантикалық картамен жұмыс
Құстар Жабайы құс Үй құсы Су құсы Алып құс
Аққу
Тауық
Тырна
Бүркіт

Семантикалық карта

Сын тұрғысынан ойлау

Жұппен жұмыс орындалады.

Үш шапалақ

Үйге тапсырма

3 минут

Міндетті : 1 «Келіңдер , құстарым » өлеңін жаттау.
Мүмкін: 2 . «Құстар біздің досымыз» шағын әссе

Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Бағалау 3 минут

Білетінім, үйрендім, білгім келеді.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Кері байланыс жасауға дағдылана бастады.

стикермен

Рефлексия: Бүгінгі сабақта оқушылар заттың атын білдіретін сөздер туралы тереңірек түсінеді, жыл құстары туралы түсінеді.

© 2010-2022