Сауат ашу пәні бойынша Қоян

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу. 1-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қоян

Сабақтың мақсаттары: Қоян туралы түсініктерін кеңейту, мәтіннің негізгі ойын ашып түсіндіру, тұтас оқуға төсілдіру.

Білімділік ׃ Сөз ішінде дауысты дыбыстарды ажырата алу.

Дамытушылық: Ана тілінің байлығы арқылы оқушының ой - өрістерін, сөздік қорларын, тілін дамыту, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру, үйрету.

Тәрбиелілік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат - ананы, ондағы өсімдіктер дүниесі мен жануарлар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ..

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдістері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу, салыстыру.

Пәнаралық байланыс ׃ Дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, топтық тапсырмалар,

қоян суреті, түрлі суреттері, смайликтер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Психологиялық дайындық жасау.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып - тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты бастаймыз.

3. «Миға шабуыл» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау.

-Дыбыс дегенді қалай түсінесіңдер?

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Әріп дегеніміз не?

-Сөз нелерден құралады?

-Сөйлем нелерден құралады?

-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Дыбыс пен әріптін айырмашылығы қандай?

Саққұлақ өлеңін жатқа айту.

Күшігім менің Саққұлақ

Келеді әне шапқылап.

Сақтығыңды көрейін,

Қойшы атайға берейін .......

Жаңылтпаштан жаңылмаймыз.

Бұл қар-

Сүр қар,

Сұр қар-

Кір қар.

Үстіне аунама,

Үстіңді былғар.

І Қызығушылықты ояту.

1. Көркем жазу. Е,е әрпін екі жолға жазу.

2. Ой шақыру. Суретпен жұмыс.

Сурет көрсету арқылы сөздерді жазу, дауысты дыбыстарды қызыл түске бояу.

Сауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша Қоян

Күшік Д . . М . . . .

Сауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша Қоян

С . . . Т . . .

Сауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша Қоян

К . . . . . . Қ . . . . . .

3. «Кім шапшаң?» ойыны.

Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазып шығыңдар ./дәптерге жазу/

Жұмбақ: Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. Қоян.

Қоян туралы не білеміз ?

Оқушылардың қоян туралы білетіндерін тыңдау, жазу.

.

«Топтастыру»

Сауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша ҚоянСауат ашу пәні бойынша Қоян

ІІ Мағынаны тану . Жаңа сабақты хабарлау. Қоян.

Мәтінді мұғалімнің оқуы.

Қыста аңдарға жем табу қиын. Түлкі қыстыгүні қоян аулайды. Түлкіге қоянды табу қиындыққа түседі. Себебі қоян қыстыгүні аппақ «тонын» киіп алады. Ол аппақ қардан аумай қалады.Сондықтан да ол алаңсыз жайылып, бұта түбінде ұйықтай береді.

Оқушылардың тізбектеп оқуы.

«Кубизм» стратегиясы.

  1. Мәтінде жылдың қай мезгілі туралы айтылған ?

  2. Түлкі қыста нені аулайды?

  3. Түлкіге қоянды табу оңай ма?

  4. Неліктен?

5. Қоян немен қоректенеді ?

6. Қоян қыста қайда ұйықтайды ?

7. Қыста ұйықтамайтын тағы қандай аңды білеміз ?

8. Қыс мезгілі саған ұнай ма, ұнаса несімен қнайды?

«Болжау» стратегиясы.

Сонымен, түлкі қоянды қыста қалай аулайды деп ойлайсың ?

Сергіту сәті.

Қояндарым тұрыңдар,

Беті-қолды жуыңдар.

Айнаға қараңдар,

Тондарыңды тараңдар.

ІІІ Ой толғаныс.

Дәптермен жұмыс.

«Кластер» стратегиясы. Сурет бойынша білгенін жазады.

1-топқа тапсырма.

Жұмбақты шешіп, шешуін жаз. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды боя.

Сауат ашу пәні бойынша ҚоянЖазда сұрғылт,

Қыста аппақ. / Қо-ян

2- топқа тапсырма.

Сауат ашу пәні бойынша ҚоянТоны ----- құлағы ------- көзі ----- өзі -------

«Венн диаграммасы» әдісін.

Сауат ашу пәні бойынша ҚоянҚоян Түлкі

Сауат ашу пәні бойынша Қоянқу

қ

АҢорқақ айлакер

өсімдік жейді ет жейді

қыста ақ түсі сары

жазда сұры

«Синквейн» тәсілі.

Қоян.

Саққұлақ. Жүйрік.

Секіреді. Қоректенеді. Қорқады.

Қоян өте жүйрік жануар.

Аң.

Автор орындығы. Оқушылардың өлеңдерін оқуы. Мадақтау.

Смайликтермен формативті бағалау. Сабақтан алған көңіл-күйлерін смайликтермен көрсетеді.

Рефлексия

« Өмірге құштар қоян » бейнеролик көру, талдау.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру. Қосымша іздену. Қоян тағы қандай аңдардан қорқады? Себебі дәлелде.


© 2010-2022