Конспект урока

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Дүниетану 4 сынып Сабақтың тақырыбы: «Мәдени-тарихи мұраларды қорғау» Сабақтың типі: Жаңа сабақ. Сілтеме: Оқулық, презентация, қосымша деректер. Жалпы мақсаты: Мәдени- тарихи мұраларды қорғау туралы мәлімет беру. Оқу нәтижесі: * Мәтінмен танысу; * Қазақ жеріндегі тарихи мұраларды зерттеу; * Мәдени мұралардың сақталуы туралы білу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: инсерт, әңгімелеу, жаңа әдіс-тәсілдер, сәйкестендіру, тест, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, сөздікпен жұмыс. Сабақтың форомасы: жұптық, топтық. Сабақтың ресурстары: кеспелер, суреттер, инсерт кестесі, тест, стикер, интербелсенді тақта. Оқуға арналған тапсырмалар: Тақырыптық оқу І Ұйымдастыру кезеңі: Топқа мазайкамен бөлу (қызыл, көк, жасыл, ақ ) І топ- Хеопс пирамидасы ІІ топ- Үлкен сфинкс ІІІ топ- Семирамиданың аспалы бағы ІV топ- Александрия манары Суретте не бейнеленген? - (суретті құрастырған оқушы топ жетекшісі болады) ІІ Үй жұмысын тексеру: Әр топ құрастырған суреттеріне байланысты 2 сұрақтан дайындап, келесі топқа сұрақтарын қояды. (топ жетекшісі бағалап отырады) Мотивация: Сөзжұмбақ арқылы жеті деген сөзге шығу, презентация көрсетіледі. Жеті керемет деген не?
ж а л а у е ң б е к т а р и х б і л і м д

і

  1. Тудың синонимі ................
  2. Адамды адам еткен не?................
  3. «хират» сөзін теріс яғни соңынан алға қарай оқы .....................
  4. Білекті бірді жығар, қандай адам мыңды жығар?
Мәдени-тарихи мұра. Сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? Оқушылар алдарына мақсат қояды: * Мәтінмен танысу *Қазақ жеріндегі тарихи мұраларды зерттеу *Мәдени мұралардың сақталуы туралы білу Оқулықтағы мәтінді топтарға бөлемін. Мәтінді бөлімге бөлу: 1-2-3-4 бөлім. Мәтінді оқи отырып, инсерт кестесін толтырыңыздар. Білмеймін Білдім Білгім келеді


Ал балалар, мәтіндегі қандай сөздер түсініксіз болды? Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізу:
  • Тарихи мәдени ескерткіш
  • ЮНЕСКО
  • Озық үлгілер
  • Мазары,күмбез
Мұғалім: Мәдени-тарихи мұраларды не істейміз? Оқушылар әр түрлі жауаптар айтады. (топ басшылары белгілеп отырады) Оқушылар: .......................... Сергіту сәті: қара жорға. Қ/Д - М: Балалар, қазақ жеріндегі мәдени мұралармен танысамыз, топ басшылары келіп, тапсырмаларды алыңыз. (конверттен сурет пен қосымша деректі алып, постерге енгізеді, одан соң қорғайды). Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5 м, ұзындығы - 65 м. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Сыртқы қабырғалардың қалындығы - 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы - 3 метр. Бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: Қазандық; Үлкен Ақсарай; Кіші Ақсарай; Құдықхана; Кітапхана; Асхана; Көрхана; Мешіт. Қожа Ахмет Иасауи бірнеше тілдерді біледі: араб, шағатай, парсы, түркі тілдері, осы тілдерде өлең жазады. Алтын адам - 1970 ж. басында Есік қорғанында - сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Алтын адам - Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 - 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған. Алтын адам - Қазақстанның азаттық символына айналды. Айша бибі кесенесі - ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938-1939 жылдары А.Н. Бернштам бастаған Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы зерттеген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар сызық жүргізілген. Солардың біріндегі "күз, бұлттар, дөңгеленген дүние..." деген сөздер жазылған. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болды. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталды. Мұғалім: Айша бибі туралы аңыз. Қарахан мен Айша Түркістанда кездесіп, бірін-бірі бір көргеннен-ақ ұнатады. Ғашықтар бас қосып, өмірлік серік болуға да уағдаласқан. Алайда, жаугершілік заманда дұшпандарымен соғысып жүрген Қарахан уәделескен күні Айшаға келе алмапты. Күте-күте төзімі таусылған қалыңдық Таразға Қараханның артынан өзі күтуші әйелімен бірге іздеп барған екен. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң-тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріскен. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша-бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған ол, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Алайда, оның ұйқысын даланың улы жыланы шағып шырт бұзды. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша-бибі дереу Қараханға хабар бергізіпті. Хан тәуіптері мен молдасын алып дереу жеткенде, ару қыз ісіп-кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін сол жерде қиғызады. Содан кейін ол қалыңдығын қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айғайлапты. Тестті орындайық 1 минут беремін. Ал енді парақтарымызды жұппен ауысайық, тақтадан тесттің кілті арқылы тексерейік, ұпайларын топ басшысына айтыңыз. М: Үстелдің үстінде шеңберде берілген тақырып бойынша керекті сөздерді ақылдасып шеңберге енгізу керек, осы тапсырманы топ басшысы шығып, интербелсенді тақтада орындайды. Балалар, лимон ағашына 2 тілек, 1 пікір жазыңыз, ал топ басшылары жалпы ұпайларды санасын. М: топ басшыларының қорытындысын тыңдайық. Оқушының аты-жөні Сұрақ құру - 1 ұпай Сұраққа жауап беру - 2 ұпай Сөзжұмбақ шешу - 1 ұпай Постер қорғау: Өз ойын айту - 1 ұпай Қорғау - 2 ұпай Интерактивті тақтамен жұмыс 1 ұпайдан Тест 1 ұпайдан Барлығы Бағасы 1.







2.







3.







4.







5.







19-23 ұпай - «5» 15-18 ұпай - «4» 10-14 ұпай - «3» 0-9 ұпай - «2»











Бағалау: 5,4,3,2.





Сабақты ұранмен аяқтау: Бүгін маған керек емес ертегі, Ертегіні өз басымда шертеді. Тарих керек іргетасы халықтың, Іргетассыз қаланбайды ертеңі.















































Сабақтың уақытпен өтуін белгілеу
  1. Топқа бөлу - 2 мин
  2. Үй жұмысын тексеру - 5 мин
  3. Сөзжұмбақ шешу - 2 мин
  4. Презентация көрсету - 2 мин
  5. Сабақтың мақсатын қою - 1 мин
  6. Мәтін оқу Инсерт - 3 мин
  7. Сөздікпен жұмыс - 2 мин
  8. Жетекші сұрақ қою - 2 мин
  9. Сергіту сәті - 1 мин
  10. Қосымша дерекпен жұмыс, постер қорғау - 10 мин
  11. Аңыз айтып беру «Айша бибі туралы» -1 мин
  12. Тест - 3 мин
  13. АКТ тақтамен жұмыс ( 4 шеңбер ) - 4 мин
  14. Алдымызға қойған мақсатқа оралу- 1 мин
  15. «Екі тілек, бір пікір» - 1 мин
  16. Бағалау - 2 мин
  17. Ұран сабақты бекіту - 1 мин
© 2010-2022